Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Анна Павловна Вертинская

Анна Павловна Вертинская 1921жылы 19 желтоқсанда Қостанай қаласында туған.

1938 жылы Қостанай облыстық кітапханасына қабылданды.Облыстық кітапханада қызмет істей жүріп, кітапханашылар курсын оқып шықты және оқу залының кітапханашысы болып жұмысқа қабылданды.

1939-1941 жылдар аралығында абонемент бөлімінің кітапханашысы, 1941-1942 жылдар аралығында абонемент және кітап қорын сақтау бөлімдерінің меңгерушісі болып істеді.

1942 жылы Анна Павловна теміржол көлігі саласына Еңбек армиясына шақырылып (Сенарская станциясы), осы жерде партия кабинеті кітапханасының меңгерушісі болып істеді.

1943 жылы облыстық кітапхананың директоры болып тағайындалды.

1951 жылы Уфим кітапхана істері техникумын, ал 1957 жылы Ленинград мәдениет институтын сырттай оқып бітіреді.

1975-1980 жылдар аралығында Анна Павловнаның басшылығымен облыстың кітапхана жүйесін орталықтандыру іске асырылды, қалада мәдениет училищесінің, соның ішінде кітапхана бөлімінің ашылуы туралы бастама көтергендердің бірі болды және осы бастаманың арқасында 1977 жылы алғашқы кітапхана мамандығы бар түлектер өмірге жол тартты.

1961 жылы 21 маусымда Анна Павловна Вертинскаяға «Қаз КСР еңбек сіңірген кітапханашысы» құрметті атағы берілді.

Қостанай облысы еңбеккерлері депутаттарының атқару комитеті кеңесінің 1977 ж. 11 қарашадағы № 91 шешімімен оған жергілікті көлемдегі дербес зейнетақы тағайындалды.

Кітапхана директоры қызыметінен кеткеніне қарамастан Анна Павловна жас қызметкерлерге өз тәжірибесін үйрету арқылы қызмет етуін тоқтатқан жоқ. Ол облыс кітапханашыларының бірнеше толқындарын тәрбиелеп шығарды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ