Стр. 36 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

36
дық партия комитетіне ұйымдастыру-нұсқаушылар бөлімінің меңгерушісі болып
сайланды. 1933 жылы Ақтөбе губерниялық партия комитеті оны Шалқар ауданы,
Бершағыр кен орнына партком хатшысы етіп сайлайды.
Оймауыт Дауылбаев - халық ісі жолындағы саналы да табанды күрескерлерінің
бірі. 1936 жылы Қарабалықта қызмет атқарып жүргенде «кеңес үкіметіне қарсы ұлт-
шыл ұйымының мүшесі болған, зиянкестік жұмыс жүргізген, ұлт араздығын туын-
датуға себепші болған» деген жала жабылып, «халық жауы» атанып ұсталып кеткен.
Сөйтіп алаштың ардақтысы О. Дауылбаев 1937 жылдың 26-шы қыркүйегінде қарал-
ған екінші мəжілісте партия қатарынан шығарылып, сол жерде тұтқындалады. 14 қа-
занда ең жоғарғы үкім – ату жазасына кесіледі. Үш күннен кейін халқының, Торғай
елінің асыл азаматы О. Дауылбаев небары 28 жасында жазықсыз жаланың құрбаны
болады.
Ол туралы əдебиеттер:
1. Хайроллаұлы, У. Оймауыт өткен өткелдер [Мəтін] : [37-нің құрбаны О. Дау-
ылбаев туралы] / Уəли Хайроллаұлы // Қостанай таңы. - 2006. - 13 қыркүйек. - 2 б.
2. Оспанова, Қ. Шоқтығы биік жан еді. Əттегең... [Мəтін] : [37-нің құрбаны О.
Дауылбаев туралы] / Қарлығаш Оспанова // Қостанай таңы. - 2006. - 9 тамыз. - 6 б.
Ашылғанына
50
жыл
Қостанай қалалық
ауруханасы
(1959)
1959 жылы В. И. Ленин атындағы облыстық аурухана құрамынан бір жүз кереу-
ет орын бөлінді. Осы қалалық стационарлық емдеу орнында қырық терапевтік, жи-
ырма неврологиялық жəне қырық инфекциялық сырқаттар кереуеті болды. Сонымен
қатар № 1 жəне № 2 емхана, жедел медициналық жəрдем стансасы жұмыс істеді.
Стационарлық аурухана бір қабатты барақ үйге орналасты. № 1 емхана қаланың
орталығына, № 2 емхана қаланың оңтүстік тұсына жайғасты. Бұл емхана үйлері
пешпен жылытылатын.
Кейіннен аурухана екі бөлімшеге бөлінді. Олар терапевтік, оған неврологияға
арналған кереуеттер қосылды, жұқпалы аурулар бөлімшесі деп аталды. Мұнымен
қатар оларға клиникалық лаборатория, физиокабинеттер жəне дəріхана қосылды.
Осылайша іргесі бекіген аурухана амбулаториялық жедел жəне жоспарлы ем-
деумен айналысты. Сондай-ақ бұл емдеу орны қала халқына терапевтік стационар-
лық медициналық жəрдем берді. Жұқпалы аурулар бөлімшесі облыстық дəреже
жүгін көтерді.
Қайта құру кезінде бөлімшелер бір-біріне қосылып, сосын қайтадан қалпына
келтірілді. Жиырмаға жуық бөлімшенің бірі – мұрын, құлақ жəне тамақ ауруларын
емдейді. Бұл бөлімше 1972 жылы ашылған.