Жүнісұлы, Ж. Ұстаздардың ұлағатты ұстазы
74.204
Ж 88
Жүнісұлы, Ж.
Ұстаздардың ұлағатты ұстазы [Мәтін] : Жасбуын орта
мектебінде : естеліктер, мақалар, өлеңдер, ой-толғаулар / Ж.
Жүнісұлы. – Қостанай : Қарлығаш, 2023. – 245 б. : сурет.
Бұл кітапта КСРО «Халық ағарту ісінің үздігі», Қостанай облысының Амангелді ауданында ең алғашқы болып «Ұстаздардың ұстазы» құрметті атағымен марапатталған Қияқ Ыбышұлы Бейсембаевтың өнегелі өмір жолы, ұстаздық қызметінің бай іс-тәжірибесі, соңында қалған ізгі істері мен ұрпақтары, шыққан ата-тегі, туған-туыстары, атамекені туралы баяндалады. Кітап елі мен жерінің нағыз ұлтжанды перзенттерін тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұстаздар мен ата-аналарға, туған өлкесінің жақсы-жайсаңдарын танып, білуге ынтызар қалың оқырман қауымға арналған.