Ыбырайұлы, М. Адамның кейбір кездері
85.95
Ы 15
Ыбырайұлы, М.
Адамның кейбір кездері [Ноталар] : әндер, романстар / М.
Ыбырайұлы. – Алматы : Абай, 2025. – 234 б.
Абайдың сазгерлік мектебінің осы замандағы көрнекті өкілі Мұрат ЫБЫРАЙҰЛЫ (1938 ж.т.) музыкадағы ойшылдық дәстүрді дамытуға өз үлесін қосып келеді. Ұлы баба өсиетін берік ұстана отырып, «тыңдағанда көңілдің өсері бар» есті әндері арқылы халқының жүрегін ойлы әнмен тербетіп, мәнді сөзді сырлы әуенмен өріп, оятқысы келеді. Белгілі сазгердің «Адамның кейбір кездері» атты жаңа әндер, романс- тар жинағына қалың көпшілікке республикалық радио-теледидар арқылы, сол сияқты «Көңіл көктемі» (Алматы, «Өнер», 1989), «Арманыңды аяла» (Алматы, «Қағанат-ҚС», 1998) атты әндер жинағы арқылы таныс Абай өлеңдеріне арналған ән-романстарымен қатар әр тақырыпта кейінгі жылдары шығарылған жаңа туындылары топтастырылып отыр. Жинақ әнші-сазгерлер мен арнайы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, жергілікті жердегі өнер ордаларының мамандарына, жалпы әнсүйер қауымға арналған.