Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жұртымның бір керегіне жарасам деп...

76.3

Б17

Байдалы, С.

  Жұртымның бір керегіне жарасам деп... [Мәтін] / С. Байдалы. – Алматы : Баянжүрек, 2016. - 432 б.

 

Оқырман назарына ұсынылып отырған «Жұртымның бір керегіне жарасам деп...» аталатын кітаптың авторы Сәбит Байдалы өзінің саналы ғұмырын көгілдір экран мен радиоэфирдегі қызметке жұмсаған адам. Қазақстан телерадиокорпорациясы жүйесіндегі қызмет баспалдақтарынан біртіндеп өтіп, Жезқазған, Қарағанды облыстық телерадиокомпанияларында, корпорация аппаратында, Қазақ радиосында басшылық қызметтерде болған ол осы саланың тарихынан тамыр тартып, оның өзі еңбек еткен қезеңіндегі хал ахуалына және болашақ бағыт бағдарына талдау-барлау жасайды. Кітаптың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасында телерадио ісін ұйымдастырушылардың назарын аударуға тиіс кәсіби көзқарас, түйінді ой-толғамдар аз емес. Онымен танысу теледидар мен радио қызметкерлері үшін ғана емес, көрермендер мен радиотыңдаушыларға да, журналистика факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін де қызықты, маңызды.

Сондай-ақ туып өскен өңірінің, еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени жұмыстарына да белсенді қатысқан автордың қазіргі таңда еліміздің саяси кеңістігінде өз орнын тапқан «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі ретінде әртүрлі кезеңдерде жазған ой-толғамдары кітаптың екінші бөлімін құрайды. Оның ішінде, әсіресе, партия алдына «Алаш» қозғалысының идеяларын көпшілікке насихаттап, таратуды мақсат етіп қойғандықтан, партияның идеологтарының бірі ретінде «Алаш» қайраткерлерінің мұрасын тарату, өскелең ұрпаққа аманаттау бағытындағы іс-шараларда жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерін, әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалаларын осы кітапқа енгізген. Олар негізінен көкірегі ояу көпшілікке арналған. Еліміздегі партия құрылысы тарихына ден қоюшы саясаткерлердің, алаштанушылардың, саясаттану факультеттеріндегі студенттер мен оқытушылар назар аударатынына үміттіміз. Үшінші бөлімді құрайтын «Атамекеннің пәлсапалық мұратын» жазу - ұлтымыздың ұясы атанған Ұлытау өңірінің тарихы бүгінгі егеменді еліміздің игілігіне қызмет жасаса деген ізгі ниеттен туындаған. Автор қай тақырыпта әңгіме қозғаса да, оның өз туған халқына, ұлтына деген тереңнен бастау алатын ыстық ықыласы, ел кәдесіне жарасам деген азаматтық санасы сезіліп тұрады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ