Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сатыбалды ишан (Қыпшақ ишан) Ғабдоллаұлы

86.38

С 23

  Сатыбалды ишан (Қыпшақ ишан) Ғабдоллаұлы [Мәтін] : тағдыры мен тағылымы / құраст. Зияутденов Р. С. – Павлодар : Сытина Н. И. баспаханасы, 2017. - 178 б.

 

Оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап, Қазақ жерінде Ислам дінін уағыздаушылардың бірі болған, Қыпшақ тайпасының өкілі, дін қайраткері, Таш­кент пен Бұхара медреселерін тәмамдаған, жастайынан жетім өскен, қырық жылдай ағартушылық ғұмырын қасиетті Қазығұрт, Шыршық, Ташкент, ұлы әулие Қожа Ахмет Йассауидің ата-бабалары, әз-әулиелер жатқан Сайрамда өткізген, Сайрам (Қарауыл оба мекені, Оңтүстік Қазақстан облысы), Батпаққара (Торғай облысы) елдерінде мешіттер салдырып, медреселер ашқан, мұсылманшылықты насихаттаған Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлының қиын тағдыры мен тағылымға толы өмір жолынан сыр шертеді. Жинаққа жеке мұрағаттағы құжаттар мен әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар жүйеленіп беріліп отыр.

Әке жолын қуған, мешіт салдырып, елді имандылыққа үндеген, ойранды 30 жыл­дары «дін басы, ұлтшыл ұйым басшылары» деген жалған жаламен қуғын-сүргінге ұшыраған, жазаға тартылған, жазықсыз атылған, тағдыр тауқыметін тартқан әз-ата балалары жөнінде де деректер кіргізілген.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ