76.0
Ә 55
Әлімжанова, А. Б.
Мультимедиалық журналистика [Мәтін] : монография / А. Б. Әлімжанова. – Алматы : Қазақ университетi, 2020. – 163 б.
Ғылыми еңбекте қазіргі мультимедиалық журналистиканың даму бағыттары, әлемдік және отандық медиа кеңістікте зерттелуі жан-жақты қарастырылады. Мультимедиалық контентті оңтайландыру жолдары ұсынылады. Шығармашылық бағыттарды дамытуда лонгрид, сторителлинг форматтары жаңа жанр түрлері ретінде ұсынылады. Медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту жолдары айқындалады. Журналистік зерттеудің тиімді тәсілі – фактчекинг туралы тың мәліметтер беріледі. Мультимедиалық Big-data үлкен деректер қорын құрудың алғышарттары мен виртуалды кеңістіктегі иммерсивті технологиялардың ерекшеліктері айқындалады.
Ғылыми зерттеу жұмысы студенттер, магистранттар, докторанттар мен медиа саласын зерттеушілерге, сондай-ақ жаңа медиаға қызыққан барша қауымға арналады.