Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Зикзал

86.38

Б 52

Биболатұлы, Б.

   Зикзал [Мәтін]. 1-кіт. / Б. Биболатұлы. – Астана : Ғылым, 2017. - 912 б.

 

Қазақ халқынан шыққан ғұлама Бекасыл Биболатұлының (1822-1915 жж.) бұл асыл мұрасы «Зикзал» алғаш рет 2005 жылы бір том болып, екінші рет 2011 жылы толықтырылып, екі том болып «Жұлдызнама» деген атпен жарық көрген болатын. Алғашқы нұсқасын аударғандар - Мақсұт Шапиғи мен Сәрсенбі Дәуітұлы, екінші нұсқасын аударған - Абдулла қажы Жолдасұлы. Алғы сөзін жазған - көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков.

Араб, парсы, түрік-шағатай тілдерінде жазылған бұл аса құнды мұра алғашқы екі басылымда да толық аударылмаған болатын. Соңғы жылдары араб, парсы, түрік-шағатай тілдерінің білгірі, белгілі дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Жұманұлы Оразбай бұл еңбекті толық аударып шығып, 2014 жылы «Нұрлы өрнектер» деген атпен жариялады.

Мырзатай Жолдасбековтің жетекшілігімен Зәріпбай Жұманұлы бұл еңбектің аудармасының барлық нұсқасын мұқият қайта қарап шықты. Соның нәтижесінде еңбек толықтырылды, көп мәселелер анықталып, шешімін тапты. Ғылыми түсініктер жазылды. Осы айтылғандардың бәрі ескеріліп, кітап «Зикзал» деген атпен көпшілікке қайта ұсынылып отыр. Еңбектің түсіндірме сөздігі мен ғылыми түсініктерін жазған - Тәжиев Қазыбек Тоғызбайұлы.

Тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының бірінен саналатын бұл еңбегін Бекасыл Биболатұлы адам баласының танымын қалыптастыру мақсатында жазған. Автор өзі өмір сүрген дәуір мен қоғамның заңдылықтарын, өзіне дейінгі көшпелі далалық өмір салтындағы дәстурлі қазақи дүниетанымдық болмысты исламның этикалық талап-құқығы негіздерімен үйлестіре отырып, туған халқын рухани тазалыққа шақырады. Адамзат қалыптастырған өмір салтын, ислам қағидаттарын терең меңгерген дана осы еңбегімен өзінің арғы-бергі замандағы асқан ғұламалардың бірі екендігін дәлелдейді.

«Зикзал» - исламның асыл қасиеттерін, адамзаттың байтақ тәжірибесі мен дәстүрін, өмір салтын, замананың ой-санасын, ғылымның сан-саласын қамтыған, қазақ топырағында бұрын-соңды кездеспеген аса құнды, тағылымды, ғибратты мұра. Бұл еңбек өзбек тіліне де аударылып, баспаға берілді, келешекте ағылшын тіліне де аударылады.

Кітап ғалымдарға, ізденушілерге, дінтанушыларға, қалың оқырмандарға арналады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ