Айсин Жаппас Ілиясұлы

Облыстың денсаулық саласына ерекше еңбек сіңірген жандардың бірі - дәрігер Жаппас Ілиясұлы 1935 жылы 27 наурызда Меңдіқара ауданы Татьяновка селосында дүниеге келген. Меңдіғара өңірінің түлегі Қостанайдағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттан қанаттанды.

1959 жылы Қарағанды медицина институтын тәмамдаған соң ол жолдамамен сол кездегі Октябрь аудандық ауруханасында он жеті жыл бойы бас дәрігер болып қызмет атқарды. Жаппас Ілиясұлы медицинадағы ең бір қиын да жауыпты сала - оташылықты таңдады.

1977 жылы Қостанайдағы теміржол ауруханасының басшылығына ауысты. Ал 1983 ж. бастап аттай жиырма жыл бойы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін мінсіз атқарды. Сол мінсіз еңбегінің жемісіндей оған республика денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қостанай қаласының құрметті азаматы (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері құрметті атақтары берілді.

В верх

Ақтанов Қали Қабдұлұлы(1924 - 2005)

Қостанай облысы Қарасу ауданы Елтай ауылында дүниеге келген. 1942 ж. Урицкий аудандық әскери комитетінің шақыртуымен әскер қатарына алынып, Златоуст әскери пулеметшілер училищесіне жіберіледі.

1943 ж. көкек айында кіші лейтенант лауазымымен Ленинград майданына жіберілді. Ленинградты қоршаудан боса-туға, Прибалтиканы, Польшаны, Венгрияны, Чехословакияны азат етуге қатысты. Соғысты Германияда пулеметшілер ротасының командирі лауазымында аяқтады.

1945 ж. тамызы және желтоқсаны айлары аралығында Қытай халықтық азат ету армиясының құрамында болды. 1961 ж. қаңтарынан 1978 ж. ақпа-нына дейін Қостанай қаласының әскери комиссары болды.
І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және ме-дальдармен марапатталған.

В верх

Алдамжар Зұлхарнай Алдамжарұлы (1937-2005)

1937 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ау-даны Сарайшық кентінде дүниеге келген. 1962 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазір Х. Дос-мұхамедов ат. университет) тарих факультетін үздік бітіріп шығып, кейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы лауазымдарында қызмет етті. 1967 - 1970 жж. аралығында Қаз КСР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында білімін жетілдірді. 1980-1989 жж. аралығында Атырау педагогикалық институтында ғы-лыми жұмыстарының проректоры болды. 1989 ж. 28 сәуірінде конкурстық негізде Қостанай педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Зұлхарнай Алдамжарұлы 1992 ж. Қостанай педагогикалық институтына Қостанай мемлекеттік университеті мәртебесінің берілуіне және оның кейінірек Ахмет Байтұрсыновтың атымен аталуына қол жеткізді. 2001 ж. мамыр айынан бастап Қостанай әлеуметтік академиясының ұйымдастырушысы және президенті міндетін орындауға кірісті.

«Парасат» орденімен, медальдармен, ерекше белгілермен, құрмет грамоталарымен марапатталған. 1993 ж. оған Техас (АҚШ) штатының құрметті азаматы атағы берілді. 2005 ж. қарашасында қайтыс болды.

В верх

Афанасьев Василий Сафронович (1923 - 1988)

Қостанай обл. Қостанай ауд. Затобол кентінде туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай автожасағында электрші болып жұмыс істеген. 1943 ж. наурызында әскерге шақырылады. Алғашқы шайқасқа 1943 ж. маусымында Курск доғасында қатысты. Одан кейін Степной, Воронежский және Бірінші Украин майдандарында соғысты. Василий Степановичтің полкі 1943 ж. қыркүйегінде гвардиялық атаққа ие болды. Жеңісті Прагада қарсы алды. 235 гвардиялық танкке қарсы артиллериялық атқыштар полкінің зеңбірек то-бының командирі В. С. Афанасьевке соғыста көрсеткен ерлігі және батыр-лығы үшін Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1945 ж. 10 сәуірдегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары № 18 қолөнер училищесінің тәрбиешісі қызметінде, Қостанай ет комбинатының және «Стройтест-2» ҚЖБ кадрлар бөлімінде еңбек етті. 1964 - 1984 жж. аралығында Қостанай облысы ІІБ қызметте болып, ішкі істер бөлімінің жас мамандарына отансүйгіштік тәрбие беруге белсене қатысты.

В верх

Базанов Андрей Илларионович (1903 - 1989)

Мәскеу облысы Шимаиха деревнясында туған. Мәскеу жұмысшылар факультетінің екі курсын (1925 ж), қызыл профессуралар үшін кадрлар дайындау институтын, Ташкент қ. (1933 ж) соғыс кезінің бағдарламасы бойынша жоғарғы әскери-педагогика институтын бітірген. Қостанайда «Знание» қоғамының лекторы, қалалық комитеттің нұсқаушысы, Қостанай медицина техникумінің бірінші директоры (1929-1933 жж.), облыстық партия және кеңес жұмыскерлерін дайын-дау курстарының жауапты хатшысы қызметтерін (1968-1974 жж.) атқарды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Отан соғысының үш орденімен марапат-талған.

В верх

Баязид Жолбарыс

1934 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Меңдіқара ау-даны Лоба ауылында туған. 1948 жылы жеті жылдық Үлгілі мектебін бітірді. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1956 жылы аяқтап шықты. «Жас алаш», («Лениншіл жас»), «Жаңа өмір», «Қостанай таңы» газеттерінде жұмыс істеді. 1982 жылдан 1986 жылға дейін Қостанай облысы мәдениет басқармасы жүйесінде қызмет атқарды. Осы жылдары ол облыс ақындарын дайындауда елеулі шығармашылық жұмыстар істеді. 1982 - 1994 жж. аралы-ғында Б. Майлин ат. облыстық әдебиет бірлестігінде қазақ поэзиясы бөлімін басқарды. Облыстық халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығында және мәдени ағарту жұмыстарында қызмет істеген жылдары екі тілде жазылған облыстың ең үздік мәдени ағарту мекемелері мен көркемөнер ұйымдарының тәжірибелерімен таныстырған отыздан астам бүктемелер мен плакаттар шығарылды. Ж. Баязид өлең жазуды студенттік жылдардан бастады. Ақын қаламынан дастандар, балладалар және басқа да ақындық шығар-малар өмірге келді.
Жолбарыс Баязид - Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

В верх

Беда Леонид Игнатьевич(1920 - 1976)

Қостанай обл. Ленин ауд. (қазіргі Ұзынкөл ауд.) Ново-Покровка ауылында дүниеге келген. Орал мұғалімдер институтын және аэроклубты (1940 ж.) бір мезгілде аяқтап шықты. 1940 ж. тамызында Орынбор авиация училищесіне түсіп, оны бітіргеннен кейін 1942 ж. тамызында майданға жіберілді. Кеңестік Белоруссия мен Кенигсбергті азат етуге елеулі үлес қосып, Сталинградтық 75 гвардиялық авиациялық атқыштар полкінің құрамында соғысты. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Леонид Игнатьевичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 ж. 26 қазандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және 1945 ж. 29 маусымында ол бұл атаққа екінші мәрте ие болды. Соғыстан кейін Әскери-әуе академиясын (1950 ж.) және Басштаб академиясын (1957 ж.) бітірді.

Қызыл Ту орденімен, Ленин, Александар Невский, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1976 ж. 26 желтоқсанында қызметтік міндетін атқару барысында апатқа ұшырады. Қостанайдың және Гродненский облысының Лида қаласының көшелеріне, Минск қаласындағы даңғылға, Харьков қаласындағы мектепке батырдың есімі берілген.

В верх

Бәкіров Самат Смағұлұлы(1925 - 2005)

Павлодар облысы Павлодар ауданы Ерік ауылында дү-ниеге келген. Павлодар педагогикалық училищесінің екі курсын аяқтағаннан кейін Павлодар обл. Ермаков ауд. Құркөл ТОМ мұғалім болып жұмыс істеді. 1942 ж. күзінде Қызыл Армия қатарына шақырылды. Семей қаласын Тамбов жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін майданға аттанды. 1946 жылдың қарашасында Павлодар ҚКП ҚК милиция органына жұмысқа жіберілді. Қызметін Павлодар қаласын милиция бө-лімінде инспектор лауазымынан бастап, Қостанай облысы ІІБ бастығы лауа-зымымен аяқтады.

І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы үздік қызметі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «1941-1945 жж. ҰОС жеңісінің 20 жылдығы», «Кеңес милициясының 50 жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің 50 жылдығы», «Үздік қызметі үшін» медальдарымен, ҚазКСР ҚК Құрмет грамотасымен, «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен ма-рапатталған.

В верх

Бородин Андрей Михайлович (1912 - 1984)

Курск губерниясы Львов ауд. Сафонов ауылында туған. Курск мал-дәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін Қоста-най облысына жұмысқа жіберіледі (1932 ж.). 1945 - 1956 жж. аралығында Қазақстан КП ОК аппаратында қызмет істеді. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын аяқтады (1951 ж.). ҚазКСР ауыл шаруашылығы және дайындау ми-нистрлігінің бірінші орынбасары, кейін Қаз КСР бойынша КСРО дайындау министрінің өкілі болып жұмыс істеді. 1956 жылы Ақмола облыстық партия комитетінің бірінші хатшы-сы болып тағайындалды. 1957 - 1958 жылдар аралығында ауыл шаруашы-лығы министрі, Мемжоспар төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1959 - 1981 жылдар аралығында Қостанай облыстық партия комитетінің басшылығында болды. Қостанай облысы осы кезеңде екі мәрте Ленин орденімен марапат-талды.
Ұзақ жылғы және адал қызметі үшін Андрей Михайлович бес рет Ленин орденімен, І дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Польша Халық Республикасының «Вертути и милитарии» күміс кресімен және ме-дальдармен марапатталған.

В верх

Брусник Дмитрий Яковлевич

1924 жылы 5 қарашада Қостанай облысы Урицкий (қа-зіргі Сарыкөл) ауданы Аннов ауылында туған. Еңбек жолын Аннов ауылдық кеңесінің хатшысы лауазымынан бастады. Майданға 1942 жылдың тамызында шақырылды. Орталық майдан жүргізген шайқастарға миномет бөлімшесінің коман-дирі болып қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босатылды. 1947 жылдан бастап партия жұмыстарында болды. 1970 жы-лы Қостанай облыстық кәсіподағының төрағалығына та-ғайындалып, осы жерде 1986 жылға дейін қызмет істеді. 1986 жылы «ҚР ар-дагерлер ұйымының» Қостанай облыстық бөлімін басқару тапсырылды. Об-лыстық ардагерлер ұйымының төрағасы міндетін атқару барысында оны ны-ғайту және дамыту бағыттарында қыруар жұмыстар істеді. Ол облыста және облыс орталығында бірінші ардагерлер ұйымын құрудың, «Ардагер» қоры-ның пайда болуы мен қызметін ұйымдастырудың ұйытқысы болды.
ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы орден-дерімен және 18 медальмен марапатталды. Урицкий және Алтынсарин аудан-дарының ауылшаруашылығын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін «ҚР ауыл-шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.

В верх

Бугаев Иван Михайлович

1924 жылы 5 ақпанда Чернигов облысы Бобровский ау-даны Кобыжчи ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың күзі-нен 1943 жылдың 5 қарашасы аралығында әскер қатарында болды. Днепр өзенінен өту кезінде ауыр жараланады. Әскер қатарынан босатылғаннан кейін 1944 жылдың сәуірі мен қа-заны аралығында Киев қ. Украина ОСБ-ында оқып, кейін Тернополь облысында КСРО Мемжоспар ОСБ-ында аудан-дық инспектор болып жұмыс істеді. Денсаулығына байла-нысты 1946 жылдың қазанында Алматыға көшіп келіп, заң институтын бі-тіреді.
1951-1986 жж. аралығында Қостанай қаласының сот жүйесі орган-дарында қызмет істейді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Иван Михайлович Қостанай қоғамдық тамақтану тресінде заңгер-кеңесші, «Правовед» жеке қорғаушылар кеңсесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
І дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, 15 соғыс және еңбек медальдарымен марапатталған.
Жоғары дәрежеде жүргізген сот төрелігі мен сот істеріндегі сапалы жұмыстары үшін оған 1970 жылдың 3 тамызында «Қаз КСР еңбек сіңірген заңгері» құрметті атағы берілді.

В верх

Быковский Валерий Фёдорович

1934 жылы 2 тамызда Мәскеу облысы Павловский Посад қаласында туған. Мәскеу аэроклубын, ұшқыштардың Качин-ский әскери авиациялық училищесін (1955 ж.), Н. Е. Жуков-ский ат. әскери-әуе инженерлер академиясын (1968 ж.) біті-реді. 1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. Алғашқы ға-рышкерлік ұшуы «Восток-5» кораблінде 1963 жылы маусым-ның 14 -19 аралығында болды. Екінші рет 1976 жылдың 15-23 қыркүйегі аралығында В. В. Аксеновпен бірге«Союз-22» кораблінің экипаж командирі ретінде ғарышқа көтерілді. 1979 жылдың 26 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында ГДР азаматы ғарышкер З. Йенмен бірге «Союз-31» кораблінде кезекті ғарышқа көтерілуі болды. Валерий Фёдорович - КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, техника ғылымының кандидаты, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры.
Үш рет Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендері-мен, К. Э. Циолковский ат. алтын медальмен марапатталған. Бұлардан басқа шетелдің де Лаво медалімен (ФАИ), «Ерекшелігі үшін» алтын медалімен және Швеция Корольдік аэроклубының құрметті дипломымен марапатталған. Оған БХР Социалистік Еңбек Ері, ВСР Еңбек Ері, ГДР Батыры атағы беріл-ген. Ол Калуга, Ржев, Целиноград, Бургас және Варно (Болгария), Серадз (Польша) қалаларының құрметті азаматы болып табылады.

В верх

Великанов Валентин Евгеньевич

1911 жылы Екатеринбургте туған. Еңбек жолын қырлау фабрикасында зергер-құрастырушы қызметінен бастаған. Ұжымдастыру кезеңінде жиырма бес мыңдықтардың қата-рында Орал облысының деревняларының біріне жұмысқа жіберіледі. Аудандық ұжымшарлардың егіншілік одағының нұсқаушысы, ұжымшар төрағасы, МТС директорының кө-мекшісі (1927-1937 жж.) болды. 1937 жылдан 1941 жылға дейін КСРО Кеңестік халық комитеті қарамағындағы Орал аумақтық мемлекеттік материалдар қорында жауапты қыз-метте, 1942 жылдан Свердлов облысы Туринск МТС саяси бөлімінің бас-шысы болды. Тың және тыңайған жерлерді игергенге дейін Валентин Ев-геньевич партия және кеңес жұмыстарында болды. 1954 жылдан оның тағдыры Қостанай облысымен байланысты дамыды. Ол Қостанай облыстық партия комитетінің кеңшарлар бөлімінің меңгерушісі, Еңбеккерлер депутат-тары қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1965 жылы Целиноград қаласына жұмысқа ауыстырылды. Кейін Свердловск қаласына қоныс аудар-ды.
Еңбек Қызыл Ту және Отан соғысы ордендерімен, медальдармен, Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

В верх

Виноградов Павел Владимирович

1971 жылы Мәскеу авиация институтына түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шықты. С.П. Королев ат. «Энергия» ғарыштық-авиациялық бірлестігінде инженер болып жұмыс істеді. 1992 және 1994 жылдар аралығында Гагарин ат. ғарышкерлер ор-талығында ғарышқа ұшу бойынша дайындықтан өтті.
Бірінші рет ғарышқа 1997 жылы кеменің бортинженері ретінде ұшты. Кейін Павел Виноградов «Союз ТМА-8» кеме-сінің және Халықаралық ғарыш станциясының 13-ші ұзақ мерзімді экипажы-ның командирі ретінде дайындықтан өтті. Кеме 2006 жылдың 30 наурызында ғарышқа көтерілді.
Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, 13ші ұзақ мерзімді экипа-жының дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапатталған.

В верх

Волынов Борис Валентинович

1934 жылы Иркутск қаласында туған. Сталинград әскери авиация училищесін (1956 ж.) бітіргеннен кейін Кеңес Ар-миясының авиация бөлімдерінде қызмет етті. 1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. Н. Е. Жуковский ат. әскери-әуе инженерлер академиясын (1968 ж.) аяқтап шықты. 1969 жыл-дың 15-18 қаңтарында топ командирі ретінде А. С. Елисеев және Е. В. Хруновпен бірге «Союз-5» ғарыш кемесінде көкке көтеріліп, өзінің экипаж мүшелерін ашық ғарыш кеңістігіне шығару арқылы В. С. Шаталовпен біріге отырып «Союз-4» және «Союз-5» кемелерін жақындастыруды және түйістіруді тәжірибеден өт-кізді. 6 шілде мен 24 тамыз аралығында В. М. Жолобпен бірге «Союз-21» ғарыш кемесінде және «Салют-5» орбиталық станциясында кеме командирі ретінде екінші мәрте ғарышқа ұшты. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, екі мәр-те Кеңестер Одағының Батыры.
Екі рет Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен ма-рапатталған. Оған К. Э. Циолковский ат. алтын медаль мен В. И. Комаров ат. Құрмет дипломы тапсырылған.

В верх

Ворошилин Геннадий Иванович

1937 жылы 9 сәуірде Харьков қаласында туған. 1961 жылы Қарағанды медициналық институтын емдеу ісі маман-дығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін оны Қостанай қала-лық ауруханасына дәрігер-хирург ретінде жұмысқа жібереді.
1971 жылы қала емханаларының хирургия қызметінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1977 жылдан проктоло-гия бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан қалалық аурухана-ның хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1997 жылдан «Гиппократ» емдеу-диагностика орталығында хирургия бөлімінің меңгерушісі.
1971 - 1997 жылдар аралығында қаланың штаттан тыс бас хирургі болды.
1984 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісімен марапатталды.

В верх

Ғайсенова Римма Ғабдолақызы

1945 жылы 22 тамызда Қарасу ауданы Қарасу кентінде туған. Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогика институтын (1967 ж.) орта мектептің физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби ат. Шымкент мәдени педагоги-ка институтын мәдени ағартушы қызметкері және клуб жұ-мыстарының әдіскері-ұйымдастырушысы мамандығы бойын-ша (1984 ж.) бітіріп шықты. Римма Ғабдолақызының мәдени-ет саласындағы қызмет кезеңі облыстың мәдени өміріндегі жарқын сәттеріне сәйкес келді. Ол басқарған «Текстильщик» мәдениет са-райының қызметі республика көлеміндегі ең үздіктердің қатарында болып, дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Жетекшінің және тәлім-гердің кәсіби білімі, дарыны өз бағасын тауып, оған 1988 жылы облыстық мәдениет басқармасын басқару тапсырылды.
Римма Ғабдолақызы ұзақ жылғы және адал қызметі үшін БККО «Кәсіп-одақтардың мәдени ағарту мекемелеріндегі үздік қызметі үшін», «Астана» ескерткіш медалімен, «Ерен Еңбегі үшін» медалімен, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен және көптеген грамоталармен, дипломдармен марапат-талды.

В верх

Глазков Юрий Николаевич

1936 жылы 2 қазанда Мәскеу қаласында туған. № 623 мектептің жеті сыныбын бітіргеннен кейін Суворов училище-сіне түседі де, 1957 жылы Харьков жоғарғы авиациялық ин-женерлік училищесінің курсанты болып шығады. 1965 жыл-дан ғарышкерлер тобының құрамына енеді. 1977 жылдың 7-25 ақпаны аралығында В. В. Горбаткомен бірге «Союз-24» ғарыш кемесінде және «Салют-5» орбиталық станциясында бортинженер ретінде ғарышқа ұшты. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, Кеңестер Одағының Батыры, техника ғылымдары-ның кандидаты.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. К. Э. Циолковский ат. алтын медаль мен В. И. Комаров ат. Құрмет дипломы тапсырылған. Терек, Гагарин, Жезқазған, Познань (Польша) қалаларының құрметті азаматы бо-лып табылады.

В верх

Головченко Василий Евстафьевич (1921 - 1990)

Шығыс Қазақстан обл. Зайсан қ. дүниеге келген. Алматы жаяу әскер училищесін бітіріп, 1941 ж. қарашасында 338-ші атқыштар дивизиясының құрамында майданға келіп түсті. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Василий Евстафьевичке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 ж. 24 наурызындағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Қостанай облыстық әскери комитетінің әскери комиссары болып жұ-мыс істеген.
«Қызыл Жұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

В верх

Горбатко Виктор Васильевич

1934 жылы 3 желтоқсанда Краснодар өлкесінің Венцы-Заря кентінде туған. Батай әскери авиациялық училищесін аяқтағаннан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. 1969 жыл-дың 12-17 қазаны аралығында А. В. Филипченко және В. Н. Волковпен бірге инженер-зерттеуші ретінде алғашқы ғарыш-тық сапарына аттанды. 1977 жылдың 7-25 ақпаны аралы-ғында Ю. Н. Глазковпен бірге «Союз-24» кемесінің коман-дирі ретінде екінші рет ғарышқа сапар шекті. 1980 жылдың 23-31 шілде ара-лығында вьетнам ғарышкері Фам Туанмен бірге «Союз-37» ғарыш кемесінде және «Салют-6» орбиталық станциясында кеме командирі ретінде өзінің үшінші ғарыштық сапарына аттанды. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры, авиация генерал-майоры.
Үш рет Ленин орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, медальдармен, соның ішінде К. Э. Циолковский ат. алтын медальмен марапатталған. МХР Батыры және ВСР Еңбек Ері атағы берілген. Калуга, Гагарин, Краснодар, Го-рячий Ключ, Армавир, Апшеронск, Қарағанды, Арқалық, Тирасполь, Терек, Смолян және Сливен (Болгария), Чойбалсан (Монғолстан) қалаларының құр-метті азаматы.

В верх

Горшунова Ирина Фирсовна

1911 жылы Қостанай қаласында туған. Еңбек жолын 1931 жылы Ленин ат. баспаханада теруші болып бастады. 1945 жылдан 1967 жылға дейін техникалық жетекші, «Ста-лин жолы» («Ленинский путь») және «Коммунизм таңы» газет баспаларының меңгерушісі, баспахананың баспа және теру цехтарының шебері болып жұмыс істеді. 1953 жылы Қостанай қалалық партия комитетіне қарасты партияның кешкі мектебін бітірді.
Баспахана саласындағы ұзақ жылғы және адал қызметі үшін Ленин орденімен, медальдармен, құрмет грамоталары-мен марапатталған. Оған «Еңбек ардагері» атағы берілді.

В верх

Громченко Николай Владимирович (1939 - 1995)

Одесса облысы Одесса ауданында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын құйма тастар шығаратын зауытта жұмыскер болып бастады. 1958-1961 жылдар аралы-ғында Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеп қайт-ты. 1961 жылдан Рудный қ. 1-ТББЗ электр жөндеуші, кейін КИПиА цехінің бастығы болып қызмет атқарды. Николай Владимировичтің еңбек жолының көп мерзімі Қостанай те-мірбетонды бұйымдар зауытымен тығыз байланысты болды. Ол Қала кәсіпорындары директорлары кеңесінің төрағасы, Халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты, қалалық мәслихаттың депу-таты болып сайланды. Медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

В верх

Дәуенов Михаил Жүсіпұлы

1943 ж. 5 желтоқсанында Астрахан обл. Володар ауд. Лебяжье а. туған. Генерал-майор, ҰҚК құрметті қызметкері.
1968 жылы Гурьев мемлекеттік университетін бітіреді.
1972 жылы КСРО МҚК жоғарғы оқу орнын, 2004 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітіреді.
КСРО МҚК – ҚР ҰҚК органдарында қызмет етті (1970-2002), Гурьев облысындағы МҚКБ аға оперативтік уәкілі (1972-1979), 5 бөлімнің бөлім бастығы, Маңғышылақ облысын-дағы Қазақ КСР МҚКБ бастығының орынбасары (1979-1985), Қостанай об-лысындағы Қазақ КСР МҚКБ бастығының орынбасары (1985), Қызылорда об-лысындағы МҚКБ бастығы (1990), Қостанай облысындағы МҚКБ бастығы (1992),  ҰҚК БДД бас инспекторы, аға кеңесшісі (1998), А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Құқық институтының директоры, Халықаралық информатизация акаде-миясының академигі. 2002 жылдан бастап «Құқықтық Қазақстан» азаматтық қозғалысы Қостанай филиалының төрағасы.

В верх

Дорофеева Дора Павловна (1900 - 1993)

Қостанай қ. туған. Гимназияны аяқтағаннан кейін туған қаласында мұғалім және «Повстанец» газетінің редакторы болып жұмыс істеді.
1920 жылы саяси қызметкер ретінде Қызыл Армияға жұмысқа жіберілді. Әскерден босатылғаннан кейін 1921 жылы Қостанай губерниясы комитетінің мүшесі ретінде қабылданып, губернияның әйелдермен жұмыс бөлімінің мең-герушісі болып тағайындалады.
1928 жылдан Халықтық әділет комиссариаты алқасының мүшесі, прокурордың көмекшісі және Қаз КСР прокурорының орынбасары болып қызмет істейді. Оқуды аяқтаған соң Дора Павловна РКФСР проку-ратурлық басқармасына қарасты мекемеде прокурор, ал 1935 жылы Красно-дар өлкесінің өлкелік прокуратурасының орынбасары болып қызмет істеді.
Зейнеткерлік демалысына шыққанға дейін Қостанай облыстық сауда мекемесінде заңгер-кеңесші болып жұмыс істеді (1946-1957 жж.).

В верх

Досанов Сәбит Аймұханұлы

1940 жылы Торғай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-верситетінің журналистика факультетін аяқтағаннан кейін ҚазКСР Мемлекеттік теледидар және радиохабарлар комите-тінде редактор, «Жазушы» баспасында проза бөлімінің ре-дакторы болып жұмыс істеді.
Сәбит Досанов - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М. Шоло-хов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, бірнеше көркем шығармалардың авторы. «Тау жолы», «Екінші өмір» романдары жақын және алыс шетелдердің тілдеріне аударылған.
Ол С. Мұқановтан кейінгі қазақ әдебиеті тарихында барлық әдебиет жанрына қалам тартқан екінші жазушы болып табылады.
Жазушы қазақ мәдениетін шетелдерге жоғары дәрежеде көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар республиканың қоғамдық өміріне де белсене атсалы-сады.
Сәбит Досанов Дунду (Ангола) және Арқалық қалаларының, ШҚО Ақсуат ауданының және Қостанай облысы Амангелді ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профес-соры.

В верх

Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы

1943 жылы 15 қыркүйекте Ұзынкөл ауданы Ленин ат. ауылда дүниеге келген. Механизатор, Социалистік Еңбек Ері (1975), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). 1980 жылы Қазақстан совзоз-техникумын бітіріп шықты. 1961 - 1967 жж. аралығында «Каменск-Уральский» кеңшар-ында жұмысшы, 1967 - 1990 жж. аралығында Меңдіқара ау-данының «Харьков» кеңшарында механизатор болып жұмыс істеді. Жұмыстарын өте жоғары сапада орындай отырып, ол еңбек өнімділігі бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. КП 26 съезінде сөз сөйлеп, әйелдерді техниканы игеруге, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға шақырды. Республика көлемінде және одан тыс жерлерден көптеген әйелдер оның ша-қыруына қолдау көрсетті.
Кәмшат Байғазықызы КОКП 25, 26, 27 съездеріне депутат, КОКП Ор-талық Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. Облыс және рес-публика ауылшаруашылығының дамуына елеулі үлес қосты.
Екі рет Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен және медальдар-мен марапатталған.

В верх

Есмұратов Сәбит Борисұлы

1949 жылдың 2 қазанында туған. Ғалым, агроном, эко-номист, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жоғарғы мектептің Халықаралық ғылымдар академиясының, Халық-аралық ақпараттандыру және Халықаралық аграрлық білім беру академиясының академигі. Қостанай ауыл шаруашы-лығы институтын (1971) және В. Вильямс ат. Қазақ ҒЗИ аспирантурасын бітіріп, 1971 - 1986 жж. аралығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Қостанай ауыл шаруашылығы институтында (1986) агрономия факультетінің доценті, Қостанай ауыл шаруашылығы институтында (1986) оқу ісі бойынша проректор, «Кустанайское» ҒӨБ бас директоры (1991 - 1992), Қостанай ауыл шаруашылығы институтының рек-торы (1992 - 2000) болып жұмыс істеді. М. Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті (2000 ж.). Халық-аралық аграрлық білім беру академиясының Қостанайдағы бөлімінің президенті.
100-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы.

В верх

Әлжапаров Қазбек Қалиұлы (1923-2013)
1923 жылы 28 желтоқсанда Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливанов ауылында туған. Сегіз жылдық мектепті бітіргеннен кейін ОСАВИАХИМ Орджоникидзе аудандық Кеңесінің химиялық және әуе шабуылынан қорғаныс жүй-есінде командир-нұсқаушы болып істеді. 1942 ж. маусы-мында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Орталық, Батыс және үшінші Белорус майданы әскерлері құрамында соғыс жылдарын басынан өткізді. Мәскеу түбіндегі шайқастарға, Калининск, Смоленск, Витебск облыстарын, Прибалтиканы, Шығыс Прус-сияны азат етуге қатысты. Жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алды.
Әскер қатарынан босатылғаннан кейін АЖПМ бітіреді. Орджоникидзе аудандық комитетінің, Қостанай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Введенский, Орджоникидзе, Меңдіқара аудандық партия комитеттерінің 2 хатшысы, Торғай аудандық атқару комитетінің төрағасы болып және пар-тияның басқа да жауапты орындарында жұмыс істеді.
«Наш след в истории: воспоминания и размышления» атты кітабының авторы.
Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Полковник әскери шені берілген. 2004 жылы Белорусияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуінің 60 жыл-дығына арналған шараға, 2005 жылы Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысып қайтты. 2010 жылы Астанадағы Жеңіс шеруіне қатысты.
Соғыстағы және еңбектегі ерліктері үшін І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығының мерейтой медалі», «Қазақстан теміржолына 100 жыл» және басқа да үкімет медаль-дарымен марапатталды.
В верх

Жақсыбергенова Маркиза Жарковна

1947 жылдың тамыз айында Қостанай облысында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қостанай педагогика инсти-тутын (1965 - 1969 жж.) және ауылшаруашылығы инсти-тутын (1985 - 1988 жж.) аяқтап екі жоғарғы білім алып шықты. Оның барлық еңбек жолы Қостанай қаласымен бай-ланысты. Ол 11 жылдан астам халыққа білім беру саласында және екі жылдан астам уақыт қалалық әлеуметтік қамтама-сыз ету бөлімінде жұмыс істеді. 1984 - 2008 жылға дейін аталған ретте Қостанай қалалық атқару комитетінің хатшысы, қалалық әкім-шілік аппаратының жетекшісі, қала әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарып келді.

В верх

Жанібеков Шангерей Жанібекұлы

1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы № 24 ауылда дүниеге келген. Фельдшерлік мектепті бітірген соң 1942 жылы қыркүйекте армияға алынып, 261-ші атқыштар дивизиясының 978-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия шайқаста-рына қатысты. 1947 жылдың маусымында армия қатарынан босатылғаннан кейін Қостанай ауданы еңбеккерлерінің де-путаттар кеңесі атқару комитеті денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Қостанай облыстық партия комитеті бөлімі меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы қызметтерін атқарды. КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітіргеннен кейін облыстық партия ко-митеті аппаратында жұмысын жалғастырды. 1959 жылы Рудный қалпар-комның екінші хатшысы, қалаткомның төрағасы болып сайланады. 1963-1975 жж. - Қостанай қалпаркомның бірінші хатшысы, 1975-1976 жж. - об-паркомның екінші хатшысы, 1976-1985 жж. - ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1985-1993 жж. аралығында шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени байланыс жасау жөніндегі респуб-ликалық қоғамның жетекшісі болды.
ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қазан төңкерісі», «Халықтар достығы» ор-дендерімен, төрт рет «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендерімен және ме-дальдармен марапатталған.

В верх

Жүнісов Мағауя Жүнісұлы

1919 жылы 11 ақпанда Қостанай облысы Меңдіқара ау-даны Әділбай ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысу-шы. Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, КСРО денсау-лық сақтау саласының үздігі. КОКП ОК жанындағы ЖПМ жә-не Мәскеу тарихи-мұрағаттану институтын бітірген. Аға нұс-қаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1975-1983 жыл-дары Қостанай облыстық атқару комитеті қалалық кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1957-1987 жылдары Мағауия Жүнісұлы Қостанай қалалық кеңесінің депутаты.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

В верх

Зәкіров Қамалбек Зәкірұлы (1917-2009)

1917 жылы 23 ақпанда Федоров ауданы Ержан ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ұлы Отан соғысынан кейін Камалбек Закирович өз өмірін педагогикалық қызметке арнады. Алдымен ауыл мектебінде мұғалім, кейін мектеп ди-ректоры, 1956 жылдан облыстық мұғалімдердің білімін же-тілдіру институтының қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1960 - 1974 жылға дейін оның директоры болып істеді. Институт Қамалбек Зәкірұлы басқарған жыл-дары ХШЖК күміс медалімен, КСРО және ҚазКСР Білім министрліктерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қамалбек Зәкірұлы бірнеше мәрте мемлекеттік сыйлықтарға ие болған. «Өтіп жатыр бұл өмір армандаған...» (2006 ж.) естелік кітабын жазып қал-дырды.

В верх

Зинченко Фёдор Матвеевич

1902 жылы шаруа отбасында туған. Бастауыш шіркеу мектебін бітірген. Полковник, Кеңес Одағының Батыры. Ле-нинград жаяу әскер мектебін бітіріп, өз тағдырын Кеңес Армиясымен байланыстырды. Ұлы Отан соғысына қатысу-шы. 150-ші дивизияның 756-ші атқыштар полкінің командирі. Полктің жеке құрамы 151-ші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлерінен жинақталып, Қостанай қаласында 1941 жылдың аяғында 1942 жылдың басында құрылды. Аталған полктің әскерлері рейхстаг ғимаратына алғашқы болып кіріп, оның күмбезіне 1945 ж. 30 сәуірінде Жеңіс Туын қадады. Рейхстагтың ке-ңестік коменданты. 1953 жылы рейхстаг шабуылының батыры құрметті де-малысына шығып, УКСР Черкассы қаласында қоныс аударды. 25 жыл бойы автомобиль мектебінде сабақ беріп, жастар арасында әскери-отан-сүйгіштік тәрбие жұмыстарын жүргізді.

В верх

Золотых Юрий Иванович

1937 жылы туған. Қазақ КСР «Еңбек сіңірген құрылыс-шысы».
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен және 7 медальмен марапат-талған.
Армения мен Шығыс Қазақстандағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге барған Қостанай-лық құрылысшылар отрядына басшылық етті.
Құрметті азамат атағы 2012 жылдың тамызында берілді.

В верх

Иванов Иван Данилович (1922 - 2005)

Урицкий ауданы Аннов ауылында шаруа отбасында ту-ған. 1940 жылы 10 сыныпты бітіргеннен кейін Ленинград авиация техникалық училищесіне қабылданады. 1941 жыл-дың тамызында оқуды жеделдете аяқтап, 2-ші атқыштар ави-ация полкіне авиация технигі ретінде жіберіледі. Кейін Брянск, Екінші Белорус майданына 378-ші жеке байланыс авиация эскадрилиясына ауыстырылады. 1944 жылдан ұш-қыш болып қызмет істеді. Әскер қатарынан босағаннан кейін 1947 жылдың сәуір айынан бастап облыс аудандарының ша-руашылық, партия және кәсіподақ жұмыстарында болды. 1986 жылдан Қала-лық ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Память» комиссиясының төрағасы. 1989 жылы Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қостанайлықтардың «Память» кітабын шыға-руға бастамашы болды.
Иван Данилович «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен Еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

В верх

Исмагилова Шарафа Галлиевна(1911 - 1990)

Қостанай қ. туған. К. И. Тимирязев атындағы Башқұр педагогикалық институтын бітірді. Топоринскі педагогика-лық техникумында (Башқұр АКСР, 1933-1935 жж.) және Қостанай медицина техникумында (1935-1941 жж.) химия және биологоия пәндерінен мұғалім болып жұмыс істеді. 1941 жылдан 1966 жылға дейін Қостанай мұғалімдер инс-титутында және Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектебінде еңбек етті.
Ленин орденімен, «Қаз КСР халық ағарту ісінің үздігі» құрмет белгісімен, Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының құрмет гра-мотасымен марапатталған. Оның есімі одақтың облыстық комитетінің және облыстық халыққа білім берудің Құрмет кітабына енгізілген.

В верх

Исмағұлов Нариман Ғазизұлы(1925 - 2010)

Семей қаласында туған. Алматы медицина институтын бітірген (1945 ж.). 1945 - 1951 жылдар аралығында Торғай аудандық аурухананың меңгерушісі болды. 1951 жылы Қос-танай қаласында санитарлық авиацияның бортхирургі, Ле-нин атындағы облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хи-рургі болып істеді. Нариман Ғазизұлының басшылығымен 1961 жылы хирургтардың ғылыми қоғамдығы және емдеу-алдын алу мекемелерінде бірнеше арнайы хирургиялық бө-лімдер ұйымдастырылды.
Адал еңбегі үшін оған «ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы және Социалистік Еңбек Ері (1969 ж.) атағы берілді. Екі мәрте Ленин ор-денімен және медальдармен марапатталған.

В верх

Каляпина Феодосия Фёдоровна(1896 - 1986)

Қостанай қ. туған. Гимназияны бітіргеннен кейін 1917-1925 жылдар аралығында Қостанай уезінің ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеді. Фельдшерлік курсты және Мәскеу медицина институтын бітірген. Туған қаласына оралғаннан кейін Қостанай медицина училищесінде дәріс берді. 1954-1956 жылдар аралығында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істеді. 1986 жылыңда қайтыс болды.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, «Денсау-лық сақтау ісінің үздігі» құрмет белгісімен марапатталған. 1956 жылы «Қаз КСР еңбек сіңірген дәрігері» атағы берілді.

В верх

Кемешев Нұрқан Кемешұлы(1930-2002)

1930 жылы 15 қаңтарда Торғай облысы арқалық ауданы Шилі кентінде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік универси-тетінің тарих факультетін (1954 ж.) және Мәскеу қ. Жоғарғы партия мектебін (1967 ж.) бітірген.
Еңбек жолын Амангелді орта мектебінде бала оқытудан бастады (1954 - 1955 жж.). 1955 жылдан 1977 жылдар аралы-ғында комсомол және партия жұмыстарында болды. 1977 жылдан 1992 жыл аралығында аталған ретте Қостанай облы-сы баспа істері басқармасының басшысы, полиграфия және кітап саудасы басшысы, «Полиграфия» ӨБ бас директоры, кадрлар бөлімінің инспекторы, «Полиграфия» ӨБ аудармашысы қызметтерін атқарды. Нұрқан Кемешұлы қызмет істеген жылдары сегіз типтік типография және газет редакциясының ғимараты іске қосылды. Ол «Қостанай» газетін шығаруға бастама жасаған-дардың бірі болды. Оның жетекшілігімен облыстың барлық газеттерінің оф-сеттік баспа негізінде бір орталықтан шығарылуы қамтамасыз етілді.
1992 - 1997 жж. аралығында қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі болды.
Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

В верх

Ким Антон Григорьевич

Ким Антон Григорьевич 1946 жылы 9 шілдеде Қызыл-орда облысы Калинин атындағы ұжымшарда туған. Қоста-най қ. 1959 жылдан тұрып келеді. 60-шы жылдардың басын-да бүкілодақтық және халықаралық жарыстарда қаланың және облыстың намысын бірнеше мәрте қорғады. 1966 ж. Антон Григорьевич жаттықтырушылық-оқытушылық жұ-мысқа ауысты. Қостанай қ. № 4 БЖСМ, облыстық БЖСМ, облыстық БЖСМ бокс бөлімінде жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында ол 28 спорт шеберін және 1 халықаралық дәрежедегі спорт ше-берін дайындап шығарды. Олардың арасынан КСРО чемпионатының қола жүлдегері - Сергей Лобырёвті, КСРО чемпионатының финалисі - Рамс Кари-мовты, Қазақстан Республикасы боксының чемпиондары - Әнуар Алғожин-ды, Мірболат Көбжасаровты, 2004 жылғы Азия чемпионы - Самат Башенов-ты атап көрсетуге болады.
Антон Григорьевичке 1986 жылы «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы-сы» атағы берілді.

В верх

Корнев Василий Евсеевич

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында Васильев ауылында туған. Мемлекеттік қызметкер. 1973 ж. Рудный қ. Қаз ПТИ бөлімін, 1986 ж. АВПШ, 1996 ж. РФ Президенті жа-нындағы Басқару академиясының аспирантурасын бітірген.
1963, 1966-1967 жылдар аралығында ССТБК жөндеу зауытында жөндеуші, ауысымның аға шебері, электровоз ма-шинисінің көмекшісі, 1977-1979 жылдары ССТБК теміржол көлігі басқармасы электровоз цехі басшысының көмекшісі және басшысы, 1979-1987 жылдары Қазақстан КП Рудный қалкомының 2-ші хатшысы, 1985-1987 жылдары Рудный халық депутаттары кеңесі атқару ко-митетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1987 жылы Лисаков қалкомының, 1988-1990 жылдары Қазақстан КП Қостанай қалкомының 1-ші хатшысы, 1987-1988 жылдары Қазақстан КП Қостанай обкомы экономика бөлімінің меңгерушісі, 1990-1992 жылдары Қостанай халық депутаттары қалалық кеңе-сінің төрағасы қызметтерін атқарды.
1992-1995 жылдары Қостанай қ. әкімшілігінің басшысы, 1995-1998 жыл-дары Қостанай қ. әкімі қызметтерін атқарды.
«Құрмет белгісі» орденімен және медальмен марапатталған.

В верх

Корчагин Семён Гаврилович(1900 - 1992)

Қостанай уезі Жуков ауылында туған. 1919 жылы атау-лы мамандық беру училищесін, 1932 жылы мұғалімдер инс-титутының бағдарламасы бойынша курс бітірген. 1921-1922 жылдары Қостанай губерниялық әскери комитетінің аралық орнында, өз ауылында ашыққандарға көмек көрсететін коми-тетте жұмыс істеді. 1926 жылдан облыстың білім беру жүйе-сіне жұмысқа ауысты. Қостанай қаласына көшіп келгеннен кейін математика пәнінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгеруші-сі, Н. К. Крупская атындағы, «Октябрьдің 20 жылдығы», С. М. Киров ат. мектептердің директоры, қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ұстаз еңбегі Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, ме-дальдармен және «Қаз КСР еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағымен аталып өтті.

В верх

Қабдысалықов Марат Қабдылсалықұлы

1969 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы Ульяновск ау-данында туған. 1984 - 1987 жж. индустриальды педагоги-калық техникумда оқыды. 1997 ж. жеке кәсіпкер болып еңбек етеді. 1999 ж. «Айя» кафесінің жанынан соғыс ардагерлерінің «Ардагер» клубын ұйымдастырып, мереке кездерінде Ұлы Отан соғысына қатысқандарға салтанатты қабылдаулар өткі-зіп, естелік сыйлықтар тапсырады, көмек күткен ардагерлер мен жетім балаларға материалдық жәрдем жасап тұрады. 2001 ж. 21 қаңтарынан «Ардагер» клубының негізінде ардагерлерге нақты көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының еш жерінде жоқ, «Ұлы Отан соғы-сына қатысушылар мен мүгедектерге арналған «АТА» қоғамдық қорын ашты.
2000 ж. Марат Қабдылсалықұлы Қостанай қ. әкімінің грамотасымен, 2004 ж. «ҚР ардагерлер ұйымы» облыстық бөлімінің грамотасымен марапат-талды. 2005 жылдың мамырында Жеңістің 60 жылдық мерекесіне арналған шараларды өткізуге көрсеткен көмегі үшін Қостанай қ. әкімінің алғыс хаты тапсырылды.

В верх

Қайырбеков Ғафу(1928 - 1994)

Торғай облысында туған. Ақын, халық жазушысы (1992 ж.). Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық тұтыну одағы, мектеп, комсомол саласында еңбек етті. Абай ат. қазақ пе-дагогика институтын (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ) бітірді.
1952 - 1968 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік бас-пасының поэзия бөліміне жетекшілік жасап, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспа-сында поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқар-ды. 1968 - 1973 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағының поэзия бөлімін басқарды.
1973 - 1989 жж. аралығында «Жұлдыз» журналының редакторының орынбасары болды.
Алғашқы өлеңдер жинағы 1952 ж. жарыққа шығып, одан кейін «Таулар сөйлейді» (1960 ж.), «Арал әуендері» (1961 ж.), «Жерасты жұлдыздары» (1965 ж.), «Алтын бесік» (1969 ж.), «Қанатты жылдар» (1973 ж.) жинақтары басылып шықты. «Жұлдызды тағдырлар» кітабы үшін ақын Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
«Халықтар достығы» орденімен және бірнеше медальдармен марапат-талған.

В верх

Қожамқұлов Серәлі(1896 - 1979)

Шұбар болысы (кейін Қостанай обл. Қарабалық ауд.) Қараадыр жерінде (№ 13 ауыл) дүниеге келген. Троицк қала-сында (1913 ж.) татар мектебінде, Торғайда қазақ мектебінде (1916 ж.), Орынбор қаласында татар халықтық-ағартушылық институтында оқыған (1922 ж.). Сахнаға деген сүйіспеншілік Серәлі Қожамқұловтың бойында 1919 ж. қызыл партизан Ә. Жангелдиннің жасағының қатарында жүргенде пайда болды. Дарынды біртуар жас жаңадан ашылған қазақ драма театры-на шақырылады. Ұзақ жылғы шығармашылық өмірінде ол жүзден астам түрлі мінезді рөлдерді сомдады. Аталған еңбектері үшін «Қаз КСР халық әртісі» (1936 ж.) және Социалистік Еңбек Ері (1976 ж.), КСРО мемлекеттік сыйлығы («Абай» спектакліндегі Майбасар бейнесін сомдағаны үшін, 1952 ж.), Қаз КСР мемлекеттік сыйлығы («Ленин 1918 жылдары» спектакліндегі Коробов рөлі үшін, 1970 ж.) сыйлықтарымен марапатталды.
Актер екі мәрте Ленин орденімен, «Қазан төңкерісі», «Еңбек Қызыл Ту», ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдар-мен марапатталған.

В верх

Қозыбаев Манаш Қабашұлы (1931 - 2002)

Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Тазкөл ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесін өте жақсы бағаға бітіріп шығады.
1953 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-верситетін аяқтайды. Еңбек жолын Қостанай педагогика инс-титутында аға оқытушы қызметінен бастады (1953 - 1958 жж.). Дарынды жас ғалым Қазақстан КП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөліміне жұмысқа шақырылады. Аға ғылыми қызметкер лауазымынан тарих ғылымдарының докторы, профессор лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті. Оның Қазақ-стан тарихы және тарихнамасы еңбектері ғылыми қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланды. Тарих ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін ол «Қаз КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері» (1986 ж.) атағымен марапатталды.
1988 ж. Манаш Қабашұлы Ш. Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институтын басқарды. Ғалым Қазақстан тарихының негізгі мәселелерін зерт-теудің жаңа жолдарын жасап шығарды. Бұлардан басқа ол республика мек-тептері мен ЖОО үшін тарих пәнінің оқулықтарын дайындауға, егемен Қа-зақстанның Конституциясын дайындауға қатысты. Ғалым Ш. Уәлиханов ат. сыйлықтың (1970 ж.), Президенттік әлем және рухани келісімі сыйлығының (1997 ж.), ҚР мемлекеттік сыйлығының (1995 ж.) лауреаты.
«Парасат» орденімен марапатталған (2001 ж.).

В верх

Макотченко Василий Семёнович(1921-2007)

1921 жылы 4 ақпанда Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливанов ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Шымкент таукен-металлургия техникумын (1941 ж.), Магни-тогорск педагогика институтының тарих факультетін (1948 ж.) бітірген.
1943 - 1964 жылдар аралығында Ливанов және Үлкен Чу-раков мектептерінің, Ы. Алтынсарин ат. Меңдіқара педагоги-калық училищесінің директоры болып істеді.
1964-1989 жылдары Қостанай педагогика институтының саяси тарих ка-федрасының меңгерушісі. 1989 жылдан А.Байтұрсынов ат. ҚМУ саясаттану, жаңа және жаңа кезең тарихы кафедрасының меңгерушісі. Университеттегі қызмет барысында өзін білікті маман ретінде көрсетіп, ғылыми-зерттеу жұ-мыстарын жемісті жүргізе білді.
ІІІ дәрежелі Даңқ (1947 ж.), І дәрежелі Отан соғысы (1985 ж.), «Құрмет» ордендерімен және Ы.Алтынсарин ат. медальмен марапатталған.
1987 жылы «ҚазКСР жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді. 2007 жылдың сәуірінде дүниеден өтті.

В верх

Малшыбаева Көпей Абдрахманқызы

Әулиекөл ауданы Москалев ауылында 1940 жылы туған. ҚР еңбек сіңірген дәрігері, КСРО денсаулық сақтау озаты.
1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Науырызым ауданында бала-лар дәрігері болудан бастаған. Одан кейін облыстық ауруха-наның дәрігер-ординаторы, 1974 жылы Қостанай қалалық ба-лалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, кейін 17 жыл бойы осы қызмет орнының бас дәрігері болған. Ол кісінің басшылығымен аурухана алдыңғы қатарлы емдеу орындары-ның біріне айналды. Осы жылдар аралығында сәбилердің шетінеуі 1000 адамға шаққанда 40-тан 17-ге дейін төмендеді және балалардың жұқпалы ауруларына қатысты жүргізілетін емдеу жұмыстары жүйеге келтірілді. Об-лыста алғаш рет денсаулықты қалпына келтіру бөлімі ашылды. Мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру, аурудың алдын алу тексеруле-рін жүйелі түрде өткізіп тұру қамтамасыз етіліп, облыстық балалар ауруха-насы жанынан типтік үлгідегі жұқпалы аурулар бөлімі іске қосылды.
Ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Көпей Абдрахманқызы кәсі-би қызыметімен қатар қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрді. Төрт рет қалалық кеңестің депутаты, он екі рет «Балалар қоры» қоғамдық қозғалысы-ның жетекшісі болып сайланды. 1999 жылы Көпей Абдрахманқызы Парла-мент Мәжілісіне сайлауға түсті. Зейнеткерлікке шыққанына қарамастан қо-ғамдық жұмыстардан қол үзген емес. Ол Іскер әйелдер қауымдастығы мен облыс әкімшілігі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат комис-сиясының мүшесі.
«Астана» медалінің иегері.

В верх

Матвиенко Владимир Петрович

1949 жылы 3 тамызда Қостанай облысы Меңдіқара ау-даны Степанов ауылында туған. Еңбек жолын 1967 жылы об-лыстық Спорттық қоғамдастықтар мен ұйымдар одағы кеңе-сінде (қазіргі Облспортбасқармасы) ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметінен бастады. 1971 жылы Қостанай об-лыстық жастар спорт мектебіне (қазіргі ҚОБЖОРМ ММ) грек-рим күресі бойынша жаттықтырушы болып ауысты.
1972 жылы КСРО Спорт комитеті оған грек-рим күресі-нің спорт шебері атағын берді. Владимир Петрович 30 жылдан астам «Қос-танай облыстық балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мек-тебі» ММ грек-рим күресі бөлімінде аға жаттықтырушы-тәлімгер болып жұ-мыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол 45 спорт шеберін, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 1 ҚР еңбегі сіңген спорт шеберін дайындап шы-ғарды. Оның оқушылары Қазақстан Республикасының, Азия және әлем чем-пионаттарының жүлдегерлері және чемпиондары болып табылады. 1988 - 1992 жж. аралығында КСРО жастар құрамасына жаттықтырушы ретінде ша-қыру алды. 1996 ж. Атланта қ. (АҚШ) өтетін олимпиадаға дайындау үшін ҚР ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болып тағайындалды.
«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚР спортының құрметті қайрат-кері» атақтары берілген. «Астана» (1998 ж.) және «Ерен еңбегі үшін» (2006 ж.) медальдарымен марапатталған.

В верх

Медведев Святослав Александрович

1941 жылы 29 наурызда Қостанай қ. туған. 1963 жылы Орал орман шаруашылығы институтын бітірді. Еңбек жолын Амазарск орман - көлік шаруашылығында бас инженер қыз-метінен бастады (1963-1964 жж.). Қазақ теміржолы Қостанай бөлімінде инженер болып істеді, Қостанай қалалық комсо-мол комитетінің І хатшысы болды, содан соң Қостанай об-лыстық комсомол комитетінің І хатшысы болды. Түрлі жыл-дары Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО халық депутаты, Қазақстан КП және КОКП ОК мүше болып сайланды. 1977 жыл-дың сәуірінде Боровской ауаткомның төрағасы жұмысына жіберіліп, екі жылдан кейін Қарасу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады.
1985 жылдың шілдесінде Қазақстан КП ОК партия істері және ұйым-дастыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырылып, осы жерден 1986 жылдың қарашасында Жамбыл облысына облаткомның төрағасы қызметіне тағайындалады. 1989 жылдың сәуірінен Солтүстік Қазақстан облыстық пар-тия комитетінің бірінші хатшысы.
1992 жылдың ақпанында ҚР Экология және биоресурстар министр-лігінің министрі болып тағайындалды. Каспий теңізінің экологиялық мәселе-лері бойынша жасаған халықаралық бағдарламасы үшін оған Халықаралық экология академиясының корреспондент-мүшесі атағы берілді.
1995 жылдың қазаны мен 1998 жылдың қаңтары аралығында мемлекет-тік бақылаушы ретінде ауылшаруашылығы мәселелерімен айналысты. 1998 жылдың қаңтарында өзінің сұрануы бойынша Қостанай қ. жіберіліп, Қос-танай облысы мұрағат қызметін басқарды.
Ол Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және ме-дальдармен марапатталды. Ленин комсомолының жоғарғы сыйлығы болған «БЖОЛК-нің құрмет белгісін» алған санаулы қостанайлықтардың бірі болды.

В верх

Мәуленов Сырбай(1922 - 1993)

Торғай обл. Жангелді ауд. Торғай кентінде туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Майдангердің ерен еңбегі «Ерлігі үшін» және «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен аталып өткен.
1943 - 1950 жж. Қостанай облыстық радио комитетінің редакторы болды.
1951 - 1955 жылдары Қазақ мемлекеттік әдебиет баспа-сының редакторы болып жұмыс істеді.
1957 - 1977 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің және «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторының орынбасары, бас редакторы болды. Әдебиет қауымы өкілдері-нің және оқырмандардың жоғары бағасын алған қырықтан астам поэзиялық жинақтар мен публицистикалық кітаптардың, көркем очерктердің, аударма-лардың авторы. Сырбай Мәуленовтың «Жұлдызды әндер» (1963 ж.), «Қызыл арша» (1969 ж.), «Сәуір жаңбыры» (1972 ж.), «Шық» (1976 ж.), «Жалын» (1979 ж.), «Жаңбырсыз күз» (1980 ж.), «Нұр» (1981 ж.), «Жұлдызды жүрек» (1985 ж.), «Жыр кітабы» (1994 ж.), «Өлеңім - өмірім менің» (1996 ж.) кітап-тары қазақ поэзиясын жаңа тақырыптармен толықтырып, қазақ өлеңдерінің сыршылдық мүмкіндіктерін кеңейте түсті. Ақын лирикасы азаматтылығы-мен, терең ойымен, сырлылығымен, тақырып ауқымдылығымен ерекшелене-ді.
Сырбай Мәуленовтің қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесі «Құрмет белгісі» (1959 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» (1972 ж.), «Халықтар достығы» (1982 ж.) ордендерімен, А. Фадеев ат. күміс медальмен (1990 ж.) аталып өтті.
Қаз КСР Төралқасының 1990 ж. 16 тамыздағы Жарлығымен оған «ҚазКСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді. Алматы, Арқалық, Қы-зылорда, Қостанай қалаларының көшелері және оның туған ауылының мек-тебі мен Қостанай қаласының № 24 мектебі ақынның есімімен аталған.

В верх

Мирошниченко Александр Викторович(1964-2003)

1964 жылы 26 сәуірде Қостанай қ. туған. Алғаш рет ол 1979 жылы мектеп оқушылар арасында өткен Бүкілодақтық жарыста жеңімпаз атанып, КСРО-ның бокстан жасөспірімдер құрамасына қабылданғанда көзге түсті. Осы жетістігі үшін оған КСРО спорт шебері атағы берілді. 1981 - 1982 жылдар аралығында КСРО жастар құрамасы сапында жүріп, Польша, ГДР, Чехословакия, Индонезия, Болгария, Италия және Вен-грияда өткен бокстан халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды. 1983 жылы КСРО-ның ең мықты боксшыларының жарысында бірінші орынды жеңіп алып, еліміздің негізгі құрамасының қатарына қабылданды. КСРО құрамасының сапында ол Варн қ. өткен Еуропа чемпионатында және Рим қ. өткен Әлем кубогы жарысында үшінші орынды жеңіп алды. КСРО және АҚШ боксшыларының командалық кездесулерінің төрт дүркін жеңім-пазы. 1986 жылы оған халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. 1986 жылы Сеул қ. өткен олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері және Еуропа чемпионы (ГФР, Ганновер қ.) болды. 1989 - 1993 жылдар аралығында кәсіби рингте өнер көрсетті. Спорттық жолын 1994 жылы тоқтатты.
Спортқа сіңірген еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» (1989 ж.) медалімен марапатталып, «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. 2002 жылдың қыркүйегінен апат болған күніне дейін А. Байтұрсынов ат. ҚМУ шығыс жекпежегі кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Қостанай қ. бір көшесі және бокс мектебі боксшының есімімен аталған.

В верх

Мудров Иван Александрович(1916 - 2003)

Тобыл губерниясында туған. Омбы қ. жеті жылдық мек-тепті бітіреді. Еңбек жолын 1933 жылы Омбы қ. «Трактор-деталь» зауытында металл жонушы болып бастады. 1936-1937 жылдар аралығында Ульяновск қ. ұшқыштар-нұсқау-шылар мектебінің курсанты болды. Мектепті бітіргеннен кейін Иван Александрович Тюмень қ. ұшқыш-нұсқаушы, от-ряд командирі, аэроклубтың жазғы оқыту бөлімінің басшысы болып істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Иван Александро-вич Батыс майданында жеке байланыс эскадрилия бөлімі бөлімшесінің командирі болды. Кейін Батыс, Калининск және Ленинград майдандарында 215-ші авиадивизия басқармасының бөлімше командирі бол-ды. 1943-1945 жылдары И. А. Мудров Брянск, І Украин майдандарында, ор-талық әскер тобында жеке байланыс эскадрилия бөлімі командирінің орынба-сары кейін командирі болып істеді. 1948 жылы капитан шенінде және Авиа-корпус басқармасы авиаотрядының командирі лауазымымен штаттардың қысқаруына байланысты Кеңес армиясы қатарынан босатылды. 1948 жылы АӘФ жұмысқа тұрып, Қостанай қ. авиабөлімшесі командирі қызметіне жібе-ріледі. 1951 жылы Қостанай қ. арнайы қолданыстағы авиация бөлімінің ко-мандирі болып тағайындалды. 1952 жылы Қостанай қ. аэропорты мен авиа-бөлімінің бірлескен авиабөлімінің командирі болып жұмыс істеді. 1961 жыл-дан Қалалық кеңестің депутаты болып сайланды. Қостанай авиакәсіпорнын дамытуға белсенді үлес қосты.
Қызыл Жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте «Еңбек Қы-зыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен және медаль-дармен марапатталды.

В верх

Нездойменко Любовь Васильевна

1923 жылы 26 шілдеде Қостанай қаласында туған. 1973 жылы Любовь Васильевна Қаз. КСР өнеркәсібінің еңбек сі-ңірген қызметкері. Ұлы Отан соғысы майданындағы қатар-дағы әскерлерге киім дайындаудың тігінші-моторшысы, нор-малаушы. Технолог, кейін өндіріс бөлімінің басшысы, «Боль-шевичка» фабрикасының директоры. Любовь Васильевна республика өндірісінің дамуына зор үлес қосты.
1988 жылы Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің мү-шесі.
Ленин орденімен 2 рет, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 2 рет, «Құрмет белгісі» орденімен 1 рет және медальдармен марапатталған.

В верх

Неровный Владимир Самсонович(1920-2009)

1920 жылы 25 шілдеде Қостанай ауданы Рыспай ауы-лында туған. Қостанай мұғалімдер институтын (1954 ж.), КОКП ОК Жоғарғы партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Садчиков МТС есепшісінің көмекшісі болып бастады. Ұзақ жылдар комсомол және партия жұмыстарында болды. 1960 жылдың қаңтарынан № 2 автотранспорт басқармасының, 1965 жылдың желтоқсанынан құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін қоғамдық көлік басқармасын басқарды. Вла-димир Самсонович еңбек еткен ұзақ жылдар ішінде Қостанай облысының жүк және жолаушы тасу жүйесінің жетілуіне және дамуына елеулі үлес қос-ты.
Ленин орденімен (1957 ж.), «Қазан төңкерісі» (1971 ж.), «Құрмет белгі-сі» (1966 ж.) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

В верх

Орынтаев Сағындық Мұқашұлы

1936 жылы 7 ақпанда туған. Орталау мектепті бітіргеннен кейін Қостанай ауылшаруашылығы техникумының зоотехни-калық бөліміне оқуға түседі. Техникумды аяқтаған соң 4 жыл бойы бөлімше зоотехнигі болып жұмыс істеді. 1960 жылы К. А. Тимирязев ат. Мәскеу ауылшаруашылық академиясына тү-седі. 60-шы жылдардың басында қазіргі кездегі республикаға белгілі қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлермен бірге не-гізгі мақсаты қазақ тілін, ұлттық әдетғұрыпты, салт-дәстүрді үйрену болып табылатын «Жас тұлпар» ұлттық қоғамын ұйымдастыруға қатысады. Қоста-най облысында түрлі салаларда еңбек етті.
Аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, мемле-кеттік асыл тұқымды мал өсіру станциясының директоры қызметтерін ат-қарды.
Ұзақ жылдар бойы облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің жауапты қызметкері болды.

В верх

Өмірзақов Елубай (1899 - 1974)

Қазіргі кездегі Қостанай обл. Таран ауд. № 21 ауылда кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ауылдық мек-тептің екінші сыныбын бітіргеннен кейін Елубайды әкесі байға жалшылыққа береді. 1923 ж. оны Орынбор қаласына жібереді. Бұл жерде көркем-өнерпаздар үйірмесіне қатыса жүріп, ол педагогикалық институтта курстан өтеді. Үйірме-нің белсенді және қабілетті мүшесі ретінде көзге түскен Елу-байды енді ғана ұйымдастырылған Қазақ драма театрына ша-қырады. Осылайша ол актерлік жолға түседі. Киноға түседі. Елубай өзінің шығармашылыққа толы елу жылдай өмірін театрға арнады. Өмірзақовтың актерлік шеберлігінің ерекшелігі - өткір мінезділік, тез әсерленушілік, мими-ка, дене қимылы, қозғалыс байлығы болып табылады.
Елубай Өмірзақов Ленин және басқа ордендермен, сондайақ медальдар-мен марапатталған.

В верх

Парадович Александр Иосифович(1920 - 2001)

Читинская обл. Могайтуйский ауд. Бурятская ст. шаруа отбасында туған. Еңбек жолын Иркутск обл. Нижнеуинск қа-ласында аудандық байланыс кеңсесінің кассирі болып бас-тады. 1941 ж. сәуірінде Кеңес Армиясы қатарына шақы-рылды. 1941 ж. қарашасынан соғысқа кіріскен армия қата-рында. Үшінші Украин майданында 41-ші жеке барлау рота-сын басқарды. Днепрден өту барысында неміс-фашистері басқыншыларына қарсы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Төралқасының 1944 ж. 22 сәуірдегі Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары Александр Иосифович партия және шаруашылық ұйымдарында жұмыс істеп, облыстың жолаушы тасымалдау саласын дамытуға көп күш-қайрат жұмсады.
Соғыстағы асқан ерлігі мен ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жылдарындағы ерен еңбегі үшін, тың және тыңайған жерлерді көтерудегі көрсеткен еңбектері үшін ол В.И.Ленин, Отан соғысы орден-дерімен, Америка кресімен, сондайақ басқа да әскери және еңбек медаль-дарымен марапатталған.

В верх

Подоляков Михаил Иванович

1925 жылы 16 қарашада Қостанай облысы Қостанай ау-даны Половников ауылында туған. 1942 ж. мектепті бітір-геннен кейін өз еркімен майданға аттанды. Солтүстік-Батыс, Воронежск, Орталық, Далалық, Екінші Украин майданда-рында соғысты. Танкист. Курск және Корсунь-Шевченко ша-раларына қатысты. 1948 ж. әскер қатарынан босағаннан кейін Қостанай облыстық статистика басқармасына жұмысқа орна-ласып, осы жерде 40 жылдан астам еңбек етті. Мәскеу Бүкіл-одақтық заңгерлік сырттай оқу институтын «Құқықтану» мамандығы бойын-ша және Целиноград ауылшаруашылығы институтының сырттай оқу бөлімін «Бухгалтерлік есеп бойынша экономист» мамандығы бойынша бітіріп шық-ты. Статистика қызметінің ардагері. Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін 1992 - 1997 жж. аралығында облыстық статистика басқармасында заң-гер болып істеді. 2000 жылдан қалалық ардагерлер кеңесін басқарады.
І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет», екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және 12 медальмен марапатталған.

В верх

Полтавец Нина Гавриловна

1932 жылдың 5 қазанында Қостанай облысының Рязанов ауылында туған. Социалистік Еңбек Ері (1978), ҚазКСР білім беру ісінің үздігі. Меңдіқара педучилищесін бастауыш сы-ныптар мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығады (1952). Мұғалім, № 12 мектептің партия ұйымының хатшысы (1963 ж.). Қазақстан Компартиясы Қостанай қалалық комитетінің мүшесі болып сайланды. Қазақстан Компартиясының облыс-тық атқару комитеті және облыстық комитеті жанындағы ха-лыққа білім беру комиссиясының мүшесі болды. Қалалық Кеңестің депутаты болып сайланып, депутаттық топтың төрағасы болып істеді. Бүкілодақтық мұғалімдер съезіне (1978), Қазақстан Компартиясының 5 съезіне (1980) депу-тат болып сайланып, ҚазКСР ЖК Төралқасының мүшесі болды (1980).

В верх

Рубинштейн Бертран Иосифович

Еңбек Қызыл Ту орденімен (1971), Ленин орденімен (1978) марапат-талған.
1923 жылы 18 тамызда Түркімен астанасы Ашхабад қа-ласында туған. 1940 жылы мектепті үздік бағаға бітіріп, Мәс-кеу теміржол көлігі инженерлері институтына (МТИИ) емти-хансыз қабылданады. Қостанай жолдарының болашақтағы басшысына оқу қиынға соққан жоқ. Көлік институты студент-терінің әскерге бармауға толық мүмкіндіктері болғандарына қарамастан, өз еркімен майданға аттанды.
Бертран Иосифович алғашқы шайқасқа Вязьма қаласын-да кірісті. Майданда ауыр жарақаттануы және контузия алуына байланысты қысқа мерзімге демалыс алып Новосибирск қаласына келеді де, осы жерде институттың (МТИИ) екінші курсы үшін шұғыл түрде емтихандарды тап-сырып шығады. Осыдан кейін майдангер Рубинштейн Ленинск-Кузнецк пу-леметшілер училищесін бітіреді де, сібірліктердің 150-ші ерікті атқыштар ди-визиясының құрамында қайтадан майдан даласына аттанды. Қырғын шайқас-тың бел ортасында жүріп Белорус, Прибалтика, Шығыс Пруссия жерлерін азат етуге және Квантун армиясын талқандауға қатысты.
Оның ерен еңбегі «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Жоғарғы Бас қолбасшы-ның алғыстарымен аталып өтілді. Институтты 1950 ж. үздік бағаға бітіріп шығып, Ақмола қаласына келіп жұмысқа орналасады да, осы жерде он жыл бойы қызмет істейді.
1960 ж. бастап Бертран Иосифовичтің тағдыры Қостанай қаласымен бай-ланысты болды. Қостанай жолдары бөлімінің басшысы ретінде ол 1960 - 1993 жылдар аралығында отыз үш жыл бойы тапжылмастан еңбек етеді.
Бертран Иосифович Қазақстан көлік саласының еңбегі сіңген қызмет-кері, Құрметті теміржолшы, КСРО құрметті доноры, КСРО Министрлер Ке-ңесі сыйлығының лауреты. Отыздан астам ордендермен және медальдармен марапатталған.

В верх

Рыдченко Владимир Васильевич

Қостанай облысының Урицкий ауданы (қазіргі Сарыкөл) Урицкий (қазіргі Сарыкөл) кентінде дүниеге келген. 1971 жылы Ленинград мәдениет институтының халық аспаптары факультетін бітіріп шығып, кейін халық аспаптары оркестрі-нің дирижері болып жұмыс істейді.
Еңбек жолын 1971 жылы Семей халық шығармашылығы үйінде жетекші болып бастайды. 1975 жылы Қостанай халық шығармашылығы үйінде директор болып жұмыс істейді. 1976 - 2009 жылға дейін Е. Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармония-ның директоры болды.
ҚР Музыка қайраткерлері одағының мүшесі.
«Ауыл мәдениетіне қолдау көрсету ісінің үздігі» белгісімен (1988), «Ас-тана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңның 50 жылдығы» (2004) медальдарымен марапатталған.

В верх

Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы

Кенжеғали Әбенұлы Жангелді ауданы Аққөль ауылда 18 ақпан 1938 жылы туған. Ғалым-экономист, экономика ғы-лымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Нью-Йорк ҰҒА академик-мүшесі, ҚР ҒА ЖМ және ХҒА ЖМ ака-демигі, Пәкістан ҒА мүшесі. Ғылыми жетістіктері үшін Кем-бридж университеті (Ұлыбритания, 1992) Халықаралық био-графиялық орталығының шешімімен оған «Жыл адамы» ата-ғы берілді. Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – мате-риалдық-техникалық қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігі.
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтардың иегері, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтың иегері.
Соңғы қызметі - IV шақырылған ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. Көптеген кі-таптар мен 180-нен астам ғылыми жұмыстардың авторы.

В верх

Сатыбалдин Сағындық Сатыбалдыұлы

1937 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Әуликөл ау-даны «Жангелді» ұжымшарында (қазіргі С. Баймағамбетов ат. кеңшар) туған. С. Киров ат. Қазақ мемлекеттік универси-тетін бітірген (1960 ж.). Экономист, экономика ғылымдары-ның докторы (1979 ж.), профессор, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі (1995 ж.), ҚР АША академигі (1995 ж.), МАИ ака-демигі (1996 ж.), «Еуразия» ХЭА академигі (1997 ж.). Жо-ғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін комсомол комитеті хат-шысының көмекшісі, хатшысы, ҚазМУ аға оқытушысы (1960 - 1963 жж.), АХШИ деканының орынбасары (1963 - 1965 жж.), АХШИ есеп және экономика факультеті деканының орынбасары, деканы, кафедра меңгерушісі (1968 - 1977 жж.), АХШИ кафедра меңгерушісі (1979 - 1983 жж.), Қазақстан ҒА СОПС хатшысының бірінші орынбасары, Орал педагоги-калық институтының ректоры (1985 - 1989 жж.), Қазақстан ҒА Экономика институты директорының орынбасары (1989 - 1993 жж.), Қазақстан ҒА Жо-ғары білікті ғылыми қызметкерлер дайындау орталығы вице-президентінің орынбасары (1993 ж.), 1993 ж. сәуірінен атқарушы директордың бірінші орынбасары, 1998 ж. қыркүйегінен атқарушы директор, 2000 жылдың сәуірі-нен ҚР жанындағы КИМЭП әкімшілік мәселелері бойынша вице-президент қызметтерін атқарғын. Ломоносов ат. ММУ аспиранты (1965 - 1968 жж.) және докторанты (1977 - 1979 жж.). 1997 жылдың қаңтарынан «Қазақстан-Ресей» достық қоғамының төрағасы, 1997 ж. мамырынан «Еуразия» Халық-аралық экономика академиясының президенті. Қазақстан ғылымы мен техни-касының еңбек сіңірген қайраткері.
Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің екі Құрмет грамотасымен және екі медалі-мен марапатталған.

В верх

Сейтаев Сейтжапар Сейтаевич (1925 - 2001)

Қостанай облысы Жітіқара қаласында туған. 1943 жылы ақпан айында әскерге шақырылып, Тюмень қаласындағы әс-кери училищенің курсанты ретінде қабылданады. 1943 жыл-дың жазында Мәскеу облысы Киржач қ. жасақталып, 1944 жылы атқыштар полкі болып қайта құрылған әскери-десант-тық бригадаға жіберіледі. Осы полк құрамында Сейтжапар Сейтаевич Венгрия және Австрия жерлерін азат етуге өз үлесін қосты. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін комсо-мол және партия жұмыстарында болып, Қостанай обатком ІІБ саяси-тәрбие жұмыстары бөлімінің (1969 - 1978 жж.) және қалалық азық-түлік саудасының басшысы болды (1978 - 1986 жж.). Құрметті еңбек демалы-сында бола тұрып қалалық ардагерлер кеңесінің жұмысына және қалалық «Боздақтар» ескерткіш кітабын жарыққа шығаруға белсене қатысты.
Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік қызметі үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

В верх

Семёнова Вера Григорьевна

1942 жылы 3 шілдеде Қостанай облысы Орджоникидзе ауданы Антонов ауылында туған. Еңбек жолын Есенқұл жеті жылдық мектебінде математика пәнінің оқытушысы болып бастады. 1960 жылы Қостанай педагогика институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін ұзақ жылдар бойы комсомол жұмыс-тарында болды. 1975 жылы Қазақстан КП Қостанай қалалық партия комитетінің хатшысы болып сайланады. КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін үздік бағаға бітіріп шы-ғады (1976 ж.). 1981-1984 жж. аралығында облысты киноландыру басқарма-сы басшысының орынбасары болып істеді. 1984 жылдың тамызынан Қоста-най коператив техникумын басқарды. 1990 жылдың қаңтарында Қалалық де-путаттар кеңесі төрағасының орынбасары, 1992 жылдың наурызында төраға-сы болып сайланды. 1993 жылдың желтоқсанында Қостанай қалалық әкімші-лігі басшысының орынбасары, 1994 жылдың наурызында облыстық мәсли-хаттың хатшысы қызметіне тағайындалды.
«Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі», Құрмет» ордендерімен және ме-дальдармен, Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

В верх

Сәрсекеев Қоғабай Сәтенұлы

1939 жылы 1 сәуірде Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Тор-ғай ауылында туған. Ы. Алтынсарин мектебінің түлегі. 1963 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факуль-тетін бітірген соң, республикалық «Қазақстан пионері», «Со-циалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақ кітап» бірлестігінің бас редакторы, Қа-зақстан кітап таратушылар ассоциациясының президенті қызметтерін ат-қарған. «Сақ» акционерлік қоғамының президенті. Алғашқы әңгімелері 1950 ж. ортасынан бастап шыға бастады. «Кілт», «Қараша қаздар» деп аталатын әңгіме-повестер жинағы жетпісінші жылдардың басында жарық көрді. Халық батыры А. Иманов туралы романының алғашқы бөлігі 1979 ж., жалғасы са-налатын «Заманақыр» кітабы 1990 ж. «Жазушы» баспасынан, орыс тілінде «Смута» деген атпен «Жалын» баспасынан жарық көрді. «1937 жыл» дейтін әңгімесі 1998 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шық-ты. «Жол үстіндегі әңгіме», «Ұлы ұстаз немесе Алаштың Ахметі - Ахмет Байтұрсынов жайлы ой түйін», «Портреттер» деп аталатын әңгіме-эсселері мен екі томдық таңдамалы жинағы (1999) жарық көрді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Тор-ғай қалаларының құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясы-ның, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушы-лар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б. Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның «SPI» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясының алтын медалінің иегері.

В верх

Силкин Фёдор Иванович(1919 - 1994)

Брянск облысында туған. Еңбек жолын 1936 жылы Қы-рым АКСР «Профметр» кеңшарында жұмысшы болып баста-ды. 1938-1939 жылдары Федор Иванович Воронеж қ. «Коми-терн» зауытында арматурашы болып, 1939-1940 жылдары Ақмола-Қарталы құрылысында жұмыс істеді. 1940 жылы Қы-зыл Армия қатарына шақырылды. Осы жерде ол соғысты қар-сы алды. 1946 жылы Кеңес Армиясы қатарынан босатылған-нан кейін Федор Иванович теңіз сауда портында, кейін Лат-вия КСР Лиепая қ. құрылыс-құрастыру басқармасында арматурашы болып істеді. 1951 жылы ол Қостанай қ. келіп, зейнеткерлікке шыққан 1979 жылға дейін «Кустанайтяжстрой» тресінде арматурашылар бригадасында бригадир болып істеді.
Федор Иванович ІІІ дәрежелі Даңқ, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендері-мен, «Жауынгерлік қызметі үшін», «Фашистік Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

В верх

Соловьёв Анатолий Яковлевич

1948 жылы туған. Тоғыз жылдық білімді 1964 жылы Рига қ. № 33 мектепте алып, орта білім туралы дипломды 1966 жылы Рига құрылыс материалдары зауытында және мауыты өндірісі бірлестігінде жұмысшы болып істей жүріп кешкі ме-ктептің 11 сыныбын бітіргеннен кейін алады. 1968 жылы А. Соловьев Ленин комсомолы атындағы жоғарғы әскери авиа-ция ұшқыштары училищесінің курсанты болып қабылданады.
Анатолий Владимирович 1972 жылдың қазанында учили-щені бітіріп шығып, Қиыр Шығыстағы барлау авиаполкінде аға ұшқыш бо-лып қызмет істеді және көптеген күрделі барлау жұмыстарын орындады. 1976 жылы бөлімнің ең үздік ұшқыштарының бірі ретінде ғарышкерлер бө-ліміне түсуді ұсынады.
1979 жылы авиациялық-ғарышкерлер тобының ғарышкер-сынақшысы болып тағайындалады. 1982 жылы оны халықаралық ғарышкерлер бағдарла-масы бойынша жасақталып жатқан топқа ауыстырады.
Алғашқы ғарышқа ұшуы 1988 ж. «Союз ТМ-5» және «Мир» ОК экипаж командирі ретінде жүзеге асты. Ғарыштан кейін экипаж командиріне Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын жұлдыз тап-сырылды. 1988 жылы экипаж командирі ретінде бесінші рет ғарышқа кө-терілді. Үйленген, отбасында екі ұлы бар.

В верх

Солодова Фания Гаппаровна

1938 жылы 14 мамырда Бұхара қ. (Өзбек КСР) туған. 1956 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Киев технология институтына түседі де, оны «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1961 - 1964 жж. Қызыл-орда былғары-аяқкиім комбина-тында жұмыс істейді. 1964 ж. Қостанай аяқкиім фабрикасына жұмысқа қабылданып, зертхананың технологынан директор-лық қызметке дейінгі еңбек жолынан өтті.
1984 ж. қарашасында қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің мең-герушісі болып тағайындалады.
1992 ж. наурызында Қостанай қалаткомның таратылуына байланысты қалалық әкімшілік басқармасы аппаратының тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалады.

В верх

Сьянов Илья Яковлевич(1902 - 1988)

Әулиекөл кентінде шаруа отбасында туған. Қостанай ке-ңестік партия мектебінде оқып, кейін Чкалов қаласында жұ-мысшылар факультетін бітірген. Алматы тігін фабрикада ди-ректор болып істеді.
1936 ж. Қостанай қаласына оралып, облыстық жоспарлау комиссиясында экономист болып істеді.
1942 ж. көктемінен 151-ші жеке атқыштар бригадасының қатарында майданда болды. Көне Руссо, Прибалтика, Польша жерлері, Висла мен Одер өзендерінен өту, Берлинді алу үшін болған шайқастарға қатысты. 1945 ж. 24 сәуірінде 150-ші ди-визия фашистік Германия астанасының көшесіне аяқ басты. 1945 ж. 28 сәуі-рінде аға сержант Сьянов шайқас кезінде рота командирінің орнын басып, өз әскерлерін рейхстагты шабуылмен алуға көтерді. 1945 ж. 30 сәуірі күні 20 са-ғат 50 минутта полк барлаушылары Егоров пен Кантария лейтенант Бе-ресттің басшылығымен рейхстагтың күмбезіне Жеңіс Туын қадады, ал оларға біздің жерлесіміздің шабуылдаушы ротасы көмек көрсетіп, қорғап тұрған бо-латын. Берлинді алуда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 ж. 15 мамырдағы жарлығымен Илья Яковлевич Сьяновқа Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

В верх

Телятников Леонид Петрович(1951 - 2004)

Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Введенка ауылында туған. Генерал-майор, Кеңестер Одағының Батыры.
1971 жылы Свердлов өрт сөндіру және техникалық учи-лищесін, 1978 ж. КСРО ІІМ жоғарғы инженерлік-техникалық мектебін бітірген.
1978 ж. ішкі істер органдарында жұмыс істеген.
1986 ж. Чернобыль АЭС болған апатты жоюда көрсет-кен ерлігі, батылдығы және жанкештілік әрекеттері үшін Ке-ңес Одағының Батыры атағы берілді.
Леонид Петрович 2004 жылы ауыр науқастан кейін Киев қаласында (Украина) қайтыс болды.

В верх

Темірбаев Сейтхан Нұрмұхамбетұлы(1922 - 1983)

Қостанай обл. Таран ауд. Қызылжар ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. 1942 ж. мамырында армия қатарына шақырылады. 1943 ж. кіші лейтенанттар курсын бітіреді. Донбас, Николаевск, Одесса облыстары мен Молдавия жерлерін және Сталинградты азат етуге қатысады. І Белорус майданы 5-ші екпінді армиясы 230-шы атқыштар дивизиясы 990-шы атқыштар полкінің ко-мандирі капитан Темірбаев Берлинді алу кезінде көзге түсті. Кеңестер Одағының Батыры атағы 1945 ж. 31 мамырында берілді.
Батырдың ерен еңбегі Ленин, «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен аталып өтілді.

В верх

Терновой Иван Кондратьевич

1935 жылы Семиозер ауданы Анастасьевка ауылында туған. КСРО білім беру ісінің үздігі, ҚазКСР білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдары кандидаты, ҚМУ профессоры (1995), жоғарғы оқу орындарында 1973 жылдан жұмыс істеп келеді. Ғылыми-педагогикалық қызметін аға оқытушы қыз-метінен бастап, кейін кафедра меңгерушісі, сырттай оқу бө-лімінің проректоры болды.
1981 - 1988 жж. Қостанай педагогика институтының рек-торы болып істеді.
1989 - 1994 жж. аралығында КОКП тарихы, саясаттану және әлеумет-тану кафедрасының доценті. Иван Кондратьевич ЖОО істеген ұзақ жылғы кезеңінде оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын назардан тыс қалдырған емес. Ол 34-тен астам жұмыс дайындап, бастырып шығарды. «Халық есінде», «Күреске толы өмір», «Мыңжылдық қарсаңындағы әлем», «Қостанай облы-сының тарихы: өткендер мен бүгінгі кезең» және басқа да жұмыстардың ав-торы. Қазақстан компартиясы қалалық, облыстық конференциялардың депу-таты, Облыстық және қалалық еңбеккерлер кеңесі аткомның депутаты, пед-институт парткомының хатшысы болып сайланды.
Студент жастарды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері, облыстың ЖО саласын дамытуға қосқан еңбегі үшін Иван Кондратьевич Ыбырай Ал-тынсарин төсбелгісімен, медальдармен марапатталған.

В верх

Трофименко Макар Антонович(1895 - 1976)

Витебск губерниясында кедей-шаруаның отбасында дү-ниеге келген. Өзінің еңбек жолын 15 жасынан Петербор қ. қара жұмысшылықтан бастап, кейін Путиловск зауытында шегелеушінің көмекшісі, жөндеуші және темір ұстасы болып жұмыс істеді. 1915 жылы патша әскеріне понтонды баталь-онға қатардағы жауынгер болып қабылданады. Алайда соғыс өндірісіне жұмыс күші жетпей жатқандықтан оны Ижевский зауытына жіберіп, сол жерде 1920 жылға дейін жұмыс істей-ді. 1930 жылы Украина партиясының ОК оны Бүкілодақтық социалистік егін шаруашылығы академиясына оқуға жібереді. Оқуын аяқ-тағаннан кейін Қостанай облысының Ленин ат. және Кеңарал егін кең-шарларында директор болып істейді. 1937-1953 жылдары Макар Антонович ауыл шаруашылығы саласындағы жауапты лауазымдарда қызмет істеді. 1954-1955 жылдары кеңшарлар тресінің директоры болды.
Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен, Қаз КСР Жоғарғы Кеңе-сінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

В верх

Тюшев Христофор Евгеньевич

1905 жылы Архангельск облысы Котласс ауданы Курцев ауылында жұмысшы отбасында туған. 1921 жылы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін жеке отбасылық шаруасымен ай-налысты. 1927 жылы Х. Е. Тюшев Қызыл Армия қатарына қабылданды. Шекара бөлімінде ол үлкен өмір мектебінен өтіп үлгірді. 1930 жылы Христофор Евгеньевичті (б) БКП қатарына кандидат етіп қабылдады. Бұл кезде елде ауылша-руашылығын жаппай ұжымдастыру басталған болатын. Х. Е. Тюшев ерікті топтың құрамында Қазақстанға жол тартады. Ол Қостанай облысы Федоров ауданы «Советский землероб» ұжымшарында қатардағы ұжымшар жұмысшысы болып жұмыс істейді. Қостанайдағы қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Федоровта, Темірде, Ақтөбеде, Қос-танайда милиция органдарында жұмыс істейді. Партияның саясатымен бел-сенді түрде қоғамдық жұмыстар жүргізеді. 1939 жылдың тамызында Х. Е. Тюшевті Қостанай қалалық партия комитетінің үшінші хатшысы етіп сай-лайды. 1942 жылдың сәуірінде 151-ші жеке атқыштар бригадасының жау-ынгерлерімен бірге саяси жетекші Тюшевте майданға аттанады. Христофор Евгеньевич өмірінің соңғы жылдарын Рига қаласында өткізеді.

В верх

Уфимцев Анатолий Гаврилович(1914 - 2000)

Омбыда туған. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери гео-дезист болды. Қорғаныс ғимараттарын жоспарлауға, Кеңес-тер Одағының бірыңғай геодезия жүйесін құрастыруға, кейін Қостанай облысының атласын жасауға қатысты. Облыстық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде жұмыс істеді. Ана-толий Гаврилович шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі шахматшы-теоретик, КСРО спорт шебері, Қазақ КСР он бір дүркін чемпионы, Орта Азия мен Қазақ-станның бес дүркін спорт шебері. Қатарлай ойнау жүйесінің авторы, оның енгізген жүйесіне «Уфимцев қорғанысы» атауы берілген. Бү-кілодақтық дәрежедегі төреші.
Медальдармен марапатталған.

В верх

Үкін Кенжебек Үкіұлы

1940 жылы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күр-шім ауданының Қойтас ауылында туған. 1962 жылы Абай ат. Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіреді. 1982 ж. Семей зооветерина-рия институтын және 1988 ж. жоғарғы партия мектебін үздік бағаға бітіріп шығады. Еңбек жолын 1962 ж. физика пәнінің оқытушысы болып бастады. 1962 - 1964 жж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Комсомол, кеңес және партия жұмыс-тарында болды. 1987 ж. Қостанай облисполкомның төрағасы болып сайла-нып, 1990 ж. тамызында Торғай обкомының бірінші хатшысы болып тағай-ындалады. 1992 ж. ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қостанай облысы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалады. 1993 ж. желтоқсанынан об-лыстық тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасын, облыстық экономика басқармасын, кейін мемлекеттік қызметтер істері облыстық басқармасын басқарды. Қазақ КСР ХІ және ХІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
Қазақстанның тәуелсіздігі декларациясын, Республика Конституциясын қабылдауға, Қазақстанның бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев болған бүкіл-халықтық сайлауды ұйымдастыруға тікелей қатысты.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

В верх

Хакімжанова Мәриям(1906 - 1995)

Қостанай обл. Қостанай ауд. Қобыланды ауылында ту-ған. Жұмысшылар факультетінде оқи жүріп (1931 - 1932 жж.) ол «Әйел бостандығы» журналында (1929 - 1932 жж.) әдеби қызметкер және жауапты редактор болып істеді (1932 - 1934 жж.).
Ақынның алғашқы өлеңі 1929 жылы, ал бірінші жинағы 1935 жылы жарыққа шықты.
Мәриям Хакімжанова 1935 - 1937 жылдар аралығында Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі болып істеді. 1939 - 1944 жж. Қазақстан жазушылар Одағындағы халық ақындары бөлі-мінің меңгерушісі міндетін атқарды. 1945 - 1959 жж. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында жұмыс істеді. Ақынның өлеңдері орыс, өзбек, қа-рақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян және бірнеше басқа да тілдерге ау-дарылды.
Мәриям Хакімжанованың шығармашылыққа толы еңбегі «Құрмет грамо-тасы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірқатар медальдармен атап өтілді. 1986 ж. оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.

В верх

Цхай Валерий Алексеевич

1941 ж. Краснояр ауд. Кавказ а. туған. Дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымының кандидаты.
1964 ж. Қарағанды медицина инстиутын бітірген.
1964 ж. Қостанай қ. Ленин ат. облыстық ауруханада дәрі-гер, хирург болып істеді.
Ағзалар мен торшалардың ишемеясы, башай тамырлары-ның атеросклерозы, бауыр беріші мәселелерімен айналысады. Қазақстанда алғашқы болып спленосорбцияны қолданысқа ен-гізді. 
Кеуде хирургиясының өзекті мәселелері жөніндегі 100 астам ғылыми жұ-мыстың авторы, медицина ғылымына қанды УКС емдеу, бронх демікпесін же-дел емдеу әдістемесі және манипуляция секілді бірнеше заманауи жаңалықтар енгізді.   
«Гемосорбция, спленоперфузия и лимфосорбция при инфекционно-аллер-гической бронхиальной астме», «Сборник научных работ сотрудников отделе-ния грудной хирургии Костанайской областной больницы» атты екі монографияны жарыққа шығарды.
2001 жылы В. А. Цхай «Құрмет» орденімен марапатталды.

В верх

Черникова Варвара Ивановна(1911 - 2008)

Солтүстік Қазақстан облысы Явлинский ауданы Нико-лаев ауылында туған. Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, Қазақ КСР еңбегі сіңген мұғалімі. Петропавл қ. педагогика техникумын бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бой-ынша (1931) және Орынбор педагогика институтын (1941) бі-тірген. Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Заградов ауылында бастауыш сыныптардың оқытушысы болып істеді.
1933 жылдан Қостанай қ. кейінірек М. Горький атындағы мектеп болып қайта аталған Покровский ат. мектепте жұмыс істеді. М. Горь-кий атындағы № 12 мектепте директор болып қызмет істеді (1943-1968 жж.).
Варвара Ивановна «Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

В верх

Шадикян Саркис Ованесович

1934 жылы 2 ақпанда Махачкала қаласында туған. Ол еңбек жолын 1957 жылы институтты бітіргеннен кейін Қос-танай қаласынан бастады. Қатардағы инженер қызметінен Қостанай автомобиль жөндеу зауытының директоры қызме-тіне дейін көтерілді. Қалалық партия комитетінің көлік және өнеркәсіп бөлімін басқарды.
1982 жылдан С. Шадикян мемлекеттік биліктің атқару органдарында қызмет істеді. 10 жыл бойы Қостанай қаласы халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары және төрағасы болып, кейін бұл орган таратылған соң 1992 жылдан қалалық ұйым басшысының орынбасары болып істеді. Көп жылғы жемісті еңбегінің арқасында Саркис Ованесович қазіргі кезде қаланың ірі өндірістік мекемелеріне басшылық жа-сап отырған жетекшілердің жаңа толқынын тәрбиелеп шығарды.
Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және «Ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.

В верх

Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы

Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Қостанай облысының Жітіқара ауданында Жел-қуар ауылында (Забеловка селосы) 1951 ж. 17 маусымда ту-ған.
Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді.
1968 ж. оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке ша-қырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қос-танай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алма-тыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қа-зақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт сая-саты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, об-лыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім де-партаменті директорының орынбасары, А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемле-кеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта ҚМУ Медиа-орталығының директоры. Доцент, фило-логия ғылымдарының кандидаты А.Шаяхмет бірнеше монография мен оқу құралының авторы.
Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
А. Байтұрсынов атындағы  медальмен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралар-дың жеңімпазы, тәуелсіздікке арналған республикалық жабық жыр мүшай расының (2010 ж.) жүлдегері.

В верх

Шаяхметов Мәлік Баекенович

Мәлік Баекенович 1949 жылдың 16 желтоқсанында Қос-танай ауданының Тұңғыш ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Озерный орта мектебін бітіргеннен кейін Павлодар индустриялық институтына оқуға түседі. Еңбек жолын инс-титутты бітіргеннен кейін 1973 жылы Қостанай автопаркінде жөндеуші-шебер болып бастады.
1947 жылы Қостанай автотресіне ӨТҚ аға инженер бо-лып тағайындалады. 1983 жылы Қостанай көлік өндірістік бірлестігінің ашылуына байланысты оның басшысы болып тағайындалады.
1996 жылы бірлестік таратылғаннан кейін Мәлік Баекенович «Қостанай автобус паркі» АҮАҚ президенті, кейін «Қостанайавтокөлік» ЖШС бас директоры болып тағайындалады. Оның жетекшілігімен көлік кәсіпорны, әлеуметтік және мәдени нысандардағы ғимараттар мен құрылыстар салынып, іске қосылды. Соның ішінде Қостанай автовокзалы, балабақша, дүкен. Облыстың және қаланың балаларына арналған «Светофор» атты лагері салынған. Лагерь жылда 1800 бала қабылдап сауықтырады. Бірнеше рет қа-лалық және учаскелік сайлау комиссиясның төрағасы болып сайланды.
Қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосып жур.

В верх

Шәкібаев Серік Шәкібайұлы(1926 - 1999)

Павлодар қаласында туған. Он алты жасында еңбек жо-лын бастап, «Шілікті» кеңшарында жұмысшы, есепші, бри-гадир, ауылдық кеңестің хатшысы болып істеді. 1944 жыл-дың тамызында аудандық комсомол комитеті оны мемлекет-тік қауіпсіздік комитеті органдарына жұмысқа жібереді. Жұ-мысын қатардағы қызметкер лауазымынан бастап Қостанай облысы МҚК басқармасы басшысының орынбасары лауазы-мымен аяқтайды. Аталған органда Серік Шәкібайұлы 32 жыл қызмет істеді. Қызмет барысында көптеген марапаттауларға ие болды. Ол «Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
1968 ж. оның «Үлкен Түркістанның күйреуі» кітабы жарыққа шықты. Осы шығармасымен ол қазақ әдебиетінде чекистік тақырыпқа қозғау салған бірінші адам болды. Кітап 1972 ж. орыс тіліне, 1976 ж. қырғыз тіліне ауда-рылды. 1976 ж. құрметті демалысына шыққаннан кейін ол әдеби жұмыстар-мен айналысуға бет қояды. Серік Шәкібайұлы өзінің негізгі қызметімен және әдеби жұмыстарымен қатар қоғамдық жұмыстарға да көп көңіл бөледі.
1979 ж. он жыл бойы облыстық Майлин ат. әдеби бірлестігінің жұмы-сына басшылық жасайды.
1980 ж. ол Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болды.
1983 - 1989 жж. аралығында Қазақстан жазушылар одағында Қостанай облысы бойынша әдеби кеңесші болып істеді. Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан ерекше еңбегі және белсенді қоғамдық қызметтері үшін ол Қазақстан-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағына ие болды.

В верх

Щербинин Иван Сергеевич (1918-2009)

Павлодар облысы Коряков ауданы Леонтьевка ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан кейінгі жыл-дары КСРО түрлі әскери бөлімдерінде қызмет етті. 1959 жыл-дан демалысқа шыққанға дейін Қостанай облыстық әскери комиссариатында қызмет істеді. Жазушы. Соғыс ардагерлері комитеті кеңесінің, «Отан ұлы» (Ресей) газеті редакциясының және «Қазақ тілі» қоғамының сыйлықтарының лауреаты. Қостанай ардагерлер кеңесі төралқасының, облыстық «Боз-дақтар» ескерткіш-кітабы (1965 жылдан) редколлегиясының мүшесі. Соғыс ардагерлері кеңесі комитетінің және Бүкілодақтық соғыс және тыл ар-дагерлерінің, Қарулы күштердің құрмет белгілерімен марапатталған. «Соғыс ардагері» (соғыс ардагерлері комитеті кеңесінің органы) журналы редак-циясы сыйлығының лауреаты.
Екі әскери орденмен және медальдармен, «Ерлігі және Отанға деген сүйіспеншілігі үшін» белгісімен, «Жер асты байлығын барлау жұмыстары-ның үздігінің» екі белгісімен марапатталған.
Майдангер-қостанайлықтар және полктестері туралы «Заман үні», «Ер-лік жолы», «Елін сүйген ерлер», «Өз өлкесінің батырлары» очерктері мен кітаптарын жазып шығарды.

В верх

Эйартц Леопольд

1957 ж. 28 сәуірде Аквитанцияның Биаррице қ. туған. Француздық ғарышкер-зерттеуші екі рет ғарышқа көтеріліп, жалпы ұзақтығы 68 тәулік 21 сағат 29 минут 26 секунд уақыт ғарыш кеңістігінде болды. Әскери атағы – бригада генералы.
1980 жылы Францияның ӘӘК академиясын бітіреді. 1979 ж. Салон-де-Прованста инженер дипломын, ал 1980 ж. Туреде ұшқыш-истребитель дипломын алып шығады.
1980 ж. 7-ші дивизияда «Jaguar» ұшағында патруль ко-мандирі болып қызмет істеді (Истра), ал 1985 ж. эскадрилия командирі болды (Сен-Дизье). Африкадағы операциялар мен АҚШ оқу-жаттығу жұмыстарына қатысты. 1988 ж. ұшқыш-истребитель мектебін бітіріп (Истра), 1990 ж. дейін Париж түбіндегі Бритиньи-сюр-Оргтағы ұшуларды сынау орталығында қыз-мет істеді.
1990 ж. бас ұшқыш-сынақшы болып тағайындалады. 1990 ж. CNES ға-рышкерлерінің 3 тобына «Гермес» ККҒК ұшқышы ретінде қабылданады. 1991-1993 жж. аралығында Гагарин ат. ҒДО дайындықтан өтеді.
1998 ж. 29 қаңтары мен 19 ақпаны аралығында «Союз ТМ-27» кемесінде Т. Мұсабаевпен және Н. Бударинмен бірге ғарышкер-ұшқыш ретінде алғаш рет ғарышқа ұшты. Кеме «Мир» станциясымен түйіскеннен кейін «Союз ТМ-26» ҒК құрамында жерге оралды. Эйартцтың ғарышқа екінші сапары 2008 ж. 7 ақпаны мен 27 наурызы аралығында жүзеге асты (МКС-16 экипажының бортинженері). Кеме Кана-верал мүйісіндегі ғарыш айлағына қондырылды.
Құрметті легион, «Қызметі үшін», «Ерлік», «Достық» ордендерімен, Ше-тел департаменті медалімен, ұлттық қорғаныстың күміс медалімен марапат-талған.

В верх

Яковлев Леонид Васильевич(1905 - 1982)

Қазіргі кездегі Ленинград облысы Волховский ауда-нына қарасты жерде Усадище ауылында туған. Еңбек жолын болыстық жер бөлімінде іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып бастады. Ленинград жаяу әскер мектебін бітірді (1927 ж.). Ленинград түбінде соғысты қарсы алды. Жүргізілген жа-ңа тағайындаудан кейін Қостанай қаласына келіп, 151-ші же-ке атқыштар бригадасын жасақтады және осы бригадаға 1942-1944 жылдар аралығында өзі басшылық жасады. Кейін бригада 150-ші атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1944 жылдың сәуірінде дивизия басшылығын генерал Шатиловқа өткізіп, өзі жаңа қызмет орнына ауысты. Бірінші Қиыршығыс майданы әскерлерінің құрамында Жапондарға қарсы жүргізілген шайқастарға қатысты.
1955 жылы генерал-майор Яковлев әскер қатарынан босатылды.

В верх