Стр. 2 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

2
Құрастырушыдан
Л. Н. Толстой атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында дəстүрлі
түрде жыл сайын шығарылатын «Қостанай облысының атаулы күндері мен оқиға-
лары күнтізбегі» ақпараттық-анықтамалығының 36 басылымы жарық көрді. Сіздер-
ге ұсынылып отырған 2009 жылға арналған күнтізбекте Қостанай өңірінен шыққан
жəне осы өңірде қызмет еткен атақты адамдардың мерейтойлары берілген. Сондай-
ақ мекемелер мен кəсіпорындардың, қалалар мен аудандардың құрылған жылдары
көрсетілген.
2009 жылы белгілі қоғам қайраткерлері: Ə. Жанкелдиннің туғанына 125 жыл,
О. Дауылбаевтың туғанына 100 жыл; əдебиет қайраткерлері: Н. Наушабайұлының
туғанына 150 жыл, Ж. Баязидтің туғанына 75 жыл толады. Сол сияқты көптеген көп-
шілікке танымал ғалымдарымыз: Ш. Шаяхметов, Ф. Бəйімбетов; өнер қайраткер-
лері: Е. Өмірзақов, А. Калугин, Ж. Даненов, Х. Тілемісов; ақын-жазушыларымыз: Қ.
Салғарин, Қ. Сəрсекеев, О. Шипин, Б. Ілияс, Н. Мұқатов; мемлекет қайраткерлері:
В. Вишниченко, Т. Досмұхамбетов туралы мəліметтер біздің күнтізбегіміздің бет-
терінен орын алған. Сондай-ақ облысымыздың мəдени, экономикалық, əлеуметтік
дамуына ат салысып жатқан ұлттық-мəдени орталықтарының, медицина орталық-
тарының, кəсіпорындар мен ұйымдардың даталық күндерін атауға болады
Бұл көрсеткіш Қостанай өлкесінің тарихы туралы біздің кітапханадағы бар
мəліметтерді оқырмандарға жеткізу мақсатында құрастырылады
.
Сондықтан күнтіз-
бегіміз оқырмандарымыздың көмекші құралы əрі құнды анықтамалығына айналып,
үлкен сұранысқа ие болады деген сенімдеміз. Басылым негізінен студенттер мен
оқытушыларға, ұстаздарға, мекеме қызметкерлеріне, кітапханашыларға жəне туған
өлкеміздің тарихын танып-білгісі келген оқырмандарға арналған.
Күнтізбекте белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың, ақын-жазушылар-
дың, өнер қайраткерлерінің мерейтойлық күндері мен кейбір қысқаша анықтама мен
əдебиеттер тізімі ұсынылған. Осы мерейтой иелері туралы мəліметтер мен əдебиет-
тер тізімі берілген даталар арнайы (*) белгісімен белгіленген.
Күнтізбек негізгі бес бөлімнен тұрады:
1. Қостанай облысының 2009 жылы аталып өтілетін жəне еске алынатын күн-
дері (жалпы тізім).
2. Қостанай облысының айы мен күні белгісіз 2009 жылы аталып өтілетін күн-
дері (жалпы тізім).
3. Қостанай облысының 2009 жылы аталып өтілетін жəне еске алынатын күн-
дері (қысқаша мəліметтер мен əдебиеттер).
4. Есімдердің алфавиттік көрсеткіші.
5. Географиялық көрсеткіші.
Басылымда бұған дейінгі күнтізбектерде жарияланбаған жəне соңғы 25 жыл
ішінде келіп түскен əдебиеттер тізімі ұсынылады. Қосымша ретінде қысқарған сөз-
дер мен қысқартулар тізімі де көрсетілген. 2009 жылға берілген Қостанай облысы-
ның атаулы күндері мен оқиғаларының күнтізбегіне 2008 жылдың шілдесіне дейінгі
материалдар енгізілген. Күнтізбек материалдарын www.kstounb.kz кітапхана сайты-
нан алуға болады.