Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

74.262

Ә20

Әбілқасымова, А. Е.

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: дидактикалық-әдістемелік негіздері : оқу құралы / А. Е. Әбілқасымова.- Алматы: Мектеп, 2014.- 220 б.

 

Математиканың оқу пәні ретінде ғылымдағы кейбір заңдар, түсініктемелер мен әдістемелер жиынтығы болып табылмайтындығы белгілі. Оқушылардың жеке басының қабілеті мен мүмкіншіліктеріне, оқуға деген қызығушылығына сәйкес әр түрлі деңгейлі мектеп моделі мен қай пәнге болмасын даралап оқыту жағдайында математиканы оқыту процесі қайта қарау мен жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда, әрине, дидактар мен психологтардың, әдіскерлер мен математик мамандардың жұмыла жасаған жұмыстары өз нәтижесін беретін анық. Аталған мәселелер болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын одан әрі жетілдіру қажеттігін тудырады. Әрине, мұнда болашақ мұғалімді математиканы оқыту әдістері мен теориялық тұрғыдан дайындап қана қоймай, олардың педагогикалық ой-өрісін кеңейтудің, әдістемелік шеберлігін қалыптастырудың, қазіргі жағдайдағы математикалық білімнің рөлі мен маңыздылығын санасына енгізумен қатар оқу процесін ұйымдастырудың жалпы принциптерін, формалары мен әдістерін бойына сіңіруді ескерген жөн. Оқу құралы осы айтылған мәселелерге арналған. Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындары мен университеттер студенттеріне, математиканы оқыту әдістемесін жүргізетін және арнайы кафедралардың оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының қызметкерлеріне арналған. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ