Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері

63.5

Б 38

Бейсенбайұлы, Ж.

   Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері [Мәтін] / Ж. Бейсенбайұлы. – Алматы : Қазақпарат, 2017. - 400 б.

Кітапта Ұлы Даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық, этимологиялық және т.б. зерттеу нәтижелері салғастыра сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, негізінен, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі. Олардың тас дәуірлеріндегі климаттық жағдаяттарға байланысты әр тарапқа таралу бағыттары мен сол қауымдардың кейінгі ұрпақтарының неолит, энеолит замандарында сероглазов, мақанжар, атбасар, көнешұңқыр, ботай секілді бірқатар түздік мәдениеттер аясында тіршілік кешкеніне, көптеген этномәдени нышандардың өзара сабақтас екендігіне назар аударылады. Бұл ортақ сипаттардың қола ғасырларда жалпы ұлыдалалық беғазы- дәндібай мәдениетіне, Алтай, Ордос, Шығыс және Батыс Түркістан аумақтарындағы соған ұқсас құнарлы дәстүрлерге ұласқаны пайымдалады. Кейінгі сақ, хун замандары тайпалары көбінің Ұлы Дала кеңістігінде талай ғасыр бойы қатар өмір сүріп келе жатқан арғы түрік сипатты жұрттар екендігі кейінгі жылдарда жүргізілген әртүрлі жаңашыл ғылыми қорытындылар арқылы пысықталады.

Кітап авторы Ж.Бейсенбайұлы – белгілі жазушы, зерттеуші, шоқантанушы. Филология ғылымының кандидаты. Оның бұған дейін халқымыздың ежелгі этномәдениетіне арналған «Арғы түріктер ақиқатының ізімен» (2006) зерттеу кітабы, «Орталық Азиядағы арғы түрік сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер» (2015) атты ғылыми монографиясы жарық көрген.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ