Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың!

74.200.5

И 98

Иіпұлы, Т.
    Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың! [Мәтін] / Т. Иіпұлы. – Нұр-Сұлтан : Big Dream, 2021. – 434 б. : сурет. – (Балалар әдебиеті жылы).

Ақын-драматург, қоғам қайраткері Тойшыбек Иіпұлы «Ұмытпа, ұлылардың ұрпағысың» атты кітабын «Big Dream» баспасына ұсынып отыр. Бұл туынды барлық сынып оқушыларына берері өте мол шығарма екен. Кітаптың ата-аналар мен ұстаздар үшін де таптырмасы анық. Бір ерекшілігі құнды мағлұматтармен қатар балалар үшін оқуға өте жеңіл. Кітаптың ұзақ та табанды еңбектің нәтижесінде дүниеге келгеніне дау жоқ. Мұндағы аң-құс, теңіз жануарлары, салт-дәстүр, дүние-мүлік, ұлттық ойын атауларын жинап, ұйқастырып ретке келтірудің өзі оңай шаруа емес екендігі анық. «Қайран ана, киелі», «Уақыт үні» публицистикалық поэмалары адамзатқа қасірет әкелген соғысты айыптаса, «Ана туралы аңыз» ізгілік пен зұлымдықты арқау етеді. «Ғарыштағы ғажайып» поэмасы оқиғаға толы қызғылықты етіп жазылған. Әлемдік мәселерді қамтыған. Поэзия тілімен жазылған ғылыми шығарма десе болғандай. Кітап оқуға жеңіл шымыр шыққан. Балаларға арналған шығармалар сирек жазылатын қазіргі кезде бұл еңбек ауадай қажет екені анық. Ұлтын сүйетін ұландарды тәрбиелеуде осындай еңбектердің атқарар рөлі ерекше.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ