Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Алаш көсемсөзі

76.12(5Қаз)

С 17

Сақ, Қ.

   Алаш көсемсөзі [Мәтін]. Т. 4 : Шаруашылық мәселесі / Қ. Сақ. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2018. - 400 б.

 

XX ғасырдың басында қаймана қазақтың қамын ойлап, ұлт-азаттық күресінің көрігін қыздырған алаш зиялылары елдік мүдденің бір тұтқасы ретінде ел ішінде кәсіпкерлікті дамыту жолдары мен шаруашылық ісін жүргізудің тиімді үлгілерін өз көсемсөздеріне арқау етті. Егін егу, мақта шаруашылығын жетілдіру, мал тұқымын асылдандыру, өндіріс орындарын ашу секілді кәсіп көздеріне қатысты мәселелердің түйінін шешу мақсатындағы ой-тұжырымдары бүгінгі күні де құнды.

Жинаққа алаш көсемсөзшілерінің XX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қалың оқырманмен қауышқан қазақтың тұңғыш газет-журналдарында жарық көрген кәсіпкерлік пен шарауашылық жайында жазылған құнды туындылары мен тақырыпқа қатысты мұрағат материалдары топтастырылып отыр.

Кітап ел экономикасының өсу жолдарын зерттеушілерге, алаштанушылар мен алаш публицистикасына қызығушылық білдіретін жалпы оқырман қауымға, сонымен бірге «журналистика» мамандығы білімін алушыларға арналады.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus