Қазақстандағы 1920–1930-шы жылдардағы қоғамдық негізде ағартушылық қызмет атқарған ұйымдардың тарихы
63.3(5Қаз)61
Қ 18
Қазақстандағы 1920–1930-шы жылдардағы қоғамдық негізде
ағартушылық қызмет атқарған ұйымдардың тарихы [Мәтін] :
ұжымдық монография / ҚР Ғылым және жоғары білім м-гі, Ғылым
комитеті ; Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
ин-ты ; [авторлар ұжымы: Ә. К. Шашаев [т. б. ]. – Алматы : Радуга,
2023. – 295 б. : сурет.
Ұжымдық монографияда Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнауы барысындағы аса бір қиын кезеңдегі қазақ зиялыларының мемлекеттік аппараттағы қызметтерінен бөлек, сонау революцияға дейін бастау алған қоғамдық ұйымдарға бірігіп, тәуелсіз ел болуға ұмтылыстың жаңа бір тәсіліне көшіп, ағартушылық жолына түскен кездегі қоғамдық қорлардағы қызметі талдауға алынған. Зерттеу барысында Ресей Федерациясы және Қазақстан Респубикасының архивтері мен кітапханалары қорларының мол құжаттық мәліметтерімен жұмыс жасалып, мазмұндық мәтіндерге енгізілді. Монографиялық зерттеу аталған тақырыпқа қызығушылық танытатын барлық оқырмандарға арналған.