Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық кітаптар бөлімі

Халықаралық кітаптар бөлімінің құжаттар қоры:

  • Әлем халықтарының 60 тіліндегі 13500 дананы құрайтын әмбебап қор.
  • Баспа өнімдерінің мол қоры – мектептер мен ЖОО оқытушыларына арналған қазақстандық және ресейлік оқу-әдістемелік журналдар мен олардың электронды қосымшалары.
  • Облысымызда тұрып жатқан диаспоралардың мерекелері, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы Ұлттық-мәдени орталықтардың әдебиеттері, Қазақстан халқының тілдеріндегі өздігінен үйреткіштер, тілашарлар, сөздіктер. 
  • Ағылшын, неміс, француз және т.б. тілдердегі сұранысқа ие оқу материалдары (энциклопедиялар, анықтамалықтар, оқулықтар, CD-ROM-дағы үйрету материалдары)

 Жұмыс бағыты:

  • Мәдени шаралар – кездесулер, көрсетілімдер, тақырыптық сөрелер, экскурсиялар, библиографиялық шолулар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері.
  • Аудармашылық қызметтер, тілдерді үйрену бойынша кеңестер беру.
  • Ақпараттық қызмет – библиографиялық анықтамаларды орындау.
  • Облыс кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету.

«Америка бұрышы» АРО

  • Ағылшын тіліне қарқынды оқыту.
  • Жоғары ақпараттылық.
  • Инновациялық және коммуникативтік әдістер.
  • Тілдік ортада болу.
  • АҚШ білім алу және тәжірибеден өтулер бойынша кеңестер беру.
  • Мәдени шараларды ұйымдастыру.
  • Көрмелер, авторлық оқулар, фильмдер қарау, семинарлар, веб-чаттар, вебинарлар өткізу.

Ынтымақтастық: 

  • Қазақстан халқының облыстық ассамблеясы
  • Достық үйі
  • Қостанай облысының Ұлттық-мәдени орталықтары
  • Жоғары және арнайы орта оқу орындары – шетел тілдері факультеттері.
  • Қостанайдағы француз мәдени орталығы
  • Қостанай қ. неміс тілі орталығы

Әлемнің түрлі тілдеріндегі құжаттар қоры
 
 
  
Ағылшын, неміс, француз және басқа тілдердегі журналдар, оқулықтар, өздігіген үйреткіштер
   
Қаланың танымал тұлғаларымен бірлесе жұмыс істеу
ҚМПИ профессоры Б.Х.Әлшанова, ҚМУ профессоры Ю. Я. Бондаренко
Францияға сапар және бұл ел жайындағы әсерлер
 

Қалалық аурухананың неврлогы Н. И. Гершунмен кездесу 
"Инсульт: причины, факторы риска, профилактика" кітабының тұсаукесері


IV төртінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Валерий Георгиевич Вишниченко      
 
В.Г.Вишиниченконың "Спираль жизни" кітабының тұсаукесері   
 
     

Гершун Владимир Иосифович Ветеринариялық санитария кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Ресей және Қазақстан Республикасы ЖҒА  академигі, Халықаралық аграрлық білім беру академиясының академигі (БАҚ жарияланған материалдар бойынша «Руханилық сабақтары» кездесуі)
  

Тарасенко Анатолий Владимирович, «Қостанай баспа үйі» ЖШС бас директоры, «Печатный двор» газетінің бас редакторы. Украинаның Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы. III дәрежелі «Еңбегі үшін» орденімен марапатталған.
А.В. Тарасенконың "Диалог поэзий" кітабының тұсаукесері


Достық үйімен бірлесе жұмыс істеу
Қостанай облысындағы еврей қауымдастығымен бірлесе өткізілген шаралар
"Эвакуация 1941-1942" кітабының тұсаукесері
(Алматы қ. өткен ғылыми конференцияның материалдары бойынша)
                                                                                                               

Ежелгі Чосон елі – корей диаспорасымен кездесу-кеш
                                                                                                                    

"Татар музыкасы әлемі"кеші  
"Дуслык"татар-башқұрт орталығы
                                                                                                                                    

Түркімен Республикасының бейтараптық күні
  

"Ежелгі Кавказ" іс-шарасы
" Кавказ халықтарының тілдері мен мәдениеті
" кітап көрмесі
  

Этностық түсіністік
" Жан мен жүректің жарасуы " (ұлтаралық неке)
  
Дінөкілдеріменкездесу 
(Руханикелісімкүні аясында)   
 
Ұлтаралық некелер көрмесі
Этнодиалогқа қатысушылар:
ҚМУ профессоры Ю.Бондаренко,
КМПИ профессоры Б.Әлшанова

   
2012 ж. ағылшын әндері фестивалі  НАСА ғарышкерлерімен кездесу   Aғылшын әндері фестивалі 2013 ж.
     
  
«Францияның ыстық ықыласы»
Ақпан айының басында  ҚМПИ (шетел тілдері кафедрасы) Қостанайдағы Француз мәдени орталығымен бірлесе отырып «Францияның ыстық ықыласы» шарасын өткізілді. Кездесудің басты қонақтары ретінде Қостанайдағы Француз мәдени орталығының еріктісі Анаис Муре, ҚМПИ студенті А.Жұмабаева, КМПИ философия оқытушысы Б.Х.Әлшанова шақырылды.
Француз елі өкілінің өз елі туралы назарынан тыс қалған ақпараттарды біздің жерлестеріміз толықтырып отырды. Кездесу кезінде елдің білім беру, мәдениеті, тарихына қатысты тақырыптар сөз болды. Шара барысында елге қатысты Францияның жергілікті халқының өкілі ретіндегі де, Франция тұрғындары аңғара бермейтін қызықты жайларды ортаға салған біздің жерлестеріміздің де пікірлері айтылды. Кездесу барысында Франция жайындағы кітап көрмесі жұмыс істеді.
    
Кездесуге қатысушы - Анаис Муре


Семинар
Ақпан айының соңында «Қостанай дарыны» АҒӨО бірге «Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтерудің оқушылардың сауаттылығын дамытуға тигізер әсері» тақырыбына семинар өткізілді. Семинардың жұмысына облыс мектептерінде істейтін ағылшын тілінің мұғалімдері, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, «Кембридж» баспасының әдіскері қатысты. Семинардың маңызды сәттерінің бірі ретінде бөлімнің қорындағы әдістемелік әдебиеттерге жасалған шолуды атауға болады.
                 Семинардың модераторы                       Ғылыми-әдістемелік материалдарға шолу
     

Тарас Шевченко и Казахстан
Украинаның ұлы ақыны және суретшісі Т.Г.Шевченконың 200 жылдығы мерейтойын атап өту аясында халықаралық кітаптар бөлімі Украин этномәдени орталығымен бірлесе отырып «Ұрпақтар жадында сақталған ақын» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды.
Қонақтар назарына «Шевченконың Қазақ жеріне келгеніне 200 жыл» бейнесюжеті, Т.Г.Шевченконың мерейтойына арналған кітап көрмелері, «Ұлы ақын және суретші: өмір, шабыт және шығармашылық» атты көрсетілім ұсынылды. 
            Шевченко тек Украинаның ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның да ұлттық ұраны, рухани демеушісі.  Біздің еліміз оны ұлы ақын, суретші және ағартушы ретінде, украин халқының рухани көсемі ретінде құрметтейді.
Оның негізгі шығармаларының қасиетті қазақ жерінде дүниеге келгенін мақтаныш етеміз. Осы жерде оның 500 астам суреті жарыққа шығып, оларда сол кездегі қазақ халқының өмірі мен тұрмысы аса бір сүйіспеншілікпен бейнеленген. Қазақ жерінде айдауда жүріп ол жүздеген өлеңдерін дүниеге әкелді.
Т.Г.Шевченконың қазақ елінде болған кезеңі оның шығармашылығындағы ең жемісті кезең болды, оны «Шевченко және қазақ елі» деген атаумен тұтас бір шығармашылық кезеңге жатқызуға болады. 
Халықтың сөзі «Тарас өлген жоқ, тек демалып жатыр» дегенге саяды. Шынында да ұлы ақынның замандастарына айтқандарының қазіргі кездің өзінде құнын жоймағанына қарап, таңданбасқа амалың жоқ. Осыған қарап Тарас әлі тірі дегенге сенуге тура келеді.     

"Лира" вокалды тобының орындауындағы Тарас Григорьевич Шевченконың сөзіне жазылған әндер

  Украин орталығының белсенділері,
А.В. Тарасенконың
"Хрестоматия книгохранилища.
Русскоязычная литература Костанайщины"
кітабының тұсаукесері

        
    "Шевченко және Казахстан"
кітап көрмесі

 

Уильям Шекспирге 450 жыл
" Адамға тән әуестіктің әміршісі " кітап көрмесі
 

 «Адам – жұмыс – жұмыс істету» траффиктің алдын алу мәселелері
Л.Толстой ат. облыстық кітапхананың Америка бұрышында америкалық бағдарламалар түлегі және ҚМПА Қостанай филиалының үйлестірушісі Александр Косюкпен кездесу болды. Кездесудің қонағы басқа елде адамның өзін қалай ұстауы керек екендігі, келеңсіздіктерге тап болмаудың амалдары мен еңбек және жыныстық құлдықтың құрбаны болмаудың жолдары жайында әңгімелеп берді. 

Қостанайдағы Америка бұрышының  5 жылдығына арналған ағылшын тілі  әнінің фестивалы
   

"Білімнің бітпес кенісің, Жанымның өзің емісің "таланттар тартуы
( түрлі тілдердегі өлеңдер, вокалдық орындаулар)

Кітапхана қызметкерлері костюмді шағын көрсетілім қойды. 
«Үнді делегациясы» атты ән мен биден құрастырылып театрландырылған көрсетілім қойылды
 

Көрмеге қазақстандық танымал классиктер мен әлем классиктерінің қазақ және шетел тілдеріндегі шығармаларының жинақтары қойылды.


Байланыс:

Телефондары: 500-690

E-mail: kost_omk@mail.ru

Фёдорова Валентина Павловна – халықаралық кітаптар бөлімінің бөлім меңгерушісі

«Америка бұрышы» АРО – 500-810

Королева Ксения Геннадьевна – «Америка бұрышы» АРО үйлестірушісі


Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus