Стр. 3 - oblast-75

Упрощенная HTML-версия

3
Құрастырушыдан
«Өнер адамдары – біздің жерлестеріміз» циклі бойынша шығарылып
отырылған бұл көрсеткіш қазақтың алғашқы кəсіпқой суретшілерінің бірі,
Қазақ КСР халық суретшісі (1985, 1963 жылдан Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер
қайраткері), профессор Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтің шығармашылығына
арналған.
Молдахмет Кенбаев 1925 жылдың 16 мамырында шаруа отбасында
дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған ол алты жасынан бастап балалар
үйінде тəрбиеленеді. 1941 (1948) жылы Алматы театр-көркемсурет училищесін,
одан кейін 1955 (1956) жылы Мəскеудегі И.В.Суриков ат. көркемсурет
институтын аяқтаған жас талап туған жеріне оралады.
Жұртшылықтың көңілінен шыққан Құрманғазы бейнесі үшін 1958 жылы
Кенбаев 1-ші марапаттауға ие болады. 1959 жылдан бастап педагогикалық
жұмыспен айналысады (1978 жылдан профессор). «Құрмет белгісі» орденімен
марапатталған.
Суретшінің үздік деп танылған шығармалары Третьяков мемлекеттік
галереясында, Шығыс халықтары өнері мемлекеттік мұражайында, Қазақ КСР
мемлекеттік өнер мұражайында жəне басқа да жинақтарда сақтаулы тұр.
Суретші өз жұмыстарында кең-байтақ қазақ даласының сұлулығы мен
ұлылығын, адам мен табиғаттың біртұтастығын бейнелеуге ұмтылады.
Назарларыңызға ұсынылып отырылған библиографиялық құралға
суретшінің шығармашылығы туралы қысқаша очерк, оның өмірі мен
шығармашлығы
туралы
материалдардың тізімі,
жұмыстарының
репродукциялары енгізілген.
Көрсеткіш екі бөлімнен тұрады:
1 – М.Кенбаевтің өмірі мен қызметі туралы материалдар (кітаптар мен
кітаптардан алынған материалдар авторлардың тектерінің алфавиттік реті
бойынша, суретші туралы мақалалар кері хронологиялық тəртіппен
орналастырылған).
2 – М.Кенбаевтің шығармашылығы (картиналардың репродукциялары).
Көрсеткіштегі материалдар қазақ жəне орыс тілдерінде берілген.
Пайдалануға қолайлы болуы үшін библиографиялық құралдың соңына
атаулы көрсеткіш пен шығармаларының аттарының көрсеткіштері
орналастырылған.