Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Абай және қазақ елінің болашағы

87.3(5Қаз)

С 28

Сәбден, О.

   Абай және қазақ елінің болашағы [Мәтін] : (қара сөздердің XXI ғасырда іске асыру тетіктері) / О. Сәбден. - Алматы, 2017. - 216 б.

 

Халқымыздың дана да дара кемеңгері, данышпан ақыны әрі ұлы ойшылы - Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Осыны негізге алған автор XXI ғасырда жаһандану заманына жаңа көзқараспен қарап, инновациялық серпіліс беріп, әлеуметтік-экономикалық талдау жасап, алдағы цивилизациялық сұраныстарға лайық деген өзінің ой толғамдарын оқырмандарға ұсынып отыр. Бұл еңбекте Абайдың ой-тұжырымдарын ертеңгі ізгілендіру қоғамын құруға, оның моральдық кодексін жасауға пайдалану әрекеттері көрініс тапқан. Қазақ елін алға жетелейтін құндылықтардың тетіктері мен тың пікірлер берілген, болашаққа бағыттайтын жол мен жобалар да бар. Бұл кітапта Абай іліміне үлес қосқан ғалымдардың пікірлері берілген.

Кітап көпшілік оқырмандарға, әсіресе жастарға және болашақ адамзат өркениетіне бейжай қарамайтын қауымға арналған. Автор, аз да болса, бұл еңбек Қазақстанның келешекте дамыған, демократиялық мемлекеттердің қатарына жетуіне өз септігін тигізеді деген үмітте.

Автордың рұқсатынсыз аталған жұмысты немесе оның бөлігін тарату, авторлық құқық бойынша нормаларды бұзу және басқа да әрекеттер заңмен қудаланады.

Үшінші рет толықтырылған басылым.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus