Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дүниежүзі түркологиясының тарихы

63.2(0)

Д 87

  Дүниежүзі түркологиясының тарихы [Мәтін] : хрестоматия. 1-бөлім / құраст.: Ш. И. Ибраев, К. Н. Келімбетов. – Алматы : Раритет, 2019. – 312 б.

 

Ұсынылған хрестоматия түркология тарихына қатысты теориялық постулаттардың (compendium) жиынтығынан, түрколог ғалымдардың зерттеулері (scientist opus) мен есімнамадан, пайдаланылған әдебиеттерден тұратын оқу құралы болып табылады. Хрестоматияға әртүрлі елдер мен дәуірлерге қатысты түркологтардың ғылыми еңбектерінен үзінділер енгізілген, оны білу болашақ түрколог мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Хрестоматиядағы еңбектердің бір бөлігі бүгінде сирек қолданылатын библиография болғандықтан, барынша кең ауқымда ұсынылды, қалғандары қысқа нұсқада берілді.

Хрестоматия «Дүниежүзі түркологиясының тарихы» (Алматы, 2016) монографиясына негізделіп жазылған.

Хрестоматияға іріктелген ғалымдардың еңбектері сала ішіндегі зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды, сондықтан қолдарыңыздағы оқу құралы тек түрколог-студенттерге ғана емес, зерттеушілер мен оқытушылар үшін де, түркология мәселесіне қызығушылық танытқан қалың оқырман үшін де өзекті болары сөзсіз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ