Сәулебек, А. Толғауы терең Тоқсан би
63.3(5Қаз)
С 28
Сәулебек, А.
Толғауы терең Тоқсан би [Мәтін] : танымдық-зерттеу кітабы / А.
Сәулебек ; [идея авторы – М. Тасмағанбетов ; алғысөзін жазған – Б. Тұрғараев]. – Алматы : Полиграфкомбинат, 2024. – 215 б. :
сурет.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтбай Сәулебектің зерттеу кітабының Тоқсан би атамыз туралы бұрынғы санаулы жинақтан ерекшелігі – тек Қазақстанда ғана емес, көршілес Ресей мемлекетінің Омбы, Түмен, т.б. қалаларында тұратын дуалы ауызды, орақ тілді бидің ұрпақтарын іздеп, кейбірімен сұхбаттасып қайтқандығы.
Жасыратыны жоқ, Тоқсан би Жабайұлының өмірі, оны айтасыз, туған-қайтқан мерзімі жөнінде тарихи дерек жоқ. Сондықтан автор би атаның өмір сүрген уақытын «XVIII–XIX ғасыр» деп атап көрсеткен.
Автордың жаңалығы сол: ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мұрағатында жатқан араб тіліндегі Тоқсан бидің кейбір шешендік сөздерін ана тілімізге аудартып, бұрын аударылған нұсқаларды және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған араб, латын, қазақ тіліндегі мұра туралы мәліметті осы кітабына қосқандығы.
А. Сәулебек Тоқсан би атамыздың кесенесін тұрғызуға, ас ұйымдастыруға, жинақ шығаруға қол ұшын берген Солтүстік Қазақстан облысындағы қолдаушы-азаматтарды таныстыруды да ескерген. Тоқсан бидің шешендік сөздерінің орыс тілінде тұңғыш рет жарық көруі – автордың өз идеясы.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.