Кемелбаева, А. Салхар
83.3(5Қаз)6
К 29
Кемелбаева, А.
Салхар [Мәтін] : эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. – Алматы : Тоғанай Т, 2024. – 334, [1] б.
«Салхар» атты жаңа кітап – жазушы, әдебиеттанушы, кинодрама¬тург, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы және «Айбоз» Ұлттық сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаеваның әдебиет теориясы бойынша төртінші жинағы. Автордың «Мәжнүн жүрек» (2013), «Сөз хикмет» (2016), «Папирус» (2020) атауымен бұрын жарық көрген жинақтарына әр жылдарда республикалық баспасөз бетінде жарияланған эсселері мен әдеби портреттер, сұхбаттары енсе, бұл кітап жанры жағынан солардың рухани жалғасы болып табылады. Ең бастысы, әр том бірін-бірі қайталамайды, қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған зерттеу еңбектері.
Кітап әдебиет теориясын тереңдеп оқытатын оқу орындарына әрі талғамы зор оқырман қауымға арналған.