Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
dir
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

  

Бөлімнің тарихы дегеніміз – бұл кітапхананың анықтамалық-библиографиялық жұмысының жүргізілу тарихы. Бөлімнің тарихы кітапхана құрылымының жеке бірлігі ретінде құрылғаны 1977 ж. басталады. Бөлімде 5 қызметкер жұмыс істеген болса, қорда 7288 құжат болды.

Алайда кітапхананың библиографиялық жұмысы бұдан ерте басталған деген де дерек бар. Облыстық кітапхананың 1942 ж. жұмысының жылдық есебі берілген мұрағат құжаттарында кітапхана директоры А. П. Вертинскаяның қолымен жазылған «Кітапхананың библиографиялық жұмысы 1941 ж. тамызында басталды. Сипаттама берілетін газеттер мен журналдардың тізімі жасалынды. Журналдар 1938 ж., газеттер 1941 ж. 22.04. бастап» деген мәлімет сақталған.  


АБҚБ қазіргі кезде көрсететін қызмет түрлері:


- барлық пайдаланушыларға ақпараттық, библиографиялық және анықта-малық қызмет көрсету;
- кітапхананың анықтамалық аппаратын жүргізу;
- басылым жұмыстары;
- облыс кітапханаларына ғылыми-әдістемелік кеңестер беру;
- анықтамаларды орындау (тақырыптық, анықтайтын, фактографиялық, статистикалық және т.б.);
- виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;
- құжаттар электронды жеткізу қызметін көрсету;
- облыстық корпорация ішіндегі ЭК каталогтауды ұйымдастыру және жүргізу;
- ККҚО, республикалық жинақты ЭК құрастыруға қатысу;
- қордағы 7000 астам түрлі құжатты ұсыну. 
                                 
Құжаттарды электронды жеткізу

Бөлім құжаттарды электронды жеткізу қызметін көрсетеді. Сіздер Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК қорындағы және Қазақстан мен Ресейдің басқа кітапханаларындағы құжаттардың электронды көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар.

Келесідей материалдарға тапсырыс беруге болады

  - жинақтар мен мерзімді басылымда жарияланған мақалалар;
  - кітаптардың үзінділері (оқу-әдістемелік құралдардан, монографиялардан, анықтамалықтардан және т.б.);
  - авторефераттар мен диссертациялар.
Өзіңізге қажетті құжаттар жайындағы библиографиялық мәліметтерді кітапхананың электронды каталогының көмегі арқылы анықтауға болады. http://kstounb.kz/kz/elcatalog 
 
Тапсырыстар 1-ден 5-ке дейінгі жұмыс күні ішінде орындалады. 

Тапсырыстар e-mail бойынша: kst_tolstovka@mail.kz, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК http://www.kstounb.kz/kz/edd сайтында, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі 500-390 телефоны арқылы қабылданады. 

Кітаптардың электронды көшірмелері Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына (ІІ тарау, 18 б. 2 т.) сәйкес орындалады.



Виртуалды анықтамалық қызмет

Кітапханада оқырмандарға анықтамалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «Виртуалды анықтамалық қызметі» жұмыс істейді. Қашықтағы пайдаланушылармен жұмыс істеу үшін жасалған бұл қызмет кітапханашы мен пайдаланушының қажет кезінде байланысқа шығуына мүмкіндік береді. Пайдаланушы ақпарат іздеуде жедел кәсіби көмек алады, қажетті мәліметтердің бір бөлігін күні бұрын ала отырып кітапханадағы жұмыс уақытын үнемдейді. Қостанай ОӘҒК виртуалды анықтамалық қызметі біздің бөлімде құрылған және осы жерде жұмыс істейді. Бір тапсырыс 3 күнге дейінгі мерзімде орындалады. 



Бөлімнің ерекшелігі қорының әр жақтылығы болып табылады

Бөлімнің қоры анықтамалық әдебиеттерден тұрады. Олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, кітап және газет мақалаларының жылнамалары. 


Құрметті пайдаланушылар!

АБҚБ қорында не бар екендігін білгіңіз келе ме?
Бұл жерде елтану және әлемдік сипаттағы,
Қазақстанның саясаты мен экономикасы, тарихы мен
әдебиеті, өсімдік және жануарлар әлемі туралы
әр жақты бірегей әдебиет жинақталған.



Сіз тек біздің бөлімнен ғана
еліміз туралы жан-жақты ақпарат ала аласыз.




Бұл жерде:
«Новая энциклопедия», «Менің Қазақстаным», «Мәдени мұра»
серияларымен шыққан кітаптар жинақталған.


Рекордтар кітабы, энциклопедиялар,
түсіндірме, тілдік және тақырыптық сөздіктер –


бұлардың барлығын тек АБҚБ таба аласыздар.
Сіздің кез келген сұрағыңызға
біздің кітаптардан жауап табуға болады.


 
Өлкетану – бөлім жұмысында
басымдық берілетін бағыттардың бірі.

Бөлім қорында Қостанай облысы бойынша
негізгі әдебиеттер жиналған.




Қостанай облысы, оның тарихы мен бүгінгі өмірі,
оның халқы мен облыста болып жатқан оқиғалар
бөлімнің басылым жұмысында көрініс тауып отырады.


1973 ж. «Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегі» жыл сайын шығып келеді.


                          


Қостанайлық танымал тұлғаларына арнайы көрсеткіштер және тақырыптық басылымдар тұрақты шығарылып келеді. Барлық библиографиялық құралдар

кітапхана сайтына орналастырылған.


                           






Бөлім ұжымы
анықтамалық-библиографиялық аппаратты жасайды:





Электрондық каталог (ЭК) 2001 ж. қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді. Онда кітапхананың қазақ және орыс тілдерінде жаздырып алатын қазақстандық және ресейлік газеттері мен журналдарынан алынған материалдар көрсетілген.
Барлық пайдаланушылар үйлерінде отырып-ақ кітапхана қорында бар кітаптар мен мерзімді басылымдар туралы қажетті ақпаратты алуы үшін ЭК кітапханамыздың сайтына шығарылған.




















ЭК бірге карточкалық каталогтар мен картотекалар
жүргізіліп келеді:


«Қазақстан» елтану каталогы. Кітаптар, кітапшалар, мақалалар енгізілген бұл каталогта Қазақстанға қатысты мейлінше толық ақпарат жинақталған. 1956 ж. жүргізілген каталогтың хронологиялық жазбалары 1941 ж. басталады (2009 ж. шілдесінен бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).




«Қостанай облысы» картотекасы кітапханадағы облысқа арналған материалдардан тұрады. Олар негізінен қазақ және орыс тілдерінде мерзімді басылымда жарияланған мақалалар. Картотека 1956 ж. жүргізіліп келеді, хронологиялық жазбалар 1941 ж. басталады (2009 ж. шілдесінен бастап библиографиялық жазбалар тек электрондық нұсқада жүргізіледі).



Облыстық мақалалардың корпорация ішіндегі жазбалары орталығы


2013 жылы алғаш рет «Облыстық мақалалардың корпорация ішіндегі жазбалары орталығын» құру мақсатында облыс кітапханаларының библиографиялық жазбаларымен алмасу басталды.
Каталогтау орталығын құруға облыстық кітапхана, Қостанай облысының қалалық және аудандық кітапханалары қатысады.




Біздің бөлімге қош келдіңіздер!

Сіздерге қызметтің түр-түрін қуана-қуана ұсынамыз! 



Тел. 500-390
e-mail: ibokostounb@mail.kz

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ