Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Таурих-и хамса-и шарқи - Шығыстың бес тарихы

63.3(5)

Х 17

Халиди, Қ.

   Таурих-и хамса-и шарқи - Шығыстың бес тарихы [Мәтін] : қолжазба, кітаби нұсқа, транскрипция, аударма. 1-кіт. / Қ. Халиди. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 328 б.

 

Қазақ тарихына қатысты аса кұнды жәдігердің бірі - Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и хамса-и шарқи» - «Шығыстың бес тарихы» (1910) исі түрік қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсының ғылыми терминдері барынша еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы басылымдары қысқартылып не баяндалып қана берілген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы мен Ұлттық академиялық кітапхананың сирек қоры бөлімі бірлесе отырып жүзеге асырған бұл жоба тарихшының қолжазба мәтінінің барынша дұрыс оқылуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

Қолжазба мәтіні Қазан, Алматы басылымдарының мәтіндерімен салыстырылды. Айырмашылықтар мен түзетулер, автордың өзі не аудармашылар тарапынан жасалған қысқартулар ажыратылды. Қолжазба мен Қазан басылымының көшірмесі, қолжазбаның транскрипциясы мен қазақша аудармасы қатарластырыла ұсынылды. Бұл осы еңбекке назар аударған мамандар мен ғалымдардың мәтіні және грамматикалық құрылымы аса күрделі еңбектің төрт нұсқасын салыстыра қарастырып, ғылыми пікір топшылауларына дәйек іздеуге септігі тисін деген ізгі тілектен туды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ