– ҚЭЖ пайдаланушыға (абонентке) «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай
облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қорларындағы құжат үзіндісінің электронды көшірмесіне тапсырыс беруге және алуға мүмкіндік береді.
– Қорда қажетті басылым болмаған жағдайда пайдаланушының (абоненттің)
келісімі бойынша «Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Қазақстанның, Ресей Федерациясының және басқа да ұйымдардың кітапханаларынан электрондық көшірмелерді алу үшін делдал бола алады. Бұл жағдайда көшірменің құны тапсырысты орындаған кітапхана мен ұйымдардың бағалары бойынша анықталады.
– Пайдаланушы кітапханаға немесе тапсырысты орындаған ұйымға өз
бетінше (жеке) төлем жасайды. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлеріне қызметке ақы төленгені туралы құжатты ұсынғаннан кейін пайдаланушы өз тапсырысын алады.
– Тапсырысты орындау тапсырыстың көлемі мен күрделілігіне қарай 1 және
5 жұмыс күні аралығында жүзеге асырылады.
– Тапсырысты басқа кітапханалардан орындау мерзімі әріптес
кітапханаларға байланысты.
– ҚЭЖ қызметі «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы» КММ оқырмандарына да, сондай-ақ кітапханада тіркелмеген пайдаланушыларға да көрсетіледі.
– «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасы» КММ қорындағы ҚЭЖ барлық санаттағы пайдаланушылар үшін тегін жүргізіледі.