Стр. 5 - oblast-75

Упрощенная HTML-версия

5
педагогтар сабақ беретін. «Сүйінші» деп аталатын дипломдық жұмысының
өзінде-ақ жас суретші кейін шығармашылығының негізгі тақырыбына айналған
кең-байтақ қазақ даласының сұлулығы мен ұлылығын бейнелеуге ұмтылған.
Ұлы Октябрьдің 32 жылдығына арнап 1949 жылы өткізілген
республикалық көркем сурет көрмесіне М.С.Кенбаев «Пахота» («Весенний
сев») атты тақырыптық композициясымен қатысты. Бұл суреттен суретшінің
жанрлық суретке деген ұмтылысы анық байқалған. Қазіргі кезде бұл сурет
Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр.
Училищені аяқтағаннан кейін Молдахмет біршама қиындықтарға тап
болды. Басында баспанасы, қолында шеберханасы болмады. Ол кезде
Суретшілер одағының жеткілікті өндірістік базасы да болған жоқ. Қиналып
жүрген М.Кенбаевтің өміріне осы кезеңнің танымал суретшісі Əбілхан Қастеев
келіп араласты. Ол қолынан келгенше жас суретшіге көмектесіп бақты. Кейін
Ə.Қастеев Мəскеу түбіндегі Шығармашылық үйіне жолы түскенде Молдахмет
Кенбаевті өзімен бірге аудармашы ретінде ала кетті. Сенежде өткізген екі ай,
сол кездің танымал суретшілерімен болған кездесулер жас суретшінің болашақ
тағдырына зор ықпал етті. М.Кенбаевтің шығармашылықтың көрігі болған осы
жерде салған суреттері көпшіліктің көңілінен шықты. Оған оқуын жалғастыру
жөнінде кеңес берді.
1951 жылы ол В.И.Суриков
ат.
Мəскеу
көркем
сурет
институтына
түсіп,
Ф.В.Решетников
жəне
тағы
басқалардан сабақ алады. «Отряд
Джангильдина», «Песня чабана»
(1957), «Ловля лошади» (1956,
1958, 1956), «Беседа» (1957) атты
дипломдық жұмыстарында автор
қазақ даласын жырлаған жыршы
ретінде көрінді. Даланың қазақтың жаны, көңіл-күйі, қуанышы мен қайғысы,
арманы əрі өмірі екендігі белгілі. Қырда туып, ер жеткен адамның барша
сұлулық пен əсемдікті содан іздеп, өмір мен шығармашылыққа қажеттінің
барлығын содан табатыны сөзсіз. Даланы шексіз ғарыш əлемінің бір бөлігі
ретінде қабылдаған ол өз суреттеріне космогониялық түр берген.
Молдахметтің соңғы курста оқып жүрген 1954 жылы тың жəне тыңайған
жерлерді игеру туралы партия мен үкіметтің қаулысы жарық көрді. Мыңдаған
адамның тарихта болып көрмеген еңбектегі ерен ерліктері дүниеге келді. Бұл
оқиғадан қалыс қалу мүмкін емес еді, оның үстіне жаңадан түрен түскелі тұрған
негізгі жерлер суретшінің туған жерінде, Қазақстанда орын алғалы отыр еді.
М.Кенбаевтің жазғы тəжірибелік жұмыстары тың төсінде өтті. Студенттер Есіл
өзенінің жағасында шатырларда тұрып, қуанышты да, қиыншылықтарды да
тыңгерлермен бірге көрді. М.Кенбаевтің курстасы, РКФСР еңбек сіңірген
суретшісі И.Воробьева: «Біз суретті кез келген жерде – шатырда, жер
кепелерде, қостарда, трактордың жанында сала беретінбіз. Біз олардың өмірін