86.38
Д 21
Дәстүрлі ислам жауһарлары [Мәтін] : [орта ғасырларда (X-XVI ғғ.) жазылған діни еңбектер мен шығармалардан үзінділер жинағы] / Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ; [ред. К. Қошым-Ноғай]. – Астана : Таңбалы, 2016. - 392 б.
Адам баласының ең үлкен байлығы - құдіретті бір Жаратқанға деген иманы. Қолдарыңыздағы еңбек иманы кәміл бабаларымыздың баға жетпес асыл мұрасы.
Ғасырлар қойнауынан жетіп бүгінгі тәуелсіз елдің ұландарын ізгілік пен туралыққа шақырған ортағасырлық бұл мәтіндер - ұлттық руханиятымыздың темірқазығындай.
Кітапта X-XVII ғғ. аралығындағы Қараһандықтар, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлерінде жазылған діни-танымдық, діни-сопылық, діни-канондық және діни-ғибраттық туындылардың озық үлгілері жинақталған.
Кітап - дінтанушыларға, гуманитарлық сала мамандарына, студенттер мен зерттеушілерге, иман байлығын барлық құндылықтан биік санайтын барша оқырман қауымға арналады.