Матаев, Ө. Электр тораптары
31.19
М 29
Матаев, Ө.
Электр тораптары [Мәтін] : оқу құралы / Ө. Матаев, Е.
Үмбетқұлов, А. Абдурахманов ; ҚР Білім және ғылым м-гі. – 2-бас.
– Алматы : Альманах, 2021. – 98 б. : сурет.
Электрлендіру, яғни халық шаруашылығының барлық сала- ларында және халық тұрмысында электр энергиясын өндіру, тарату және оны қолдану – техникалық прогрестің маңызды факторы болып табылады. Электрлендірудің негізінде өндіріс дамыды, электр энергиясы ауыл шаруашылығы мен транспортқа енді. Өзара қуатты энергия жүйелеріне біріктірілген ірі аудандық электр станциялары сенімді, жоғары сапалы және арзан электр энергиясымен жабдықтайды, бұған негізгі себеп – электр станцияларды арзан энергия көздері көмір, үлкен өзендердің жанына жайғастыруға болады.
Негізінде ауыл шаруашылығын орталық электрмен жабдықтауға көшіру мәселесі шешілген. Ауылдық елді мекендерде барлық тұрғын үйлердің электрлік кірмесі бар. Электр берілісінің ауа желілерімен түгелдей деуге болады барлық ауылдық елді мекендер қамтылған.
Ауылдық жердегі өндірістік мекемелер және елді мекендерді электрмен жабдықтауының өндіріс пен қалаларды электрмен жабдықтаумен салыстырғанда өзінің ерекшеліктері бар. Олардың бастысы – елдің барлық территориясында жайғасқан салыстырмалы аз қуатты нысандардың үлкен санына электр энергиясын жеткізу қажеттілігі.