Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дина. Әсем қоңыр

85.315

Д 42

   Дина. Әсем қоңыр [Мәтін] / [құраст.: К. Сахарбаева]. – Алматы : Қазақ кітабы, 2021. – 286 б. : сурет, ноталар

Бұл еңбек ұлы күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып, аталмыш жобаға ұсынылған.

Мұнда, біріншіден – күй өнеріндегі теңдегі жоқ жарық жұлдыз Д. Нұрпейісованың шығармашылығын академик А. Жұбановтың зерттеулерінен бастап, Динатану жолындағы зерттеуші ғалымдар, күйтанушылар және өнертанушылардың жаңалықты мақалалары алғашқы рет топтастырылған;

Екіншіден «Күй анасы» шығармашылығының насихаты мен сақталуын сара жолға салған дәулескер күйші Қ.Ахмедияровтың, «Әсем қоңыр» Дина күйлері жинағы негізге алынып, күйшінің жаңадан табылған төл туындылары мен деректері ұсынылып, оның өнерінің жалғастығы бағытындағы т.б. маңызды факторлары мазмұндалған;

Үшіншіден Дина күйшінің өз орындауында бізге жеткен төл күйлері мен басқа да халық композиторлары туындыларының үнжазылымдары енгізілген;

Төртіншіден Дина күйлерінің А. Жұбанов, Қ. Ахмедияров т.б. мамандар хаттаған нұсқаларын белгілі және талантты жас күйшілер орындаған;

Бесіншіден күйші-композиторлардың «Күй анасына» арнау туындыларының нотасы мен үнжазылымы берілген;

Алтыншыдан еңбектің ең басты жаңалығы, Д.Нұрпейісова және оның күйлерін Р. Омаров, Ғ. Әлжанов, Б. Қарабалина, Қ.Ахмедияров сынды т.б. күйшілер орындауларының QR кілтімен берілуінде

Жинақ музыкалық оқу орындары мен концерттік ұжымдар орындаушыларына, сондай-ақ барша оқырман қауымға арналады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ