Алтынсарин, Ы. Қазақ хрестоматиясы
74.03(5Қаз)
А 46
Алтынсарин, Ы.
Қазақ хрестоматиясы [Мәтін] / Ы. Алтынсарин ; [құраст. А.
Мұқышева]. – Алматы : Өлке, 2024. – 239 б.
Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының еш бірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық. Сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық.
Тұңғыш рет шыққалы отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның кейбір кемшіліктері де болуы мүмкін; бірақ сонда да болса, бұл кітап ізсіз қалмас, тұңғыш оқу кітабы ретінде көздеген мақсатына жетер деген үмітпен өзімді жұбатып отырмын. Осы күні халқымыз өз тіліндегі ғылыми оқу құралдарына аса сусап отыр. Пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамамыз келгенінше қызмет ету – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Ибраһим АЛТЫНСАРИН, Торғай қаласы, 1879 жыл.