Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әмір-Темір, Х. Ж. Режиссер жазбалары
85.334
Ә 58
Әмір-Темір, Х. Ж.
Режиссер жазбалары [Мәтін] : (Бірінші, екінші және үшінші
дәптерлер) / Х. Ж. Әмір-Темір. – Алматы : Тарпанбаева А. Ш.,
2025. – 175 б.

Кітаптың бірінші дәптерінде Хұсейн Жүсіпұлы Теміровтың Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда қазақ драма театрына (1967–1990) әуелгіде актер болып орналасып, содан режиссура саласына өту жолы, алғашқы ізденістері мен талпыныстары, классик және замандас драматургтердің сүбелі дүниелерін қою үстіндегі ұстанымдары мен шешімдері, театр актерлерімен тыным таппай жасаған репетициялары мен осы жылдары жүріп өткен өнер басқыштары жөнінде баяндалады.
Екінші дәптерде Х. М. Әмір-Темірдің 1992–2003 жылдары Алматы облыстық Б. Римова атындағы Талдықорған қазақ драма театрында қызмет еткен уақыты, енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы қиын-қыстау кезеңдерде театрдың қызметін тұрақтандырып, ұлттық сахна өнерінің қалыптасу жолында атқарған еңбектері әдеби тілмен баяндалады. Театрдың бас режиссері ұжыммен бірлесе отырып биіктерге ұмтылды, қиыннан қиыстырып репертуар жасақтады, жергілікті авторларды қатарға тартты, өзі де шабытты еңбектің үлгісін көрсетті.
Ал, үшінші дәптерде Сыр өнерінің мэтрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Х. Ж. Әмір-Темірдің 2003 жылдан 2021 жылға дейін Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық, музыкалық драма театрында көркемдік жетекші, сосын режиссер-кеңесші болып жүрген кезеңдегі Республикамызда және шет елдік фестивальдерде жүлделі орындарды иемденген спектакльдерді қоюмен қатар, труппаны қайта тәрбиелеп, Қызылорда театрының әлеуетін биік деңгейге жеткізіп, сыр елінің өнерін әлемдік биіктікке ұмтылдырған еселі еңбегі айтылады. Режиссердің биік талғаммен, эстетикалық тың әдістермен, философиялық шешімдермен қойған әрбір туындысы республика көлемінде биік бағаларға ие болып, шетелдік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Режиссердің кең тынысты спектакльдер қоюмен қатар өнерге деген адалдықпен жүріп өткен жолы және шығармашылық белестері жайында жазылған үш бөлімнен тұратын бұл туынды өмірден де, өнерден де өз орнын іздеген жастарға жақсы бағдар болары анық.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП