Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қаралы көш

84(5Қаз)

Ш 34

Шәкенұлы, Ж.

    Қаралы көш [Мәтін] : тарихи роман / Ж. Шәкенұлы. – Алматы : Асыл кітап, 2016. - 424 б.

 

Жер шарындағы ең ұзақ көштің бұйдасын ұстаған қазақтардың Алтайдан басталған көш керуені Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткені, одан бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырғаны бәрімізге аян. Десе де, осы көштің қалай басталғаны, оның қандай қанды жолдарды басып өткені жайында аса көп біле бермейміз. Ендеше қолыңыздағы «Қаралы көш» кітабы сол тарихи шындықтың терең қатпарына үңіліп, тағдыр тауқыметіне ұшыраған қазақ халқының қанды көші туралы көркем шежіре шертеді. Әсіресе, көш тізгінін ұстаған Елісхан Әліпұлының басынан кешкен трагедиялы тарихы кімді болса да бей-жай қалдырмай, оқырманын сан қилы оқиғалармен қызықтырып отырады.

Кітапқа үңілген әрқандай жанның жазушының өз кітабы жайында: «Осы кітапты тебіренбей оқыған адамның қазақтығына күмәнім бар» дегеніне еріксіз иланып, көзіне жас алатындығына шүбә жоқ.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ