Стр. 2 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

2
Құрметті оқырмандар!
Сіздерге Л. Н. Толстой атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапхана-
сында дəстүрлі түрде жыл сайын шығарылатын «Қостанай облысының атаулы
күндері мен оқиғалар күнтізбегі» ақпараттық-анықтамалығының 35-ші басы-
лымын ұсынамыз. Биылғы 2008 жылға арналған күнтізбекте Қостанай өлкесі-
нен шыққан жəне осы өңірде қызмет еткен атақты адамдардың мерейтойлары
берілген. Сондай-ақ мекемелер мен кəсіпорындардың, қалалар мен аудандар-
дың құрылған жылдары көрсетілген.
Күнтізбектен белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың, ақын-жазу-
шылардың, өнер қайраткерлерінің мерейтойлық күндері мен кейбір қысқаша
анықтама мен əдебиеттер тізімін таба аласыздар. Мəліметтер мен əдебиеттер
тізімі берілген даталар арнайы (*) белгісімен белгіленген.
Басылымда соңғы 20 жыл ішінде келіп түскен жəне бұған дейінгі күнтіз-
бектерде жарияланбаған əдебиеттер тізімі ұсынылады. Сонымен қатар бұл ақ-
параттық-анықтамалық басылымнан облысымыздың тарихында ерекше орын
алатын көптеген белгілі қайраткерлердің өмірі мен атқарған қызметтері жайлы
мəліметтер табуға болады. Атап айтсақ: ағартушы – ғалым А. Байтұрсынов,
белгілі ақын-жазушылар С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Ғ. Қайырбеков, Ж. Ысмағұл-
ов, облысымыздағы алғашқы дəрігерлердің бірі А. Досжанова, М. Қарабаев,
өңірімізге танымал ғалым К. Сағадиев, Социалистік Еңбек Ері К. Дөненбаева,
жəне т. б. Сондай-ақ облысымыздың мəдени, экономикалық, əлеуметтік дамуы-
на ат салысып жатқан мекемелер мен ұйымдардың да даталық күндерін атауға
болады.
Күнтізбек негізгі бес бөлімнен тұрады:
1. Қостанай облысының 2008 жылы аталып өтілетін жəне еске алынатын
күндері (жалпы тізім).
2. Қостанай облысының айы мен күні белгісіз 2008 жылы аталып өтілетін
күндері (жалпы тізім).
3. Қостанай облысының 2008 жылы аталып өтілетін жəне еске алынатын
күндері (қысқаша мəліметтер мен əдебиеттер).
4. Есімдердің алфавиттік көрсеткіші
5. Географиялық көрсеткіші.
Қосымша ретінде қысқарған сөздер мен қысқартулар тізімі де көрсетілген.
Қостанай өлкесінің тарихы туралы біздің кітапханадағы бар мəліметтерді оқыр-
мандарға жеткізу мақсатында құрастырылатын күнтізбегіміз оқырмандарымыз-
дың құнды анықтамалығына айналады деген сенімдеміз. Басылым негізінен
студенттер мен оқытушыларға, ұстаздар мен оқушыларға, мекеме қызметкер-
леріне, кітапханашыларға жəне облысымыздың тарихын танып-білгісі келген
оқырмандарға арналған.
2008 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері мен оқиғалары-
ның күнтізбегіне 2007 жылдың шілдесіне дейінгі материалдар енгізілген. Күн-
тізбек материалдарын
кітапхана сайтынан алуға болады.