Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Велосипед спорты
75.7я7
В 26
Велосипед спорты [Мәтін] : оқу құралы / Доскараев Б. М. [ т. б.]. – Алматы : Лантар Трейд, 2020. – 159 б.

Бұл оқу құралының негізіне заманауи ғылыми әдебиеттер мен озық тәжірибелерден туындаған мәліметтер ескеріле отырып, белгілі жаттықтырушылар мен мамандардың іс-тәжірибелері алынған. Сонымен қатар мұнда қолда бар ақпараттарды жүйелендіру мүмкіндігі қарастырылып, велосипед спортын жаңа бастаушыларға оның әдіс-тәсілдерін игерудің қадамдық стратегиясын оңай қабылдау үшін ыңғай жасалған. Онда велосипед спортының сипаттамасы және жас ерекшелік мәселелері, үйрету әдістері, жаттығу мен жарыс қызметтерінің ерекшеліктері, техника мен тактика, көпжылдық дайындық, физикалық дене дайындығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі көптеген мәліметтерді кездестіруге болады.

Велосипед спорты саласының мәселелеріне арналған бұл оқу құралы қазақ тілінде алғаш рет шығарылып отыр.

Аталған оқу құралы дене тәрбиесі мен спорт бағытындағы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, велосипед спортының қандай да бір түріне қызығушылық танытқан жалпы оқырмандарға және осы спортпен жаңадан айналысушыларға, сондай-ақ жаттықтырушылар мен сала мамандарына арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ