Стр. 2 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

2
Құрастырушыдан
Облыстық кітапхана жыл сайын қазақ жəне орыс тілдерінде шығарылатын
«Қостанай облысының атаулы күндері жəне оқиғалар күнтізбегі» ақпараттық-
анықтамалығын ұсынып отыр. Биылғы шығарылым 40-шы басылым болып та-
былады.
«Күнтізбенің» негізгі мақсаты - облыстың танымал тұлғалары мен оның та-
рихы, мəдениеті, экономикасы туралы ақпарат беру. Бұл көрсеткіш Қостанай
өлкесінің тарихы туралы біздің кітапханадағы бар ақпаратты оқырмандарға
жеткізу мақсатында құрастырылады. Ақпараттық-анықтамалық кітапханаларда,
оқу орындарында, ұйымдар мен мекемелерде түрлі шараларды өткізуді жоспар-
лауға мүмкіндік береді.
Басылымға өлкеміздің атаулы тарихи оқиғалары мен атақты адамдардың
мерейтойлары жайында ақпарат енгізілген. Сондай-ақ облысымыздың тарихи,
мəдени, экономикалық, əлеуметтік дамуына ат салысып жатқан мекемелер мен
ұйымдардың да даталық күндерін табуға болады.
Бұл көрсеткіштен көпшілікке танымал көптеген белгілі қайраткерлердің
өмірі мен атқарған қызметтері жайлы мəліметтер табуға болады. Атап айтсақ,
ұлт ұстазы А. Байтұрсынов (140 ж.), халық батыры А. Иманов (140 ж.), халық
ақыны Н. Ахметбеков (110 ж.), көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, ға-
лым Ə. Қанапин (100 ж.), Қазақстанның құрметті теміржолшысы Б. И. Рубин-
штейн (90 ж.), белгілі ғалым К. Ə. Сағадиев (75 ж.), акад. В. И. Гершун (75 ж.),
"Қарабатыр» агрофирмасы» ЖШС-нің директоры Ж. К. Құдайқұлов (75 ж.),
Соц. Еңбек Ері К. Б. Дөненбаева (70 ж.) жəне т. б.
Библиографиялық анықтама жəне əдебиет тізімі қоса берілген мерейтой-
лық күндері (*) белгімен белгіленген.
Күнтізбеде белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, ақын-жазушы-
лардың, өнер қайраткерлерінің, Кеңес Одағының Батырларының, Соц. Еңбек
Ерлерінің мерейтойлық даталары көрсетілген.
Сонымен қатар «Қазақ тұлпары» РМҚК, Қостанай обл. ауруханасы, Қоста-
най обл. мұрағаты, Кинобейнепрокат, Қостанай ЖЭО, Қостанай ауыл шаруа-
шылық колледжі
,
Қостанай педколледжі, Балалар шығармашылық мектебі жəне
т. б. мекемелер мен ұйымдардың құрылған жылдары көрсетілген.
Біздің күнтізбемізге тек облысымыздан шыққан атақты адамдар ғана емес,
сондай-ақ өмірлері осы өңірмен байланысты болған адамдар да енгізілген.
Бұл шығарылымдағы негізгі мерейтойлар: ҚР-ның мемлекеттік шекарасы
белгіленгеніне, ұлттық валюта айналымға енгізілгеніне 20 жыл толуы.
Басылым негізінен студенттер мен оқытушыларға, ұстаздар мен оқушылар-
ға, мекеме қызметкерлеріне, кітапханашыларға жəне туған өлкеміздің тарихын
танып-білгісі келген оқырмандарға арналған.
Біз пайдаланушыларымызға «Күнтізбенің» дəстүрлі, кітап түрінде шыға-
рылған нұсқасын да, электронды нұсқасын да ұсына аламыз.
«2013 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері жəне оқиғалар
күнтізбек» материалдарын
z
кітапхана сайтынан алуға болады.
Материалды іріктеу 2012 жылдың маусымында аяқталды.