Стр. 8 - oblast-75

Упрощенная HTML-версия

8
өнерінде алар орны ерекше. Суретшінің монументалды өнер саласындағы
жұмыстары қалалардың сəнін келтіріп, еліміздің қоғамдық ғимараттарында
көрініс тапқан.
Өнер журналы суретшінің шығармашылығы туралы «М.Кенбаев көбінесе
өзі жақсы білетін, бірнеше рет көрген, естіген жəне басынан өткізген сюжеттер
мен тақырыптарға қалам тартады. Ол шексіз-шетсіз кең даланы, белуардан
келетін қалың шалғынды, қойшының əнін қырдан қырға жеткізер ерке желді
сүйетін. Кенбаев өз Отанының ақындық бейнесін суретпен бере алатын
суретші. Кенбаев өзінің айла-тəсілдерін көп жариялай бермейтін, ұстамды да
мейірімді, қарапайым жан» деп жазды.
Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев 1993 жылы Алматыда қайтыс болды.