Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер

1992 жылдың 4 маусымы тарихта және халық жадында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің туған күні ретінде мәңгі қалмақ. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы атақты екі архитектор: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханның қыруар еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің жемісі. Байқауда жеңіп шығу жеңіл болған жоқ. Соңғы байқаудың өзінде болашақ елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сызба –түсініктеменің болғанының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Елтаңба шеңбер түрінде жасалынған. Шеңбер әлемдегі ең жетілген кескін ретінде саналады. Шеңбер геральдика элементі ретінде көп жерде қолданылады, алайда, шығыс көшпенділері үшін ол құрмет пен мәртебеге ие. Шеңбер өмір мен мәңгіліктің белгісі. Елтаңбамыздың негізгі идеясын көтеріп тұрған негізгі элемент – шаңырақ болып табылады. Шаңырақ – отбасы берекесінің, бейбітшіліктің, байсалдылықтың белгісі. Аса шеберлікпен және әсем орындалған түндік көгілдір, бейбіт аспан аясындағы шұғылалы күнді көрсетіп тұр.Елтаңбаның көк әлеміне шаңырақтан тараған уықтар өмірдің бастауы мен жылуын берер күн сәулелерін еске салады.Авторлар қазақ отбасының маңызды бір бөлігі - керегені де сәтті орналастыра білген. Шаңырақтың күлдіреуіштері оның беріктігін қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін білдіреді. Геральдика тілінде авторлар қазақ халқының бейбіт өмірді қалайтынын көрсете білген.Республиканың барлық халқын Қазақстан атты ортақ үйіміздің беріктігін баянды ету үшін бір шаңырақтың астына бірігуге шақырады.

Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі бір деталь – ай мүйізді,алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Арғымақтарды мемлекеттік белгілерде бейнелеу ертеден келе жатқан дәстүр болғанына қарамастан,авторлардың бұл жобасына қарсы шығып, дау тудырғандар да болды. Арғымақтар бейнесі геральдика тілінде терең мағынаны және мазмұнды білдіреді. Ол арыстанның айбатын, қыранның қырағылығын, өгіздің күші мен қуатын, бұғының жылдамдығы мен шапшаңдығын, түлкінің жауына қарсы қолданар қулығы мен тапқырлығын білдіреді.Тұлпарлардың алтын қанаттары сондай-ақ бидайдың бауы мен алтын масақты еске түсіріп, еңбектің жемісі – тоқшылық пен жақсылықтың белгісін де меңзеп тұр.

Елтаңбаның ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Жобада бұл жерде жарты ай мен шағын үш жұлдыз бейнеленген, талқылау барысында сегіз, жеті және бесбұрышты жұлдыздар ұсынылды. Ақырында соңғысын қабылдауға шешім шығарылды. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға мегзейді.

Елтаңбаның түсі – алтын және көгілдір түсті. Алғашқысы халқымыздың жарқын да ашық болашағымызға деген сенімді білдіреді. Көгілдір аспан әлемнің барлық халықтары үшін ортақ түс. Біздің Елтаңбамыздағы көгілдір түс Қазақстанның жер бетіндегі барша халықпен бейбіт, ынтымақтастықта, достықта және бірлікте өмір сүруге деген ұмтылысын білдіреді.

Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus