63.3(5Қаз)
Қ 16
Қаз дауысты Қазыбек би [Мәтін] : мақалалар жинағы. Т. 1 / [құраст.: М. Хамзин т. б.]. – Алматы : Mep-Press, 2017. - 475 б.
Бұл жинаққа қазақ халқының атақты биі, көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат, қазақ қоғамы өмірінің барлық саласын қамтитын «Жеті жарғы» құқықтық заң жобасын жасаушылардың бірі — Қаз дауысты Қазыбектің өмірі, қызметі туралы отандық, алыс- жақын шетелдік мұрағаттар қорынан алынған жазба деректерге, мағлұматтарға, хаттарға негізделген ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр.
Авторлар көп еңбектенудің, ізденудің нәтижесінде, атақты бидің өмірдерегі жайлы бұрын белгісіз болып келген соны, тың, қызғылықты мәліметтерді оқырман назарына ұсынған. Сонымен бірге ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттегі Қазыбек би туралы аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар да кемеңгер бидің халық жадындағы бейнесін сомдай түсіп, жарқыратып аша түскен.