Зәкенұлы, Т. Мың бір бітік
63.3(5)
З-33
Зәкенұлы, Т.
Мың бір бітік [Мәтін] : тарихи зерттеулер / Т. Зәкенұлы. –
Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. – 463 б.
«Мың бір бітік» атты бұл жинаққа тарих ғылымдарының докторы, про¬фессор Тұрсынхан Зәкенұлы Қайыркеннің бұған дейін жарық көрген және соңғы уақытта жазылған бір бөлім ғылыми мақалалары топтастырылған. Үш бөлімнен тұратын кітапта тарихтың дәуірлік-хронологиялық тәртібі бойынша байырғы дала өркениеті, көшпенділер мәдениеті мен отырықшылық мәдениеттің қарым-қатынасы, көне жібек жолы бойындағы байырғы қалалар, көк түріктердің жазу мәдениеті, бітік жазулары және олардың тарихи негіздері, Орталық Азиядағы діни-рухани байланыстар, қазақ этногенезімен қатысы бар байырғы этностар (оғыздар, ежелгі ұйғырлар және ойраттар), Қазақ хандығы кезеңі бойынша қысқаша дерекнамалық, тарихнамалық көзқарастар, т.б. мәселелер зерттеп-зерделенген. Кітап қазақ тарихының ерте, орта ғасыр кезеңдері бойынша қызығушылық танытатын барша көзі қарақты оқырманға арналған.