Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қорғасбек, Ж. Үндеме
83.3(5Қаз)6
Қ 66
Қорғасбек, Ж.
Үндеме [Мәтін] : эссе кітабы / Ж. Қорғасбек. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2025. – 143 б.


Жүсіпбек Қорғасбек – қазақтың белгілі жазушысы, журналист, қоғам қайраткері. Жазушының алғашқы шығармасы 1985 жылы «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағымен шықты. Кейінгі жылдары ол қазақ оқырмандарына «Жансебіл», «Қасқыр-Адам», «Жынды қайың», «Үлпілдек», «Көкжалдар» сынды жинақтарымен танылды. Оның туындылары қоғам мен адам тағдырын тереңнен зерттеп, қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын шынайы суреттеумен ерекшеленіп тұрады. Әрдайым оқырмандарын толғандырып, терең ойға жетелейді. Өмірдің мәнін түсінуге ықпал етеді.
Қолыңызға тиіп отырған «Үндеме» эссе кітабы жоғарыда айтқан ойымыздың шынайы жалғасы десек те болады. Ойы анық, шығарманың тілі көркем, тартымды оқылады.
Кітап көпшілік қауымға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ