Кәкенұлы, Ж. Ақ зер
85.143(5Қаз)
К 24
Кәкенұлы, Ж.
Ақ зер [Мәтін] : Қазақтың бейнелеу әлемі суретші көзімен. Т. 2 / Ж. Кәкенұлы. – Астана : Фолиант, 2023. – 299 б. : сурет.
Қазақ бейнелеу өнерінің өкілдерімен қатар, шетелдік суретшілердің шығармашылығы қамтылған бұл кітап – 2013 жылы «Фолиант» баспасынан шыққан «Ақ зер» кітабының жалғасы.
Бұл еңбекте еліміздің дарынды кескіндемеші және графика суретшілерімен қатар, айтулы зергер, кестеші, кәсіби қолөнер шеберлерінің де жұмыстары тыңғылықты талданып, олардың өнер жолындағы алар орны белгіленіп, объективті бағасын беруге әрекет жасалған.
Кітап – халқымыздың аса бай тілінің бірегей сурет өнерін көпшілікке жеткізуде, жете түсіндіруде өте оралымды, ерекше икемді тіл екенінің жарқын көрінісі.
Оқырмандар мен суретшілер арасындағы байланыстың кәміл орнығуына қызмет етуді көздеген бұл жинақ жалпы өнерсүйер қауымға арналған.