Стр. 6 - oblast-75

Упрощенная HTML-версия

6
бақылаушы, танысушы ретінде жүрмедік, біз өзімізді үлкен еңбек ұжымының
мүшесі ретінде сезіндік. Олармен қоян-қолтық өмір сүріп, олардың еңбектегі,
бос уақыттарындағы, оқудағы сəттерін қағаз бетіне түсіре бердік»,- деп еске
алатын.
Тыңда болған кезеңнің естелігі ретінде
«Рассказ старого чабана» (1954), «Песня чабана»
(1956) суреттері дүниеге келді.
Кең дала аясында бейнеленген бұл
жұмыстардың сюжеттері белгілі бір ортаны
қабылдаудың, түсініктің белгісі немесе метафорасы
болып қалыптасты. Басын кекжите ұстап, арқырай
кісінеген бойы жұлдыздай ағып келе жатқан
арғымақтың кейпінен еркін жатқан ен далада
еркіндікті аңсаған, соған енді ғана қол жеткізген
жануарды көруге болады. Қырдың самал желі мен
жусанның қышқылтым иісі аңқыған М.Кенбаевтің
суретіндегі дала көрінісі өзінің мазмұнының
толықтығымен, ойының анықтығымен кез келген адамды баурап алады.
Дала төсіндегі табиғат пен адамның қарым-қатынасы ашық, көзге
қуаныш беретін үйлесімде берілген болса, адам қырдың сан алуан шөбінің иісі
аңқыған ауаны құшырлана жұтып, өмірге қуана қарайды, ал қоршаған ортадағы
қайнаған тіршілік адам өмірінің мəніне айналады.
Қазақ өнері үшін хрестоматиялық болып табылатын М.Кенбаевтің
«Песнь чабана», «Беседа», «Ловля лошади» суреттерінде адамның табиғатпен
үйлесімдігі, туыстығы ашылған үстіне ашыла түседі.
Үш
суреттің
үшеуінен
де
əуен
төгіліп тұрған секілді
жəне оларды түрлі
сазбен
салыстыруға
болады.
«Песня
чабана»
жұмысын
сүйіспеншілікке толы
əнге, «Беседа» суретін
лирикалық
дуэтке
теңеуге болатын болса,
«Ловля лошади» суретін арынды күйге теңеуге болады.