Ауыл нақыштары
4я6
А 91
Ауыл нақыштары [Изоматериал] : фотоальбом / [фото авторлары: Қ. Әбілов [т. б.] ; құраст. Қ. Сейітжанов ; «Ауыл» партиясы]. –
Астана : Фолиант, 2025. – 159 б. : фотосурет.
Фотоальбомда «Ауыл» партиясының дәстүрлі «Ауыл нақыштары» фотобайқауының жұмыстары көрініс тапқан. Жинаққа белгілі кәсіби мамандармен бірге әуесқой фотографтардың еңбектері де енді.
Фотожинақта ұлан-байтақ қазақ даласындағы дәстүрлі ауылдың бейнесі, халқымыздың салт-санасы, қолөнері, ауылдағы қарапайым еңбек адамының келбеті, астық алқаптары мен қырдағы қызу еңбек майданы, сондай-ақ бақытты балалық шақтың сәтті сюжеттері көрініс тапқан.
Еліміздің әсем табиғаты мен ұлттық салт-дәстүрі сақталған ауыл өмірін бейнелейтін бұл туынды ел азаматтары мен шетелдік қонақтар үшін танымдық сипаттағы сапалы баспа материалы ретіңде, сондай-ақ фотоөнер саласына қызығушылық танытқан жас мамандарға көрнекі құрал ретінде құнды.
Фотоальбом көпшілік қауымға арналған.