85.31(5 Қаз)
Қ 24
Қазақ әні қалай космополиттенді. Хасен Қ-А. - Алматы: Тел Арна, 2008. - 132 бет
Бұл жинақ белгілі композитор, жазушы, саяси кайраткер Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің 2006-2007 жылдары жазған музыка зерттеу саласындағы үш еңбегінен тұрады. «Білгенге маржан, білмеске арзан парасатты музыка» мақаласы музыка өнерінің адамзат өміріндегі маңызы, осы өнердегі негізгі ағымдар тарихы, т.б. проблемалық мәселелерден мағлұмат береді. «Әміре неліктен «Қыз Жібек» операсына қатыстырылмады» деген мақалада қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубайұлының өміріндегі «ақтандақтар» жайлы өзіндік тұжырымдар жасайды. Ал «Қазақ әні қалай космополиттенді?» атты еңбегінде музыка өнерінің ұлт болмысын қальптастырудағы маңызы, қазақ музыкасының ұлттық сипатын түзетін элементтері, ән жанрымыздағы ұлтсыздану барысы және оны түзету жолдары айтылады. Бұл мақаласы Көркемдік кеңестерге, композиторлар мен ән орындаушыларына, сондай-ақ, жалпы, қазақ музыкасының жанашырларына арналған.