Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлттық тәрбие тағылымы

74.65(5Қаз)

Ж 80

Жұбанова М.Қ. Ұлттық тәрбие тағылымы (Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасы   негізінде).   -  Алматы:   «КИЕ»  лингвоелтану   инновациялық орталығы, 2012. - 136 бет.

 

Ұлттық тәрбие халықтың өмір жолының, мәдени-рухани құндылықтарының ажырамас бөлігі екендігі ақиқат. Сондықтан ұлттық тәрбиеге қатысты әдістемелік, лингвистикалық зерттеулерді ғылыми қауым мен жалпы жұртшылыққа таныту - әрқашан күн тәртібінде тұратын мәселе. Осы орайда мұндай игілікті іске педагогика саласының маманы Мүслима Құдайбергенқызы Жұбанова үлкен үлес қосып отыр. Ғалым бұл мәселенің түйінін көрнекті түркітанушы, казақ тіл білімінің теоретик маманы проф. Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың ғылыми мұраларынан іздейді. Автор ғалым еңбектеріндегі ұлттық тәрбие тарихын тануға жөн сілтейтін фактілер мен тұжырымдарға ғылыми-танымдық талдау жасайды.

Қазақ халқының ұлттық тәрбие берудегі тәжірибелерін зерттеуге жол сілтейтін алғашқы үлгілердің бірі ретіндегі бұл шағын зерттеу жұмысын педагог мамандармен қатар, жоғары оқу орындарының магистранттары, РhD докторанттары мен студенттері, сондай-ақ бала тәрбиесімен айналысатын қалың жұртшылық та оқып, керегін алады ғой деп ойлаймыз.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus