Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Мен қалай батыл болам?

84(4Вел)

Х66

Ховарт, Х. 
    Мен қалай батыл болам? [Мәтін] : ертегі / Х. Ховарт, Д. Ховарт ; қазақ тіліне ауд. Ж. Шамұратова. – Астана : Фолиант, 2015. – 36 б. 

 

Бұл ертегіде жұмыртқаны жарып шыққан кішкентай тасбақа өзі сияқты мыңдаған тасбақалармен бірге теңізге қарай жүгіріп келеді. Әлдебір түйсігі егер тез жетіп алмаса, төбе тұсынан бір қауіптің төніп тұрғанын, яғни сәл кешіксе шағала сияқты құстардың жеміне айналарын сездіреді. Тасбақа үшін жаңа өмір басталды. Ол мұхиттың түбіне түсіп, бұл жерден өзі секілді тасбақаларды көрді. Тасбақалар ұзақ өмір сүретіндіктен, әбден есейгенше мұхитта тіршілік етеді. Оның арманы - есейгенде өзі дүниеге келген құмға барып тіршілік ету, өмірдің қалай жалғасатынын бақылау.

Ертегі арқылы балалар жануарлар туралы білетін деректерін ортаға салады. Сондай-ақ жануарларды қорғаудың маңыздылығы айтылады. Медузамен қоректенетін тасбақалардың адамдар лақтырған пластик пакеттерді жұтып қойып өліп қалып жататыны — көпшілікке ой саларлық жағдай.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ