Ильминский, Н. Н. Ы. Алтынсарин туралы естеліктер
74.03(5Қаз)
И 45
Ильминский, Н. Н.
Ы. Алтынсарин туралы естеліктер [Мәтін] = Воспоминания об Ы. А. Алтынсарине жинақ / Н. Н. Ильминский ; [ред. Б. Қапалбек ; жинақты факсимилие тұрпатында баспаға
дайындаған, алғы және түйін сөздерді жазған, қосымшаны дайындаған А. Әбсадық]. – Алматы : [б. ж.], 2025. – 265 б. : сурет.
Алтынсаринтану арнасының басты өзегінде тұрған күрделі шығарманың бірегейі – Н. Ильминскийдің «Ы. А. Алтынсарин туралы естеліктер» («Воспоминания об И. А. Алтынсарине») деп аталатын тарихи туындысы. Кітап 1891 жылы Қазан қаласында жарияланды. Шығарылымы шектеулі болған мемуарлық әрі тарихи туынды баспадан жарияланысымен сирек кездесетін шығарма қатарына еніп, кеңестік дәуірде мүлде «жабық» күйде қалды. Сол дәуірде белең алған таптық идеологияның кесірінен Н. Ильминскийдің еңбегімен түпнұсқада танысу көпшілікке мүмкін болмады, ал ішінара қайта басылған кітап мазмұны цензураның өткір қылышына ілікті.
Тарихи сирек туындыны факсимиле форматында сақтай отырып маңызы зор еңбектің сыр-сипатын, танымдық дерегін жаңаша көзқараспен талдап, тың мазмұнмен толықтырып, кең көлемді жинақ ретінде қайта жариялау – көрнекті ағартушы Ы. Алтынсарин мен оның заманы туралы мәліметтерге тың деректер қосатыны анық.
Жинақ алғы сөз, түпнұсқаның факсимилесі, түйін сөз, қосымшалар бөлімдерінен тұрады. Алғы сөзде Н. Ильминский «Естелігінің» тұлға тану және тарихи деректік сипаты зерде-зейін нысанасына алынса, түйін сөзде шығарманың мән-маңызы қорытындалады. Қосымшада сирек құжаттар көшірмесі мен фотосуреттер беріледі.
Кітап Алтынсаринтанушы ғалымдарға, тарихшы, педагог мамандарға және жалпы көпшілік қауымға арналады.