Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әдеби кеңес орталығы
30.12.2013

Әдеби кеңес орталығы

1938 жылы республикалық Жазушылар одағының бастамасымен және Қазақстан компартиясы Қостанай обкомының шешімімен облыстық екі газеттің редакциясы жанынан кейін Б.Майлин ат. әдеби бірлестіктің құрылуына негіз болған әдеби үйірме ұйымдастырылды.
Қостанай әдеби бірлестігінің аяғынан тұрып кетуіне Спандияр Көбеев, Омар Шипин, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков елеулі еңбек сіңірсе, кейін олардың қатарына Серік Шәкібаев, Ғұмар Ахметчин, Ақылбек Шаяхмет, Виктор Корытный, Лариса Кайнюкова, Николай Кочин, Ғанижамал Бердалинова және басқалар қосылды.
Қазіргі кезде Қостанай жерінде Қазақстан Жазушылар одағының 9 мүшесі мен әдебиеттің көркейе беруі үшін еңбек етіп жүрген көптеген тіл жанашырлары еңбек етуде.
Облысымыздың танымал болуына үлес қосып жүрген авторлардың шығармашылығымен таныс болыңыздар, жаңа есімдерді жұртқа таныстыру – Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жанынан жұмыс істейтін, Б.Майлин ат. әдеби бірлестіктің жұмысын жалғастырып келе жатқан әдеби орталықтың мақсаты болып табылады.
Түрлі кезеңде орталықтың жұмысына кеңес беріп отырғандар:
- А. М. Галаган
- А. А. Әбдіхалықов
Қазіргі кезде әдеби орталық ұйымдастыратын шаралар:
- жазушылармен, баспагерлермен, ғалымдармен, кітап авторларымен шығармашылық кездесулер;
- жергілікті авторлардың кітаптарының, солардың ішінде тарихи романдардың, поэзиялық жинақтардың, деректі повестердің тұсаукесерлері;
- «Өзгені дәріптеу» тақырыбымен өткізілетін «Ақындар әңгімесі»;
- қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылып, «Пушкин және Қазақстан» тақырыбымен өткізілетін Пушкин күндеріне арналған әдеби кештер;
- «Әдеби десант» жобасы;
- облыстан тыс жерлердегі ақындармен және жазушылармен әдеби онлайн кездесулер;
- кезекпен өлеңдер оқылып, кемшіліктер мен жетістіктер сөз болатын, әдебиет саласындағы жаңалықтар ортаға салынатын «отырыстар»;
- жас авторлардың өтініштері бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары;
- шығармашылық жұмыстарға дұрыс бағыт беруге арналған байқаулар;
- жұртшылық пен оқырмандар назарын қостанайлық авторлардың шығармашылығына аудару.
Өткізілетін кездесулер мен байқаулар авторларымыздың шабытына шабыт қосып, облысымыздың бас кітапханасымен бірлесе жұмыс істей берулеріне ықпал етеді деп сенеміз.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ