Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақтың зергерлік өнері

85.12 (5 Қаз)

Т 53

Тохтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік өнері. - Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2011.- 384 бет, суретті. 

 

Құнды фотосуреттермен безендірілген бұл кітап казақ халқының көне заманнан келе жатқан дәстүрлі қолөнерінің бір саласы зергерлік өнеріне арналған. Альбомда ежелгі артефактілер және XVІІІ-XXI ғғ. дәстүрлі әйелдердің зергерлік бұйымдарымен қатар белгілі бір мөлшерде зергерлік сән өнерімен әшекейленген басқа да дүниелер (белдіктер, ат әбзелдері, тұрмыстык заттар) енгізілген.

Кітапты безендіруге пайдаланылған суреттің көпшілігі Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынды.

Сонымен қоса басылымға қазақ зергерлерінің этностық дәстүр сабақтастығын көрсететін казіргі заман шеберлерінің туындылары енгізілді.

Кітапта археология, этнография, фольклористика, өнертану, семиотика мәліметтері негізінде қазақтьң зергерлік өнер туындыларына жүргізілген жүйелі (мәдени-генетикалық, морфологиялық-құрылымдық, көркемдік-техникалык, семиотикалық, тарихи-салыстырмалы) және кешенді сараптама қорытындылары берілді.

Мәтіндік және бай иллюстрациялық материалдар қамтылған кітап гуманитарлық бағыттағы мамандардың ғана емес, өз халкының шыгғармашылық мұрасына бей-жай қарамайтын қауымның да кызығушылығын тудырары сөзсіз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ