Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұлттық апатты тану

63.3(5Қаз)61

Қ 60

 Қойшыбаев, Б. 
    Ұлттық апатты тану [Мәтін] : публицистикалық хроника / Б. Қойшыбаев. – Алматы : Арыс, 2019. – 304 б. 

1989 жылғы 8 сәуірде Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы шаңырақ көтерген Құрылтайшы конференция өтті. «Әділет» қоғамының алдына қойған негізгі жарғылық міндеттердің бірі – ашаршылық құпияларын ашу еді. Ашаршылық – қазақ халқының Ұлттық апаты – Ресей Федерациясының құрамында болған Түркістан Автономиялық Федеративті Советтік Республикасындағы 1917–1918. Қазақ Автономиялық Советтік Республикасындағы 1921–1923, екі республиканы жайлап жатқан қазақтың жер-суы мен халқы біріккен Үлкен Қазақстандағы 1931–1933 жылдары тікелей 4,5 млн., ықтимал табиғи өсімді қоса есептегенде 10 млн. адам өмірін жалмады. Қазақтар өз елінде халықтың үштен біріне де жетпейтін ұлттық азшылық болып қалды. Қайта құру жыл­дары ұйысып, сталинизм қылмыстарын әшкерелеуді мақсат еткен «Әділет» қоғамының мүшелері қатарында қалам тербеп жүрген жазушы Бейбіт Қойшыбаев қоғамның осы тараптағы қызметін көрсететін «Ұлттық апатты тану» атты публицистикалық хроникасын оқырмандар назарына ұсынып отыр.

Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының шаңырақ көтергеніне 30 жыл толуына орай жарыққа шығарылып отырған бұл жинақ Отан тарихымен әуестенетін қалың көпшілікке, зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға, барлық жастарға арналады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ