Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Пісіру және өңдеу технологиясы

34.6я7

М 37

Мәшеков, С. Ә.

   Пісіру және өңдеу технологиясы [Мәтін] : оқу құралы. 2-бөлім / С. Ә. Мәшеков. – Алматы : Альманах, 2017. - 143, [1] б.

                           

Оқу құралы Мемлекеттік білім беру стандартының 5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының оқу бағдарламасына және басқа да техникалық мамандықтарға «Пісіру және құю технологиясы» жалпы пәні бойынша сабақты беру талабына сәйкес жазылған.

Металды шабу, сыналы құрал-сайманмен домалату және суық опыру, қайшы, қалып, бұрау, арамен термиялық металды кесу туралы жалпы мәліметтер берілген. Сонымен бірге, құю қорытпалары, қорамалық және өзектік қоспалар, құймаларды жасау тәсілдерін топтастыру, құмды қорамада құйманы жасау, қабыршықты қорамаға құю, балқытылатын модельдер бойынша құю, темірқорамаға құю, қысыммен құю, центрден теуіп құю, үздіксіз құю, құйманы жасау процестерін механикаландыру және автоматтандыру, құмды- балшықты қорамаға құйманы құюдың технологиялық үрдісі туралы мәліметтер келтірілген.

«Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Металлургия», «Машинажасау» және басқа техникалық мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының бакалаврларына арналған. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының магистранттарына, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және инженер-техникалық қызметкерлеріне, металлургиялық және машина жасау өндірісі кәсіпорындарының инженерлеріне пайдалы болуы мүмкін.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы